Bestprofi Logo

Бұйрық № 862 от 2024-12-23г./Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.

Документ на казахском языке

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 862 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 желтоқсанда № 35515 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген):

«3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларында:

«2) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган (бұдан әрі – бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган);

3) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган – бюджетті атқару, бухгалтерлiк есепті, бюджеттік есепті және республикалық бюджеттiң атқарылуы бойынша бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орган;»;

«Ұсынылатын шоғырландырылған қаржылық есептіліктің барлық нысандарында мемлекеттік органның басшысы мен бас бухгалтерінің не қаржылық есептілікті шоғырландыруды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшені басқаратын тұлғаның қолының қасында қолдың толық жазылуы (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетіледі.»;

«Бөлу балансы қабылдаушы және тапсырушы тарап басшысының және бас бухгалтерінің қолымен, қолды таратып (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жаза отырып және әр тараптың мөрімен расталады.»;

«31. Шоғырландырылған қаржылық есептілікке ашылымдарда мынадай ақпарат ұсынылады.

«Ақшалай қаражат және олардың баламалары» деген бап бойынша («Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» ШҚЕ-1-нысанының 010-жолы):

«Шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» ШҚЕ-5-нысанының 1-кестесіне сәйкес есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы ақша қаражатының қалдығы туралы деректер.

«Қысқа және ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» деген бап бойынша («Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» ШҚЕ-1-нысанының 011, 110 және 119 -жолдары):

«Шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» ШҚЕ-5- нысанының 2 және 5-кестелеріне сәйкес есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы қаржылық инвестициялар және өзгерістері бойынша деректер;

қаржы инвестицияларының жекелеген сыныптары бойынша (әділ, амортизацияланған немесе қандай да бір өзге құны бойынша) кейіннен бағалау;

қаржы инвестицияларының және берілген қарыздардың құнсыздануының объективті және кейіпкер белгілерінің болуы;

есепті күнге қаржы инвестицияларына байланысты тәуекелдердің сипаты мен мөлшерлері;

«Шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» ШҚЕ-5-нысанының 21-кестесіне сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінің дивидендтері мен таза табысының бөлігі бойынша кірістердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кодына аударылған және бюджетке аударылған сома туралы ақпарат;

«Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді дебиторлық берешек» деген бап бойынша («Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» ШҚЕ-1- нысанының 012, 013, 014, 015, 016, 017, 018, 019, 021, 023, 111, 112 және 113-жолдары):

есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы дебиторлық берешекті салыстыруды, есепті кезең үшін дебиторлық берешек сомасындағы өзгерістерді талдау ұсынылады;

байланысты тараптармен (өз жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен бақыланатын субъектілер) операциялар бойынша ақпарат;

күмәнді дебиторлық берешек бойынша құрылған резерв жөнінде есеп айырысулар;

есептен шығарылу себептерін көрсете отырып, күмәнді дебиторлық берешек бойынша есептен шығарылған үмітсіз борыштардың сомалары;

банкроттардың және мәжбүрлеп таратылатын өзге де заңды тұлғалардың салық берешегін қоса алғанда салық түсімдері бойынша бюджетпен есеп айырысу бойынша күмәнді дебиторлық берешек бойынша резерв туралы ақпарат;

«Шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» ШҚЕ-5-нысанының 22-кестесіне сәйкес есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы салық түсімдері бойынша бюджетпен есеп айырысулар бойынша дебиторлық берешекті салыстыруды ұсынады.

«Қорлар» деген бап бойынша («Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» ШҚЕ-1-нысанының 020-жолы):

«Шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» ШҚЕ-5-нысанының 4-кестесіне сәйкес түсімдерді, қорлардың құнсыздануынан болған залал және өзге өзгерістерді көрсететін есепті кезеңнің басында және аяғындағы баланстық құнның салыстырмасын ұсынады;

қорлардың құнсыздануына арнап құрылған резерв жөніндегі есеп айырысулар;

қорлардың құнсыздануына арнап резерв құру себептері;

қорлардың құнсыздануынан болған залалды қалпына келтіру себептері мен сомалары;

ауыл шаруашылық өнімдерінің әрбір тобының оны алу (жинау) кезінде әділ құнын айқындау кезінде пайдаланылған әдістер туралы ақпарат.

«Өзге қысқа мерзімді активтер» деген бап бойынша («Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» ШҚЕ-1 -нысанының 022-жолы) жылдың басында, жылдың аяғында қозғалысы (ұлғаюы және азаюы) болуы туралы деректердің есепті кезеңдегі өзге қысқа мерзімді активтердің түрлері бойынша сипаттамасы.

«Ұзақ мерзімді активтер» деген бап бойынша («Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» ШҚЕ-1-нысанының 114, 116 және 118-жолдары):

ұзақ мерзімді активтердің әрбір сыныбы бойынша «Шоғырландырылған қаржылық есептілікке түсіндірме жазба» ШҚЕ-5-нысанының 6, 7 және 9-кестелеріне сәйкес түсімді, амортизацияны, құнсызданудан болған залалды және өзге өзгерістерді көрсететін есепті кезеңнің басына және аяғына арналған баланстық құн салыстырмасын ұсыну қажет;

ұзақ мерзімді активтерді бағалау әдістерін;

ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануына арнап құрылған резерв бойынша есептеулерді;

ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануына арнап резерв құру себептерін;

ұзақ мерзімді активтердің құнсыздануынан болған залалдарды қалпына келтіру себептері мен сомасын;

уақытша тұрып қалған ұзақ мерзімді активтер туралы ақпаратты;

толығымен амортизацияланған, бірақ пайдаланылып жүрген ұзақ мерзімді активтер туралы ақпаратты;

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание