Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 06.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 98-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.
Toggle Dropdown
2. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже;
Toggle Dropdown
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы бекітілсін.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі – ЖҒТК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Toggle Dropdown
2. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі – төраға) басқарады, оның ғылым саласындағы және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдардың бірінші басшылары тұлғасындағы орынбасарлары болады.
Toggle Dropdown
3. ЖҒТК құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, Ұлттық ғылым академиясының басшылары, жетекші ғалымдар, әртүрлі білім салаларының сарапшылары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және республикалық ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Toggle Dropdown
Ғылым саласындағы және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдар ЖҒТК-ның жұмыс органдары болып табылады.
Toggle Dropdown
4. ЖҒТК қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Toggle Dropdown
2-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның міндеттері мен өкілеттіктері
Toggle Dropdown
5. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері:
Toggle Dropdown
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;
Toggle Dropdown
2) ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау;
Toggle Dropdown
3) ғылым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы басым ғылыми зерттеулерді айқындау;
Toggle Dropdown
4) ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын қарау;
Toggle Dropdown
5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке арналған бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру көлемдерін айқындау және ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша бөлу, сондай-ақ технологиялардың әзірлік деңгейін ескере отырып, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру көлемдерін айқындау;
Toggle Dropdown
6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған ғылыми-техникалық тапсырмаларды айқындау;
Toggle Dropdown
7) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін айқындау;
Toggle Dropdown
8) конкурстан тыс бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жөніндегі рәсімдер шеңберінде ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді мақұлдау;
Toggle Dropdown
9) ғылым саласына шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
Toggle Dropdown
10) мемлекеттік ғылыми-технологиялық және инновациялық саясатты іске асыру кезінде ғылымның, білім мен өндірістің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
Toggle Dropdown
11) технологиялық дамудың басымдықтарын және мемлекеттік технологиялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау;
Toggle Dropdown
12) елдің инновациялық және технологиялық дамуы, сондай ақ жасанды интеллектті енгізу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар тұжырымдау;
Toggle Dropdown
13) инновациялық жүйені және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды келісу;
Toggle Dropdown
14) салалық бағыттар бойынша тұжырымдалатын мемлекеттік технологиялық саясатты қарау;
Toggle Dropdown
15) мемлекеттік органдардың технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және салалардағы технологиялық платформаларды, сондай ақ жасанды интеллектті енгізуді ұйымдастыру жөніндегі бастамаларын қарау;
Toggle Dropdown
16) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және осы Ережеде көзделген өзге де міндеттер болып табылады.
Toggle Dropdown
6. ЖҒТК-ның мынадай өкілеттіктері бар:
Toggle Dropdown
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ЖҒТК міндеттерін іске асыру жұмысына мамандар мен сарапшыларды тарту;
Toggle Dropdown
2) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау және ұсыныстар енгізу;
Toggle Dropdown
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан ЖҒТК міндеттерін іске асыруға қажеті материалдарды сұрату және алу;
Toggle Dropdown
4) ЖҒТК міндеттерін іске асыруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшыларын ЖҒТК отырыстарына шақыру, ал олар болмаған жағдайда бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлғаларды тыңдау;
Toggle Dropdown
5) тақырыптық блоктар бойынша ЖҒТК құзыретіне кіретін мәселелерді қарау үшін кіші комиссиялар құру.
Toggle Dropdown
3-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Toggle Dropdown
7. ЖҒТК құрамына:
Toggle Dropdown
1) төраға;
Toggle Dropdown
2) төрағаның орынбасарлары;
Toggle Dropdown
3) хатшы;
Toggle Dropdown
4) ЖҒТК мүшелері кіреді.
Toggle Dropdown
8. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, ЖҒТК отырыстарын өткізеді, оның жұмысын жоспарлайды, ұсыныстарының іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және ЖҒТК жүзеге асыратын қызметке жауапты болады. ЖҒТК төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын өзі тағайындаған ЖҒТК төрағасының орынбасары орындайды.
Toggle Dropdown
9. ЖҒТК хатшысы ЖҒТК мүшесі болып табылмайды және ЖҒТК қызметін қамтамасыз ету жұмысын үйлестіреді, ЖҒТК отырыстарының хаттамаларын дайындайды.
Toggle Dropdown
ЖҒТК хатшысы мүшелерді ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мақұлданған өтінімдер бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының нәтижелері туралы хабардар етеді.
Toggle Dropdown
10. ЖҒТК отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына екі реттен сиретпей өткізіледі.
Toggle Dropdown
11. Жұмыс органы ЖҒТК қызметін қамтамасыз етеді, оның ішінде ЖҒТК жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық жағынан сүйемелдеуді жүзеге асырады, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар отырыс өткізілетін күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын хаттама жобасымен қоса ЖҒТК мүшелеріне жіберіледі.
Toggle Dropdown
ЖҒТК отырыстарының күн тәртібіне толықтырулар мен өзгерістер енгізілген жағдайда оның мүшелеріне ЖҒТК өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күн бұрын хабарланады.
Toggle Dropdown
Жұмыс органы Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы жүргізген бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-техникалық тапсырмалардың сараптамасы нәтижелері туралы ЖҒТК-ны хабардар етеді.
Toggle Dropdown
12. ЖҒТК мүшелері алдағы отырысқа өздерінің қатысатын немесе қатыспайтын (себептерін көрсете отырып) 1 (бір) жұмыс күні ішінде растайды.
Toggle Dropdown
13. ЖҒТК мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, отырыс заңды деп есептеледі. Кворум болмаған жағдайда ЖҒТК отырысы 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылады.
Toggle Dropdown
14. Бетпе-бет отырыс өткізілген жағдайда ЖҒТК шешімдері отырысқа қатысып отырған ЖҒТК мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Toggle Dropdown
Төтенше жағдай режимі жарияланған кезде немесе төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою кезінде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде шұғыл сипаттағы мәселелер бойынша ЖҒТК мәселелерін қарау сырттай жүргізіледі және, егер олар үшін ЖҒТК мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Toggle Dropdown
ЖҒТК отырысын бетпе-бет және (немесе) сырттай форматта өткізілген кезде дауыс беру осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру арқылы жүргізіледі.
Toggle Dropdown
ЖҒТК мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда ЖҒТК төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Toggle Dropdown
ЖҒТК мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол жазбаша түрде баяндалуға және ЖҒТК отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс.
Toggle Dropdown
ЖҒТК-ның бетпе-бет және сырттай (дауыс беру парақтарының негізінде) отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде төраға мен хатшы қол қоятын хаттама жасалады.
Toggle Dropdown
Сырттай отырыстың дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген кезде ЖҒТК хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясымен бірге жаңартылған дауыс беру парағын ЖҒТК мүшелеріне келісуге жібереді.
Toggle Dropdown
ЖҒТК мүшелері сырттай отырыстың дауыс беру парағын алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде келісетіні не себептерін негіздей отырып, келіспейтіні туралы жауап жібереді.
Toggle Dropdown
15. ЖҒТК-ның өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында қабылданған шешімдерін барлық мемлекеттік органдар міндетті түрде қарап, көрсетілген мерзімде орындауға тиіс.
Toggle Dropdown
16. ЖҒТК дауыс беру парақтары қоса берілген ЖҒТК материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды ЖҒТК-ның жұмыс органы жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің жанындағы
Жоғары ғылыми-техникалық
комиссия туралы ережеге
қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия мүшесінің дауыс беру парағы
Toggle Dropdown
__________________________________________________________________ Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы/атағы
Toggle Dropdown
№________ отырыс күні: ________
Toggle Dropdown
|
Мәселенің
№
|
Мәселенің мазмұны
|
Шешім жобасы
|
Комиссия мүшесінің шешімі
|
|
|
|
|
қолдаймын
|
қолдамаймын
|
ерекше пікір
(шешімді қолдаса, толтырмайды)
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
1.
|
|
|
|
|
|
Toggle Dropdown
____________________________ Қолы
Toggle Dropdown
Ескертпе: тікелей Комиссия отырысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін хатшыға беріледі.
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 7 қазандағы
№ 826 қаулысына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төрағаның орынбасары.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы, хатшы.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
Toggle Dropdown
7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі.
Toggle Dropdown
8. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі.
Toggle Dropdown
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары.
Toggle Dropdown
10. Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі.
Toggle Dropdown
12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі.
Toggle Dropdown
13. Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Toggle Dropdown
14. Қазақстан Республикасының Көлік министрі.
Toggle Dropdown
15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.
Toggle Dropdown
16. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
Toggle Dropdown
17. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
Toggle Dropdown
18. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі.
Toggle Dropdown
19. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі.
Toggle Dropdown
20. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі.
Toggle Dropdown
21. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі.
Toggle Dropdown
22. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі.
Toggle Dropdown
23. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.
Toggle Dropdown
24. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі.
Toggle Dropdown
25. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.
Toggle Dropdown
26. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
27. Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
28. Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
29. Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі.
Toggle Dropdown
30. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
31. «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
32. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымының президенті (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
33. «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
34. Ақшолақов Серік Қуандықұлы – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
35. Әбсәметов Мәліс Құдысұлы – «У.М. Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
36. Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы – «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
37. Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, тарих ғылымдарының докторы (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
38. Наметов Асқар Мырзахметұлы – «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы – ректоры, ветеринария ғылымдарының докторы (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
39. Сахиев Саябек Қуанышбекұлы – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
40. Хикметов Асқар Құсыпбекұлы – «Astana IT University» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы – ректоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
41. «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
42. «Еуразиялық топ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
43. «Qarмet» акционерлік қоғамының бас директоры (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
44. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
45. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
46. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
47. «QazaqGaz» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
48. «KAZ Minerals Management» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
49. Ахмад Вакар – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының президенті (келісу бойынша).
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы « »
№ қаулысына
3-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Toggle Dropdown
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысы.
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 47 қаулысы.
Toggle Dropdown
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1445 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiне енгізілетін өзгерістердің 30-тармағы.
Toggle Dropdown
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 1489 қаулысы.
Toggle Dropdown
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 358 қаулысы.
Toggle Dropdown
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 49-тармағы.
Toggle Dropdown
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 43-тармағы.
Toggle Dropdown
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 394 қаулысы.
Toggle Dropdown
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 885 қаулысы.
Toggle Dropdown
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 341 қаулысы.
Toggle Dropdown
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылға 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 214 қаулысы.
Toggle Dropdown
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы» 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 697 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
Toggle Dropdown
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 386 қаулысы.
Toggle Dropdown
14. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 624 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
Toggle Dropdown
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 603 қаулысы.
Toggle Dropdown
16. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.
Toggle Dropdown
17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.
Toggle Dropdown
18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 329 қаулысы.
Toggle Dropdown
19. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 846 қаулысы.
Toggle Dropdown
20. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағы.
Toggle Dropdown
21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 635 қаулысы.
Toggle Dropdown
22. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 қарашадағы № 1005 қаулысы.
Toggle Dropdown
23. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 218 қаулысы.