БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

« Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 404 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 28 қазандағы № 717 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 қазанда № 35290 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 09.10.2025 жылғы № 586 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде орманды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы, өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы №404 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16707 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, су пайдаланудың белгіленген лимиттері, су пайдаланудың рұқсаттары мен лимиттеріне енгізілген өзгерістер туралы, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелері, Қазақстан Республикасының су заңнамасының сақталуын тексерулер нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде өсімдік және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы, өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтер нысандарын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 566-бабының 3-тармағына, 580-бабының 4-тармағына, 584-бабының 4, 4-1 және 5-тармақтарына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
3) және 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес табиғи ортадан өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы шешім қабылданған кезде өсімдік және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтер нысаны;
5) тармақша алып тасталсын;
1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2024 жылғы 28 қазандағы № 717 бұйрыққа 1 қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 наурыздағы № 404 бұйрығына 1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысаны https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin интернет-ресурсына орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Су ресурстарын және жер үсті көздерін пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері, олардың орналасқан жері, арнайы су пайдалануға берілген рұқсаттар, белгіленген су пайдалану лимиттері, рұқсаттар мен су пайдалану лимиттеріне енгізілген өзгерістер, Қазақстан Республикасы су заңнамасының сақталуына тексеру нәтижелері, Қазақстан Республикасы су заңнамасының сақталуына тексеру нәтижелеріне шағым жасау бойынша сот шешімдері туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1– СРЖҮКПТТССО.
Кезеңділігі: тоқсандық.
Есепті кезең: 20__ жылғы тоқсан.ю
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органның өңірлік органдары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-і кешіктірмей.
|
ЖСН/БСН: |
|
Жинау әдісі – электронды түрде.
|
№ |
Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) |
бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі |
Заңды тұлғаның орналасқан заңды мекенжайы немесе жеке тұлғаның тұрғылықты жері |
Әкімшілік-аумақтық объектілердің сыныптауыш коды |
Рұқсат құжатының нөмірі және күні |
Рұқсаттың қолданылу мерзімі |
Су пайдаланудың жері |
Өзен бассейні |
Арнайы су пайдаланудың түрі |
Су пайдаланудың мақсаты |
Төлем ақы мөлшерлемесі, тиын (теңге) |
Есепті жылда, айда су пайдалану кезеңі |
Су пайдаланудың өлшем бірлігі (текше метр, киловатт сағат, тонна, тонна/километр) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
|
|
ЖИЫНЫ: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
кестенің жалғасы
|
Рұқсат берілген құжаттар бойынша мәлімет |
Рұқсат құжаттарсыз арнайы су пайдалану бойынша мәліметтер |
|||
|
су пайдалануға рұқсат етілген көлем |
су пайдаланудың нақты көлемі |
рұқсат құжаттарсыз алынған судың нақты көлемі |
әкімшілік жауаптылыққа тарту күні (құқық бұзушылық жасаған кезең) |
мемлекеттік органның әрекетіне шағымдану нәтижесі (жоғары тұрған орган, прокуратура, сот) |
|
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
Мекенжайы ______________________________________________________
Телефоны ________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________
_________________________________________ ____________________
_________________________________________ (қолы, мөрінің орны)
(су қорын пайдалану және қорғау,
сумен жабдықтау, су бұру саласындағы
уәкілетті органның өңірлік органы
басшының немесе оны алмастыратын
адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
________________________________________________ ______
(мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адамның (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |