• Мое избранное
«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2025 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 21 желтоқсандағы № 1094 қаулысы

Осы Қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 08.05.2025 жылғы № 321 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы мемлекеттік қатысу үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 3-12-тармақпен толықтырылсын:
«3-12. Акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы материалдық-техникалық базаны жаңарту және бағдарламалық қамтылымды сатып алу мақсатында 2023 жылдың қорытындысы бойынша акциялардың мемлекеттік пакеті бойынша таза кіріс бөлігінде дивидендтер төлеуден босатылады.
«Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етіп, есепті жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органдарды хабардар етсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов