• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 21 қарашадағы № 136-VIII

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі:
14) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14) кассациялық саты – істі бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың үкімдеріне, қаулыларына кассациялық шағымдар, ұсынулар, наразылықтар бойынша қарайтын сот;»;
33) тармақтағы «, ал кассациялық сатыда – заңды күшіне енген сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш» деген сөздер алып тасталсын;
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі:
2) 47-баптың төртінші бөлігіндегі «соттың қызметін материалдық-техникалық және өзге де жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі: 
3) 51-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот (бұдан әрі – кассациялық сот);»;
«алқалы сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың бірінің төрағалық етуiмен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьяларының» деген сөздер «сот төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуiмен судьялардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот актілерінің күшін жойған және істі жаңадан қарауға жіберген жағдайларда кассациялық саты істі сот төрағасының төрағалық етуімен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамымен қарайды.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Істерді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының не оның тапсырмасы бойынша судьялардың біреуінің төрағалық етуiмен судьялардың тақ санды (кемінде бес) алқалы құрамында жүргізіледі.»;
үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қылмыстық iстi бiрiншi сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья бұл iстi апелляциялық, кассациялық сатылардағы сотта қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды, сол сияқты өзінің қатысуымен шығарылған үкімнің немесе істі тоқтату туралы қаулының күші жойылған жағдайда істі бірінші сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды.
4. Істi апелляциялық сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған апелляциялық үкімнің, қаулының күші жойылғаннан кейін осы істі бірінші және апелляциялық сатыларда қарауға, сондай-ақ істі кассациялық сатыда қарау кезінде, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды.
5. Істi кассациялық сатыдағы сотта қарауға қатысқан судья өзінің қатысуымен қабылданған қаулының күші жойылғаннан кейін бұл iстi бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды.
6. Iстi алдыңғы сот сатыларында қарауға қатысқан судья сол істі кассациялық сатыда қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатыса алмайды. Істі кассациялық сатыда қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатысқан судья сол істі төмен тұрған сатылардағы соттарда қарауға қатыса алмайды.
7. Істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы сотта қарауға, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде қатысқан судья осы істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарауға қатыса алмайды.»;
он екінші бөліктегі «өтінішхатқа» деген сөз «кассациялық шағымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 127-баптың бірінші бөлігі «өзгертуге» деген сөзден кейін «, істі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау кезінде» деген сөздермен толықтырылсын;
7) мынадай мазмұндағы 310-1-баппен толықтырылсын:
«310-1-бап. Кассациялық соттың соттылығына жататын қылмыстық істер
1.  Кассациялық сот:
1) бірінші сатыдағы соттардың үкімдері, қаулылары апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін оларды қайта қарау туралы кассациялық шағымдарды, апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдерін, қаулыларын;
2) бірінші сатыдағы соттың үкімдері мен қаулыларына олардың апелляциялық сатыда қайта қаралғанына не қаралмағанына қарамастан, апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылықтарын қарайды.
2. Осы Кодексте көзделген негіздер бойынша кассациялық сот өзінің соттылығына жатқызылған істер бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді қозғау туралы өтінішхаттарды қарайды.»;
8) 313-бап алып тасталсын;
9) 347-баптың тоғызыншы бөлігіндегі «соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 347-1-баптың бесінші бөлігіндегі «соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 370-баптың тоғызыншы бөлігіндегі «соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган» деген сөздер «сот әкімшілігі саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі: 
12) 52-тараудың тақырыбындағы «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кассациялық тәртіппен қайта қарауы» деген сөздер «кассациялық тәртіппен қайта қарау» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Жоғарғы Сот бірінші сатыдағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға өтінішхаттар» деген сөздер «Кассациялық сот бірінші сатыдағы соттар шығарған, заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларға кассациялық шағымдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«кассациялық тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
2027 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі: 
екінші бөліктің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сот бұйрықтық, келісімдік іс жүргізуде немесе осы Кодекстің 382-бабында көзделген тәртіппен қараған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша;»;
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі: 
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: