• Менің таңдаулыларым

Отправить по почте

5

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
1
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 9 қазандағы
№ 687 бұйрығына 1-қосымша
1
1. Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1
2. Қағидалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
3. Осы Қағидаларда Заңның 3-бабында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылық көрсеткіші – осы Қағидалардың 275-тармағында айқындалған тәртіппен қолданылатын Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес интеграциялау жолымен алынған мемлекеттік кірістер органдарының немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім берушінің тиісті уәкілетті органының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-порталда автоматты түрде айқындалатын әлеуетті өнім берушінің кірістері, төленген салықтары және еңбегіне ақы төлеу қоры бойынша көрсеткіштердің жиынтығы (бұдан әрі-Мемлекеттік кірістер органдары);
2) бастапқы баға – әлеуетті өнім беруші аукцион өткізілгенге дейін ұсынған, аукционға қатысуға өтінімге қоса берілетін, аукцион нысанасының бөлінген сомасынан бес пайыздан аспайтын баға;
3) бірыңғай сатып алу платформасы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі, ол мемлекеттік сатып алудың және «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне қол жеткiзудiң бірыңғай нүктесiн ұсынады;
4) веб-порталға қатысушы – Заңның 16-бабы 3-тармағының 3), 6), 22), 23) және 25) тармақшаларға сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі өнім берушілерді қоспағанда, веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші;
5) веб-порталда тіркелу – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісін веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберу;
6) дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғалар. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызының әрбір кейінгі үлестес тұлғаға тиесілі болатынын білдіреді;
7) демпингтік баға – осы Қағидаларда айқындалатын шекті мәннен төмен болып табылатын әлеуетті өнім беруші ұсынған баға;
8) жеке кабинет – мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, сатып алуға қатысуларын, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған автоматтық хабарламалар мен мәліметтерді алуды жүзеге асыруға арналған пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;
9) конкурстық комиссия (аукциондық комиссия) – Заңда көзделген конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу үшін ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы құратын алқалы орган. Конкурстық комиссия (аукциондық комиссия) тақ саннан, бірақ кемінде үш адамнан тұруы тиіс;
10) қазынашылық сүйемелдеу – құрылыс объектілері бойынша құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, қазынашылық органдарындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде жобаның барлық қатысушыларының – бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің салықтарды төлеуінің толықтығын қамтамасыз етуді бақылау;
11) құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
12) құнның ірілендірілген көрсеткіштері – конструктив пен жұмыс түрлерінің өлшем бірлігіне конструктивтік элементтердің сметалық құнының ірілендірілген көрсеткіштері;
13) мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс тәжірибесінің тізілімі (бұдан әрі – жұмыс тәжірибесінің тізілімі) – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35143 болып тіркелген) (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидалары) айқындалған тәртіппен веб-порталда қалыптастырылатын, әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын электрондық деректер базасы;
14) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;
15) толық бітіріп берілетін құрылыс туралы шарт – жобалау, іздестіру, құрылыс-монтаждау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу) жұмыстарын және басқа да жұмыстарды орындауды, сондай-ақ жобалар мен көрсетілетін техникалық қадағалау қызметтеріне ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді қоспағанда, көрсетілген жұмыстарға ілеспе тауарларды беруді және қызметтер көрсетуді қамтитын, объектіні салу және оны пайдалануға беру жөніндегі кешенді жұмыстар нысанасы болып табылатын, шарт;
16) төленген салықтардың көрсеткіші – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша, осы Қағидалардың 57-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес есептелетін алдыңғы жылдың алдындағы үш жылдың ішінде әлеуетті өнім берушінің кірістерінің сомасына төленген салықтардың сомасының пайыздық қатынасы;
17) уәкілетті өкіл – веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталда барлық іс-қимылдарды атқаруға, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық құжаттардың көшірмелерін куәландыруға уәкілеттілік берілген веб-порталға қатысушының қолданушысы;
18) форматтық-логикалық бақылау – веб-порталда белгіленетін, веб-порталды пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық шектеулер кешені;
19) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
20) электрондық сауда алаңы – уәкілетті органмен келісім бойынша бірыңғай оператор айқындайтын талаптарға сәйкес келетін, сатып алуға қатысушыларға электрондық дүкен арқылы веб-порталдың қызметтеріне қолжеткізуді ұсынатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйе;
20-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 09.12.2024 жылғы № 809 Бұйрығына сәйкес (09.10.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
21) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
4. Осы Қағидаларда пайдаланатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолданылады.
5. Осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді мемлекеттік сатып алудың бекітілген немесе нақтыланған жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспары) негізінде қабылдайды.
6. Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Арнайы мемлекеттік қорынан бөлінген ақша немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 28.07.2025 жылғы № 396 Бұйрығына сәйкес (14.07.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бұл ретте, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мерзімдері мен көлемі белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық ұсыныста, техникалық-экономикалық негіздемеде, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көрсетілген қаржыландыру мерзімдері мен көлемдеріне сәйкес келуге тиіс.
7. Тиісті бюджеттік комиссияның оң ұсынысы негізінде тапсырыс беруші тиісті бюджет бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы.
Мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар болып табылатын тапсырыс берушілер даму жоспары немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілгенге дейін мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын әзірлеуге және бекітуге құқылы.
Көрсетілген жағдайларда мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілгенге дейінгі сатыларда да, нақтыланғанға дейінгі сатыларда да жеке әзірленеді және бекітіледі.
8. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітілгенге (нақтыланғанға) дейін қолданылады.
9. Мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында көзделген мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына ауысады.
10. Тапсырыс беруші тиісті бюджет (даму жоспары) немесе жеке қаржыландыру жоспары бекітілген (нақтыланған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекітеді (нақтылайды).
1
11. Заңның 16-бабы 3-тармағының 3), 6), 22), 23) және 25) тармақшаларға сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілуге жатпайды.