• Мое избранное
«Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 456 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 12 желтоқсанда № 35477 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10531 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-баптың 1-тармағының 1) тармақшасына, 3-тармақтың 1), 2), 6), 8), 9), 10), 12), 13) тармақшаларына, 19-1-баптың 4, 5, 7-тармақтарына және «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 275) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық:
1) Қағидалардың 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 114-тармақтың төртінші бөлігін және 115-тармақтың екінші бөлігін;
2) Қағидалардың 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 23-тармақты және 29-тармақтың екінші бөлігін қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 30 желтоқсанға дейін тоқтатылсын:
1) осы бұйрықтың 58-тармағының 1) және 2) тармақшалары тоқтата тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып:
«1) кепілдік беретін жеткізушілер болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын сатып алуының тәуліктік көлемінің құнына,
2) электр энергиясын кепілдік беретін жеткізушілер болып табылмайтын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне алдын ала төлем көлемінің және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының осы субъектілер үшін электр энергиясын сатып алуға арналған тәуліктік шығыстарының айырмашылығына байланысты бірыңғай сатып алушының кірістері мен шығыстарының тәуліктік көлемдері айырмасының модулі (егер көрсетілген айырма оң болса, бұл құраушы нөлге тең (нөлден артық), электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға операциялық тәуліктерге электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері тәулік сайын алмайды, бұл ретте алмау пропорциясы аталған барлық субъектілерде бірдей болады.»;
2) Қағидаларға 1-қосымшаның 11-тармағы тоқтата тұру кезеңінде осы тармақты мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып:
«11. Атаулы қолдау алушылардың тізіміне енгізілген Сатып алушы үшін нақты төлем атаулы қолдау алушылардың тізіміне енгізілген осы субъект үшін осы сағатқа көрсетілген электр энергиясын сатып алуға арналған баға бойынша жүргізіледі.».
Қағидалардың 4-тармағының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын, тоқтата тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгілей отырып:
«4. Энергия өндіруші ұйымдар, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар және қайталама энергия ресурстарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясының көтерме сауда нарығында (электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне) электр энергиясын сатуды жүзеге асырады.»
Бұл ретте энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясының бөлшек сауда нарығында (электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілеріне) электр энергиясын сатуды жүзеге асырады.».
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы Е. Аккенженов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәскелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 456
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 20 ақпандағы
 №106__ бұйрығымен
бекітілген
Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары
  • 1
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 275) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясын бірыңғай сатып алушының кезінде электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының басқа елдердің энергия өндіруші ұйымдарынан және электр энергиясын жеткізушілерден (өндірушілерден) электр энергиясын сатып алу, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының көтерме сауда нарығының ішкі субъектілеріне және басқа елдердің тұтынушыларына сату, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға арналған болжамды бағаларын айқындау, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының көтерме сауда нарығы тұтынушылары үшін тарифтерді саралау арқылы атаулы қолдауды жүзеге асыру, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шартты тұтынушылар мен гибридті топ әкімшісінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алу бағалары мен көлемдерін есептеу, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған шығындарды бөлу, электр энергиясының шекті тарифтерге сағаттық мөлшерлемелерін, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын бірыңғай сатып алушысына сатып алынған электр энергиясына ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын және энергия өндіруші ұйымдардан сатып алынған электр энергиясына ақы төлеу тәртібі мен мерзімдерін айқындау, цифрлық майнерлер үшін электр энергиясына квотаны айқындау тетігін, электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия беруші ұйымдармен электр энергиясын беруге және электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу туралы шарттар жасасу жағдайлары мен тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) атаулы қолдау алушылардың тізімі – табиғи монополия саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын тізім, оған электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тұтынушыларды энергиямен жабдықтау мақсатында ғана электр энергиясын сатып алуға жеке бағалар қолданылатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері енгізіледі;
2) базалық баға – цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асырмайтын және атаулы қолдау алушылардың тізіміне енгізілмеген электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне, сондай-ақ шартты тұтынушылар болып табылатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын бірыңғай сатып алушы электр энергиясын тиісті сағатқа сататын баға ей;
3) гибридті топ - электр энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жиынтық үлесі кемінде жиырма бес пайыз болатын, бір энергия торабында орналасқан және уәкілетті орган бекіткен тәртіппен гибридті топтар тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тобы;
4) гибридті топ әкімшісі – гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын осы гибридті топ ішінде тұтынушыларға және (немесе) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында кейіннен өткізу (сату) мақсатында алуды (сатып алуды) жүзеге асыратын, гибридті топқа кіретін, сондай-ақ гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар үшін теңгерім провайдері болып табылатын заңды тұлға;
5) гибридті топтың тұтынушысы - электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын және гибридті топтардың тізбесіне енгізілген тұтынушы;
6) жасыл тариф -– Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10622 болып тіркелген) сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы белгілейтін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатуына арналған тариф;
7) жасыл энергияны тұтынушы -– электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын жасыл тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі;
8) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу - қаржы орталығы (бұдан әрі – есеп айырысу-қаржы орталығы) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған, 2023 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болған жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер және қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының тарапы болып табылатын заңды тұлға;
9) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар – жасыл энергия тұтынушыларға тиесілі шығындарды шегергенде, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға арналған электр энергиясын бірыңғай сатып алушының шығындары, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын тиісті шығындар, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жұмсалған шығындар (кірістерді шегергенде), резервтік қорды қалыптастыруға арналған шығындар және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;
10) майнингтік баға – цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектісі электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын тиісті сағатқа сатып алатын цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша айқындалған баға;
11) мәміле бағасы – энергия өндіруші ұйымдарға арналған орталықтандырылған сауда-саттық барысында айқындалған электр энергиясының бағасы, ол бағамен электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі тиісті сағатқа электр энергиясының бірыңғай сатып алушысына электр энергиясын сатады;
12) теңгерімдеуші нарық жүйесі – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің сатып алуға өтінімдер және сатуға өнімдер беруіне, электр энергиясының өндіру-тұтынудың тәуліктің кестесін қалыптастыруға, цифрлық майнерлер үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарының көлемін айқындауға, энергия өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттықтарының көлемін айқындауға, бекітілген тәуліктік кестеге жүйелік оператормен келісілген түзетулер енгізуге, электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты мәндерін қалыптастыруға, электр энергиясының сағат сайынғы теңгерімсіздіктерін есептеуге, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сатудың сағат сайынғы бағаларын, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алудың (сатудың) және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алудың (сатудың) сағат сайынғы бағаларын есептеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
13) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
14) ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беру жөніндегі көрсетілетін қызмет – жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне және басқа мемлекеттердің ұйымдарына «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған тәртіппен көрсетілетін қызмет;
15) ұлттық электр желісін пайдалану жөніндегі көрсетілетін қызмет -Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру саласына жататын, осы Заңда айқындалған тәртіппен жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне көрсететін, ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет;
16) цифрлық майнерлерге арналған электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы – цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері қатысатын орталықтандырылған сауда операторы жүргізетін электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы;
17) шартты тұтынушы – өзімен бірге адамдардың бір тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алатын көтерме тұтынушы, «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалатын өнеркәсіптік кешен және білікті тұтынушы;
18) шартты тұтынушылардың тізбесі – «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 489 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17923 болып тіркелген) бекітілген Тұлғалар топтарының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес уәкілетті орган қалыптастыратын және жаңартып отыратын және электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға жіберілетін заңды тұлғалардың тізбесі.ыыы
19) электр энергиясын бірыңғай сатып алушы – электр энергиясының жоспарлы көлемдерін орталықтандырылған сатып алуды және орталықтандырылған сатуды жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
20) электр энергиясын сатып алу-сату шарты – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері арасында электр энергиясының жоспарлы көлемдерін сатып алуға (сатуға) жасалатын шарт;