Toggle Dropdown
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 және «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы» 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 18 желтоқсандағы № 736 Жарлығы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелердi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығында:
«5. Сот жюриі он үш судьядан – аудандық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі – аудандық сот) төрт судьясынан, облыстық және оларға теңестірілген соттардың (бұдан әрі – облыстық сот) бес судьясынан және Жоғарғы Соттың төрт судьясынан тұрады. Сот жюриіне кеңесші дауыс құқығы бар заңгерлер қауымының екі өкілі де кіреді.
Судьялар Сот жюриінің құрамына Конституциялық заңның 22-бабының 2-1-тармағына сәйкес Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысының ұсынымы бойынша тағайындалады, ал заңгерлер қауымының өкілдерін ұйымдардың жарғысына сәйкес олардың ұсынымы бойынша Жоғары Сот Кеңесі үш жыл мерзімге тағайындайды.
Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысында ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы судьялар арасынан ең көп дауыс жинаған кандидат сайланған болып есептеледі.
6. Сот жюриінің құрамына негізгі мүшелерден басқа, судьялар қатарынан Сот жюриінің запастағы мүшелері, сондай-ақ заңгерлер қауымының өкілдері сайланады.
Сот жюриінің запастағы мүшесі, кворумның болмауына әкеп соққан Сот жюриінің мүшесіне қарсылық білдірілген немесе олар өздігінен бас тартқан, Сот жюриі мүшесінің біреуі шығып қалған жағдайларда Сот жюриі мүшесінің міндеттерін атқаруға кіріседі, сондай-ақ Конституциялық заңға сәйкес Сот жюриінің құрамына жаңа мүшелерді тағайындау қажет болған жағдайда өкілеттіктердің қалған мерзімінде Сот жюриі мүшесінің міндеттерін атқарады.
Егер запастағы мүшелерінің резерві таусылса, Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қалған мерзімге қосымша сайлау өткізіледі.
Сот жюриінің құрамы мен запастағы мүшелерінің кандидатураларын Жоғарғы Сот Кеңесі бекітеді.
Жоғары Сот Кеңесі Сот жюриінің құрамына кандидатураларды уәжді шешімімен қабылдамауға құқылы.
7. Судьялар қатарынан Сот жюриінің, сондай-ақ судьялар қатарынан Сот жюриінің запастағы мүшелерінің құрамына ұсынылатын адамдардың кәсіби деңгейі жоғары, мінсіз беделі, судьялар қауымы арасында беделге ие және кемінде он жыл судьялық жұмыс өтілі болуға тиіс.
Заңгерлер қауымы өкілдерінен Сот жюриінің, сондай-ақ заңгерлер қауымы өкілдерінен Сот жюриінің запастағы мүшелерінің құрамына ұсынылатын адамдардың кәсіби деңгейі жоғары, мінсіз беделі және заңгерлік мамандық бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.
8. Сот жюриінің құрамына сот төрағалары және сот алқаларының төрағалары, Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері, Судья әдебі жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның, Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның мүшелері – судьялар сайлана алмайды.»;
«1-1) судьялар арасынан Сот жюриінің мүшелеріне тәртіптік істер мен материалдарды баяндау үшін бөледі;»;
«Сот жюриі отырыстарының уақытында оның мүшелері басқа міндеттерді орындаудан босатылады және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отырыс өткізілетін жерге іссапарға жіберіледі.»;
«1) Сот жюриінің мүшесін лауазымынан босатылуы, оның ішінде Сот жюриінің құрамына кандидатты ұсынған ұйымның құрамынан шығарылуы, Сот жюриінің құрамына кіретін судьяның өкілеттігінің тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы;»;
«17. Судья тәртiптiк жауаптылыққа:
1) сот iстерi мен материалдарын қарау кезiнде заңдылықты өрескел бұзғаны үшiн тартылуы мүмкін.
Заңдылықты өрескел бұзу деп судья өзінің адал болмауы немесе ұқыпсыздығы салдарынан жол берген, заңды анық және елеулі түрде бұзуы түсініледі.
Заңдылықтың өрескел бұзылу фактісін осы негіз бойынша сот актісінің күшін жойған немесе өзгерткен жоғары тұрған сот сатысы анықтайды және істі қараған судьялардың алқа құрамы қол қойған, судьяны заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі жөніндегі ұсынуда көрсетіледі.
Дәлелдемелерді бағалауға байланысты сот актісінің күшін жою немесе оны өзгерту заңдылықты өрескел бұзу болып табылмайды.
Судьяны заңдылықты өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі бойынша ұсыну жоғары тұрған сот сатысының сот актісімен бір мезгілде шығарылады.»;
«19. Судьялық қате, сондай-ақ сот актiсiнiң күшiн жою немесе оны өзгерту, егер заңдылықтың өрескел бұзылу фактісі анықталмаса, судьяның жауаптылығына алып келмейді.»;
екінші абзац алып тасталсын;
«21. Сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі бойынша жоғары тұрған сот сатысының ұсынуы сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяға қатысты материалдарды Сот жюриінің қарауына негіз болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 21-1, 21-2, 21-3, 21-4, 21-5, 21-6, 21-7 және 21-8-тармақтармен толықтырылсын:
«21-1. Сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі бойынша жоғары тұрған сот сатысының ұсынуы судьяның дәлелді себеппен жұмыста болмаған уақытын есептемегенде заңдылықты өрескел бұзу фактісі анықталған күннен бастап бір ай ішінде:
1) аудандық соттың судьясына, төрағасына немесе облыстық соттың судьясына қатысты – облыстық соттың жалпы отырысына;
2) облыстық соттың төрағасына және сот алқасының төрағасына, Жоғарғы Соттың судьясына немесе сот алқасының төрағасына қатысты – Жоғарғы Соттың жалпы отырысына талқылауға шығарылады.
Талқылаудың қорытындысы бойынша облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысы Сот жюриіне сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту немесе тартпау туралы ұсыным беру туралы шешім қабылдайды.
21-2. Сот істері мен материалдарын қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяға қатысты материалдар осы Ереженің 21-1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының шешімі қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Сот жюриіне жолданады.
21-3. Судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшiн судьяға қатысты материалдарды Сот жюриінің қарауына:
1) Судья әдебі жөніндегі комиссиялардың судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде судьяның әрекетін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы, сондай-ақ тексеру қорытындылары бойынша судьяның судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасау фактісі расталған масс-медиадағы, онлайн-платформалардағы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде мәліметтер бойынша шешімдері;
2) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы негіз болып табылады.
21-4. Судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық Судья әдебі жөніндегі комиссия туралы ережеде көзделген тәртіппен және мерзімдерде Судья әдебі жөніндегі комиссияның талқылауына шығарылады.
21-5. Осы Ереженің 21-3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін судьяға қатысты материалдар Сот жюриіне – Судья әдебі жөніндегі комиссияның шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде, бірақ Конституциялық заңның 42-бабының 1-тармағында көзделген тәртіптік іс жүргізуді бастаудың мерзімдері өткенге дейін бір айдан кешіктірмей, ал осы шешімге шағым берілген жағдайда судьялар бірлестігінің органы Судья әдебі жөніндегі комиссияның судьяға қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы шешімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім шығарғаннан кейін он жұмыс күні ішінде, бірақ Конституциялық заңның 42-бабының 1-тармағында көзделген тәртіптік іс жүргізуді бастаудың мерзімдері өткенге дейін бір айдан кешіктірмей жолданады.
Осы Ереженің 21-3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуына судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін судьяға қатысты материалдар қоса беріледі.
21-6. Өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін сот төрағасына немесе соттың сот алқасының төрағасына қатысты материалдарды Сот жюриінің қарауы үшін:
1) лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік іс жүргізу шеңберінде сот төрағасының немесе соттың сот алқасы төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру туралы облыстық соттардың және Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарының шешімдері;
2) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы негіз болып табылады.
21-7. Сот төрағасының немесе соттың сот алқасы төрағасының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мәліметтер бойынша Жоғарғы Сот немесе облыстық сот олар түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде тексеру жүргізеді.
Тәртіптік теріс қылық жасаудың нақты мән-жайларын анықтау үшін тексеру жүргізу мерзімі Жоғарғы Сот Төрағасының, облыстық сот төрағасының дәлелді шешімімен дәл сол мерзімге ұзартылуы мүмкін, ол туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берген жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрі – өтініш беруші) хабарланады.
Оған қатысты тексеру жүргізіп жатқан сот төрағасы немесе сот алқасының төрағасы дәлелді себептер бойынша жұмыста болмаған кезеңде, тексеру жүргізу мерзімі ол жұмысқа шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.
Тексеру нәтижелері бойынша Жоғарғы Сот немесе облыстық сот тексеру барысында анықталған фактілер мен мән-жайларды және сот төрағасының немесе соттың сот алқасы төрағасының әрекеттерінде оның лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты тәртіптік теріс қылық белгілерінің болуы немесе болмауы туралы тұжырым көрсетілетін қорытынды жасайды.
Оған қатысты тексеру жүргізілген сот төрағасы немесе соттың сот алқасының төрағасы қорытындымен танысады, бұл оның қолхатымен куәландырылады. Сот төрағасы немесе соттың сот алқасының төрағасы Сот жюриіне жолданатын материалдармен танысқаның растаудан бас тартқан жағдайда уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері тиісті акт жасайды, ол материалдарға қоса тіркеледі.
Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жасалған күннен бастап бір ай ішінде ол:
1) аудандық соттың төрағасына қатысты – облыстық соттың жалпы отырысына;
2) сот алқасының төрағасына, облыстық соттың төрағасына немесе Жоғарғы Соттың сот алқасының төрағасына қатысты – Жоғарғы Соттың жалпы отырысына талқылауға шығарылады.
Талқылаудың қорытындылары бойынша облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысы тәртіптік іс жүргізу шеңберінде сот төрағасының немесе сот алқасы төрағасының әрекеттерін тексеру үшін оған қатысты материалдарды Сот жюриіне беру не беруден бас тарту туралы шешім шығарады.
21-8. Осы Ереженің 21-6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін сот төрағасына немесе соттың сот алқасының төрағасына қатысты материалдар облыстық соттың немесе Жоғарғы Соттың жалпы отырысының тиісті шешімі қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде, бірақ Конституциялық заңның 42-бабының 1-тармағында көзделген тәртіптік іс жүргізуді бастаудың мерзімдері өткенге дейін бір айдан кешіктірмей Сот жюриіне жолданады.
Осы Ереженің 21-6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуына өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін сот төрағасына немесе соттың сот алқасының төрағасына қатысты материалдар қоса беріледі.»;
22-тармақ алып тасталсын;
«23. Облыстық соттың төрағасына, Жоғарғы Соттың судьясына, сот алқасының төрағасына қатысты тәртіптік іс жүргізу шеңберінде материалдарды жинау, олардың толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүктеледі.
Аудандық соттың судьясына, төрағасына, облыстық соттың судьясына және сот алқасының төрағасына қатысты тәртіптік іс жүргізу шеңберінде материалдарды жинау, олардың толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жүктеледі.
Судья барлық материалдармен оларды Сот жюриіне жолданғанға дейін танысып, өз қолымен растауға тиіс.
Судья Сот жюриіне жолданатын материалдармен танысуды өз қолымен растаудан бас тартқан жағдайда, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері тиісті акт жасайды, ол материалдарға қоса тіркеледі.
24. Сот жюриінің судьяға қатысты материалдарды қарауы үшін сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде қамтылған, оларды тексеру қорытындысы бойынша судья әдебіне қайшы келетiн, атына кір келтіретін терiс қылық жасау фактісі расталған мәліметтер де негіз болады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде қамтылған:
1) сот актілерімен келіспеушілікті білдіретін;
2) сот істерін қарау кезінде заңдылықтың бұзылғанын көрсететін мәліметтер тексеруге жатпайды.
Аудандық соттың судьясына, төрағасына, облыстық соттың судьясына қатысты тексеру жүргізу облыстық сотқа және Судья әдебі жөніндегі комиссияға жүктеледі.
Сот алқасының төрағасына, облыстық соттың төрағасына, Жоғарғы Соттың судьясына, сот алқасының төрағасына қатысты тексеру жүргізу Жоғарғы Сотқа және Судья әдебі жөніндегі комиссияға жүктеледі.»;
24-1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 24-2 тармақпен толықтырылсын:
«24-2. Тексеруге жататын өтініш Сот жюриіне келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жоғарғы Сотқа, облыстық сотқа немесе Судья әдебі жөніндегі комиссияға тексеру жүргізу үшін жіберіледі.
Жоғарғы Сот, облыстық сот немесе Судьялық әдебі жөніндегі комиссия өтінішті тексеру нәтижелері туралы өтініш берушіге хабарлайды.
Егер өтініште судьяның осы Ереженің 24-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы жеткілікті мәліметтер болмаса, өтініш берушіге судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту тәртібі түсіндіріледі.»;
25-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
«Тәртіптік істер мен материалдарды біріктіру немесе бөлу кезінде осы Ереженің 28-тармағында белгіленген мерзімдерді есептеу Сот жюриі тиісті шешім қабылдаған күннен бастап жүзеге асырылады.»;
«Жоғары тұрған сот сатысының заңдылықты бұзу фактісін белгілеп, судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесі бойынша ұсыну шығарған күні сот ісін қарау кезінде судьяның заңдылықты бұзуына байланысты тәртіптік теріс қылық анықталған күн болып есептеледі, ал заңсыз сот актісі шығарылған күн осындай теріс қылық жасалған күн болып есептеледі.
Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы енгізілген немесе судьяның судья әдебіне қайшы келетін, атына кір келтіретін теріс қылық жасау фактісін белгілеп, Судья әдебі жөніндегі комиссияның шешім шығарған күні судья әдебіне қайшы келетін тәртіптік теріс қылық анықталған күн болып есептеледі, ал осындай теріс қылық жасалған күн немесе кезең оның жасалған күні болып есептеледі.»;
«Қосымша құжаттар мен материалдар, егер сұрау салуда басқа мерзім көрсетілмесе, сұрау салу алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылады. Бұл ретте сұрау салуда көрсетілген мерзім үш жұмыс күнінен кем болмайды.»;
«32. Тәртіптік істі қарау өзіне қатысты тәртіптік іс жүргізу басталған судьяның міндетті түрде қатысуымен өткізіледі.
Судья тәртіптік істі қарауға жеке өзі, сондай-ақ өкілдерімен бірге қатысуға құқылы.
Адвокаттар, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын заң консультанттары ғана судьяның өкілдері бола алады.
Судья дәлелді себеппен келмеген жағдайда (науқастануы немесе Сот жюриінің отырысына қатысуына объективті кедергі келтірген өзге де мән-жайлар) Сот жюриінің отырысы кейінге қалдырылады.
Судья дәлелсіз себеппен келмеген кезде немесе судья Сот жюриінің отырысына қатысудан бас тарту туралы жазбаша арыз берген кезде тәртіптік істі қарау оның қатысуынсыз өткізіледі.
Сот жюриінің отырысы аудио-, бейнежазба қолданылып, оның ішінде бейнеконференцбайланыс пайдаланылып өткізілуі мүмкін.»;
«5) жоғары тұрған сот сатысының шығарылуы тәртіптік іс жүргізуге бастама жасауға негіз болған сот актісін жоюы болып табылады.»;
«50. Судьяның тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу туралы өтінішхатын Сот жюриі материал қарауға түскен сәттен бастап бір ай мерзімде қарастырып мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу туралы;
2) тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алудан бас тарту туралы.
51. Сот жюриінің отырысында хаттама немесе аудио-, бейнежазба қолданылса – қысқаша хаттама жүргізіледі.
Хаттамаға отырыста төрағалық етуші мен хатшы қол қояды.»;
мынадай мазмұндағы 52-1-тармақпен толықтырылсын:
«52-1. Сот жюриі өз бастамасы бойынша немесе өзіне қатысты іс қаралған судьяның арызы бойынша шешімде жол берілген олқылықтарды түзете алады.
Сот жюриінің шешіміндегі олқылықтарды түзету туралы судьяның арызын Сот жюриі осындай арыз түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.
Сот жюриінің шешіміндегі жаңылыстарды түзету туралы мәселені Сот жюриі отырыста судьяның қатысуынсыз қарайды.
Олқылықтарды түзету туралы мәселені қараудың қорытындысы бойынша Сот жюриі қосымша шешім шығарады.»;
«54-1. Шығарылуы сот істерін және материалды қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін судьяны тәртіптік жауаптылыққа тартуға негіз болған сот актісінің күшін жоғары тұрған сот сатысы жойған немесе өзгерткен жағдайда Сот жюриі судьяның арызы негізінде тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешімнің күшін жояды және істі қайта қарайды.»;
жоғарыда аталған Жарлықта бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия туралы ережеде:
«6. Комиссия құрамындағы судьялардың кәсіби деңгейі жоғары, абыройы мінсіз және судьялар қауымы арасында беделді әрі жиырма жыл және одан да көп судьялық өтілі болуға тиіс.»;
«8. Комиссия құрамы Жоғарғы Соттың кеңейтілген жалпы отырысында екі жыл мерзімге сайланады.
Бұл ретте Жоғарғы Соттың бір судьясын және отставкадағы екі судьяны қоспағанда, тиісті сот сатысынан, оның ішінде облыстық, Комиссия мүшелерінің жартысы жыл сайын қайта тағайындалады.
Судья Комиссия мүшесі қатарынан шыққан жағдайда Комиссияның жаңа мүшесі үш ай ішінде сайланады.»;
«19. Судьяның кәсіби қызметін бағалау деп оның кәсіптік білім деңгейін және оларды сот төрелігін жүзеге асыруда қолдана білуін, сот қызметінің нәтижелерін бағалау және оның Конституциялық заңда қойылатын талаптарға сәйкестігі танылады.»;
«1) судья лауазымындағы жұмысының үш жылғы нәтижелері бойынша алғаш рет;»;
«22. Судьяның кәсіби қызметін алғаш рет бағалау судья лауазымында үзіліссіз болған үш жыл өткен соң жүргізіледі.»;
«24. Судья жұмысының нәтижелері сот төрелігін жүзеге асыру сапасының көрсеткіші негізінде бағаланады. Сот төрелігін жүзеге асыру сапасының көрсеткіштері, Деректерді жинау әдістері, рәсімдері, оның ішінде жазбаша эссе және (немесе) кейстік міндеттерді шешу арқылы қосымша өлшемшарттарды қолдану судьяның кәсіби қызметіне бағалау жүргізу әдістемесінде айқындалады, ол Жоғары Сот Кеңесінің келісімімен Жоғарғы Соттың жалпы отырысында бекітіледі және Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында жарияланады.»;
«27. Судьяның кәсіби қызметіне бағалау жүргізу басталғанға дейін Комиссия қажет болған кезде қосымша құжаттар мен материалдарды, оның ішінде судья қараған кезде заңды бұзуға жол берілген сот істерін талап етіп, тексеру жүргізеді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Сот төрелігі академиясына біліктілікті арттыру курстарына, оның ішінде жеке жоспар бойынша жіберіп, атқаратын лауазымына сай деп тану;»;
«4) жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы;»;
«Кәсіби қызметті бағалау нәтижелері бойынша судьяны жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы Комиссияның шешімі Жоғары Сот Кеңесінің судьяны жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы, ал ауысудан бас тартқан жағдайда судьяны атқарып отырған лауазымынан босату туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.»;
«37. Комиссияның судьяны кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану, жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы хаттамалық шешімінің көшірмесі күнтізбелік бес күн ішінде Жоғары Сот Кеңесіне жіберіледі.
38. Комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесі ол қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде судьяның кәсіби қызметін бағалаудан өткен судьяларға қатысты тиісті облыстық сотқа және Жоғарғы Сотқа жіберіледі.
39. Судьяны кәсіби жарамсыздығына байланысты атқаратын лауазымына сай келмейді деп тану туралы, жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы Комиссияның хаттамалық шешімнің көшірмесі күнтізбелік бес күн ішінде тиісті облыстық сотқа, Жоғарғы Сотқа, сондай-ақ өзіне қатысты шешім қабылданған судьяға мәлімет үшін жіберіледі.»;
«47. Комиссияның шешімдерімен танысқан күннен бастап Жоғары Сот Кеңесіне он жұмыс күнінен кешіктірмей шағым жасауға болады.»;
«Жоғары Сот Кеңесінің Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген шешімді қабылдауы Жоғары Сот Кеңесінің судьяны жүктемесі аз басқа сотқа, төмен тұрған сотқа ауыстыру туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.»;
2) «Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін жетілдіру шаралары туралы» 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 137 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты туралы ережеде:
он екінші абзац алып тасталсын;
«Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия) шешімі негізінде кәсіби жарамсыздығына орай, сондай-ақ судья өкілеттіктерін өз тілегі бойынша тоқтатқан, судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және оны басқа жұмысқа ауыстырған, зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толған жағдайларда атқарып отырған лауазымынан босату мәселелерін;».
2. Осы Жарлық, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың бір жүз алтыншы, бір жүз жетінші, бір жүз сегізінші, бір жүз тоғызыншы, бір жүз оныншы, бір жүз он бірінші, бір жүз он екінші, бір жүз он үшінші, бір жүз он төртінші, бір жүз он бесінші, бір жүз он алтыншы, бір жүз он жетінші, бір жүз он сегізінші, бір жүз он тоғызыншы, бір жүз жиырмасыншы, бір жүз жиырма бірінші, бір жүз жиырма екінші, бір жүз жиырма үшінші, бір жүз жиырма төртінші, бір жүз жиырма бесінші, бір жүз жиырма алтыншы, бір жүз жиырма жетінші, бір жүз жиырма сегізінші, бір жүз жиырма тоғызыншы, бір жүз отызыншы, бір жүз отыз бірінші, бір жүз отыз екінші, бір жүз отыз үшінші, бір жүз отыз төртінші, бір жүз отыз бесінші, бір жүз отыз алтыншы, бір жүз отыз жетінші, бір жүз отыз сегізінші, бір жүз отыз тоғызыншы, бір жүз қырқыншы, бір жүз қырық бірінші және бір жүз қырық екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев