1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
| Продукты: |
|
Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 8 шілдедегі № 121- VIII
Редакция 31.12.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 124-5-бапта:
2-тармақтағы «1) және 3) тармақшаларында» деген сөздер «1) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың бірінші абзацындағы «1) және 3) тармақшаларында» деген сөздер «1) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 129-бапта:
2-тармақ «8,» деген цифрдан кейін «8-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Осы Кодекстің 131-бабының 1, 2 және 3-тармақтарын, 131-1, 144-4 және 157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші:
1) энергетикалық жабдықты пайдалану және оның техникалық жай-күйі, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бөлігінде электр энергетикасы;
2) жылу энергетикасы объектілерін пайдалану және олардың техникалық жай-күйі, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілер бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.»;
17-тармақтың бірінші бөлігі «6,» деген цифрдан кейін «8-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
19-тармақтың бірінші бөлігі «6,» деген цифрдан кейін «8-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
3) 138-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жылу энергетикасы саласында;»;
4) 165-баптың 1-тармағында:
1) тармақша «, ұлттық компаниялар үшін осы нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларға) тиесілі дауыстардың жалпы санының кемінде қырық пайызына билік ету құқығына жол беріледі» деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша «, ұлттық компаниялар үшін осы нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларға) тиесілі дауыстардың жалпы санының кемінде қырық пайызына билік ету құқығына жол беріледі» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 324-бап мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. 124-5-баптың 2 және 3-тармақтары 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.».
1-баптың 2-тармағы осы Заңның 1 баптың 1) тармақшасына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
72-баптың 8-тармағындағы «8. Пайдалы қатты» деген сөздер «8-1. Пайдалы қатты» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
1) 147-бап мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Жұмыс істеп тұрған I санаттағы объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстардың құнына пайдалану аяқталғаннан кейін қоршаған орта құрамдастарына ықтимал теріс әсер ететін жабдықты залалсыздандыруға, бөлшектеуге және құрылысжайларды бұзуға арналған шығыстар енгізілуге тиіс.
Объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстардың құнына кірмеген күрделі құрылыс объектілері (ғимараттар, құрылысжайлар, кешендер) бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес қайта бейіндеу және (немесе) оларды өзгелей пайдалану жөніндегі жоспарлар әзірленуге тиіс.»;
2) 418-баптың 15-тармағындағы «2021» деген цифрлар «2026» деген цифрлармен ауыстырылсын.
4. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспедегі «және жылу» деген сөздер алып тасталсын;
2) 1-бапта:
2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 2-7), 2-8), 2-9), 2-10) және 2-13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) «Авария» режимі – Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің немесе оның жекелеген бөліктерінің орнықты жұмысын сақтау үшін жүйелік оператор енгізетін шара;
2-2) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
2-3) бірыңғай сатып алушы – осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;
2-4) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
2-5) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғы – реттеуші электр қуаты бар генерациялайтын қондырғы;
2-6) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттық) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке олардың жеке тарифтерін айқындауға бағытталған процесс;
2-7) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушы (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттыққа қатысушы) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуден өткен және қатысушы мәртебесін алған заңды тұлға;
2-8) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы) – уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке және онымен үлестес тұлғаларға тиесілі заңды тұлға;
2-9) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша айқындалған тариф;
2-10) генерация-тұтынудың жоспарлы сальдосы – электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік графигінде жүйелік оператор бекіткен, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру мен тұтыну (операциялық тәуліктердің бір сағаты үшін) мәндерінің кВт. сағаттағы айырмасы;»;
«2-13) гибридті топ – электр энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жиынтық үлесі кемінде жиырма бес пайыз болатын, бір энергия торабында орналасқан және уәкілетті орган бекіткен тәртіппен гибридті топтар тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тобы;»;
мынадай мазмұндағы 2-14), 2-15), 2-16), 2-17), 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-14) гибридті топ әкімшісі – гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын осы гибридті топ ішінде тұтынушыларға және (немесе) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында кейіннен өткізу (сату) мақсатында алуды (сатып алуды) жүзеге асыратын, гибридті топқа кіретін, сондай-ақ гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар үшін теңгерім провайдері болып табылатын заңды тұлға;
2-15) гибридті топ тұтынушысы – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын және гибридті топтардың тізбесіне енгізілген тұтынушы;
2-16) диспетчерлік технологиялық басқару – диспетчер жүзеге асыратын және диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау және басқару міндеттерін шешуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қолдануды қажет ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы хабарларын қабылдауға және өндеуге арналған процесс;
2-17) жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – жобаны іске асыру үшін тартылған тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар сомасын қайтаруды және инвестицияланған капиталға рентабельділік нормасын қамтитын, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайынғы индекстеуге немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруін ескеріп жыл сайынғы индекстеуге жататын, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға уәкілетті орган өткізген тендердің қорытындылары бойынша айқындалған тариф;»;