• Мое избранное
«Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 863 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 желтоқсанда № 35514 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік мекемелер түгендеуді мынадай мерзімдерде:
1) машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс пен шаруашылық құрал-саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді – жылына бір рет 15 қазандағы жағдай бойынша;
2) ғимараттарды, құрылыстарды, өтпелі құрылыстар мен басқа да жылжымайтын активтер объектілерін (жер учаскелерін, көпжылдық өскіндер мен басқа да жер шаруашылығымен тығыз байланысты, оларды ауыстыру, олардың арнаулы мақсаттарына байланысты шығынсыз болмайтын объектілерді) – 15 қазандағы жағдай бойынша жылына бір рет;
3) кітапхана қорларын – 1 қыркүйектегі жағдай бойынша бес жылда бір рет;
4) жұмыс істейтін және өнім беретін малдарды, малдың төлдерін және бордақыдаға малдарды, құстарды, үй қояндарын, терісі бағалы аңдарды, омарталарды, сондай-ақ тәжірибелік жануарларды – 31 наурыздағы, 30 маусымдағы, 30 қыркүйектегі және 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тоқсан сайын;
5) аяқталмаған құрылыс – 15 желтоқсандағы жағдай бойынша жылына бір рет;
6) оқу, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдарды, шаруашылық материалдарын және кеңсе мүліктерін, дәрі-дәрмектер мен байлап-таңу заттарын, отынды, жанар және жағар материалдарын, мал азығы мен жемдерін, ыдыстарды, жолүсті материалдарын, машиналарға арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды, өзге де материалдарды, арнайы киімді және өзге де жеке пайдаланатын заттарды – 15 қазандағы жағдай бойынша жылына бір рет;
7) тамақ және спирт өнімдерін – 31 наурыздағы, 30 маусымдағы, 30 қыркүйектегі және 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тоқсан сайын;
8) өндірістік (оқу) шеберханаларындағы және қосалқы (оқу) шаруа қожалықтарындағы аяқталмаған өндірісті және өзіндік жартылай фабрикаттарды, ұйымдармен шарттар бойынша орындалатын аяқталмаған ғылыми зерттеу жұмыстарын – 15 желтоқсандағы жағдай бойынша жылына бір рет;
9) қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды 31 желтоқсандағы және 30 маусымдағы жағдай бойынша жылына екі рет;
10) ақшаны, ақша құжаттарын, құндылықтар мен қатаң есептегі бланктерді – әр айдың соңғы күніндегі жағдай бойынша ай сайын;
11) ақша қаражаты мен олардың баламаларының есеп шоттарындағы қозғалыстар мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік қызметтерінің деректері бойынша тиісті шоттарда есепте тұрған сомалардың қалдықтарын қазынашылықтың құрылымдық бөлімшелердің есептерінің нысандары бойынша деректермен және қызмет көрсететін екінші деңгейлі банктердің үзінді жазбаларымен салыстыру жолымен – 31 наурыздағы, 30 маусымдағы, 30 қыркүйектегі және 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тоқсан сайын жүргізіледі;
12) міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша, зейнетақы жарналары бойынша, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен жарналар бойынша бюджетке төлемдер бойынша, депонентермен – 31 наурыздағы, 30 маусымдағы, 30 қыркүйектегі және 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тоқсан сайын есеп айырысулар;
13) әр түрлі дебиторлармен және кредит берушілермен есеп айырысуларды – 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жылына бір рет;
14) баланстың басқа да баптарын – 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жылына бір рет жүргізуге міндетті.
15) Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмi деректерімен расталған «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы заңының 210-бабында (бұдан әрі – Мемлекеттік мүлік туралы заң) көзделген жекелеген негіздер бойынша мемлекеттің меншігіне айналдырылған (түскен) бағаланған мүлік жекелеген негіздер бойынша расталады – 31 желтоқсандағы және 30 маусымдағы жағдай бойынша жылына екі рет.»;
6 және 7-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Түгендеу жүргізу үшін мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде – аппарат басшысы (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) бұйрығымен түгендеу комиссиясы құрылады, түгендеу жүргізудің бастау және аяқтау мерзімдері белгіленеді.
Түгендеу комиссиясы бас бухгалтерді немесе оны алмастыратын тұлғаны қоса алғанда, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасынан құрамында кемінде 3 адамнан құрылады.
Түгендеу комиссиясын Комиссияның төрағасы – мемлекеттік мекеменің басшысы немесе оның орынбасары, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде – аппарат басшысы (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) (бұдан әрі – Комиссия төрағасы) басқарады.
Мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде – аппарат басшысы (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) белгіленген мерзімде есептеу объектілерінің іс жүзінде болуын толық және нақты тексеру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді.
Үлкен номенклатуралық құндылығы бар мемлекеттік мекемелерде аралық түгендеу кезеңінде материалдық құндылықтарды оларды сақтау және қайта өңдеу орындарында таңдаулы түгендеу мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде – аппарат басшысы (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) шешімі бойынша жүргізіледі.
7. Орталық түгендеу комиссиясын құру, орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу, түгендеу жүргізудің күнтізбелік жоспарын бекіту, сондай-ақ қызметшілердің түгендеу комиссияларына қатысуы үшін оларды бөлу мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде – аппарат басшысының бұйрығымен бекітіледі. Осы бұйрықтың негізінде орталықтандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің басшылары немесе ол уәкілеттік берген адам, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде – аппарат басшысы өздерінің түгендеу комиссияларын тағайындайды.
Мемлекеттік мекемелердің аумақтық бөлімшелеріне қызмет көрсететін орталықтандырылған бухгалтерия бар болса, түгендеу комиссиясының құрамына осы аумақтық бөлімшелердің басшылары енгізіледі.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде – аппарат басшысының (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) шешімі бойынша түгендеу аяқталғаннан кейін түгендеу жүргізудің дұрыстығын белгілеу мақсатында бақылау тексерулер жүргізіледі.
Түгендеменің бақылау мақсатындағы тексерулері түгендеу комиссиясы мүшелерінің және материалдық жауапты тұлғалардың қатысуымен түгендеу аяқталған соң, бірақ міндетті түрде түгендеу жүргізілген қойма (сақтау орны, секциялар) ашылғанға дейін жүргізіледі.
Түгендеменің бақылау мақсатындағы тексерулерінің нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құндылықтарды түгендеудің бақылау тексеріс актімен ресімделеді. Жүргізілетін бақылау мақсатындағы тексерулерді есептеуді бухгалтерлік қызмет осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес арнайы түгендеулердің бақылау тексерісін есепке алу кітабында жүргізеді.
Түгендеу нәтижелері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес түгендеу анықтаған нәтижелерінің ведомосінде көрсетіледі.
Түгендеу комиссиясының жұмысы хаттамамен ресімделеді, оны мемлекеттік мекеменің басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде – аппарат басшысы (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) бекітеді.
Түгендеу хаттамасында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына сәйкес активтердің құнсыздануына тест өткізу туралы ақпарат көрсетіледі. Активтердің құнсыздану фактісінің болуын туындау себептерімен түсіндіре отырып, тәуелсіз сарапшы растайды және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.»;
24-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Комиссия материалдық-жауапты тұлғалардың қатысуымен тауарлық-материалдық құндылықтардың іс жүзінде болуын (жанар және жағар май материалдарына төленген талондар) оларды міндетті түрде қайта есептеу жолымен тексереді. Тізімдемеге материалдық-жауапты тұлғалардың сөзімен немесе олардың іс жүзінде болуын тексерместен есепке алу деректері бойынша құндылықтардың қалдықтары туралы деректер енгізуге жол берілмейді.»;
29-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Үлкен қоймаларда түгендеу жүргізу ұзақ болған кезде ерекше жағдайларда және тек мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол уәкілеттік берген адамның, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде – аппарат басшысының (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) және бас бухгалтерінің немесе оны алмастыратын тұлғаның рұқсатымен ғана түгендеу процесінде қорларды түгендеу комиссиясы мүшелерінің қатысуымен материалдық жауапты адамдар жібереді.»;
39-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жасалған тәжiрибелiк құрылғылар бойынша іс жүзіндегі шығындар мемлекеттiк мекеменiң басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам, ал аппарат басшысы лауазымы енгізілген мемлекеттік мекемелерде – аппарат басшысы (арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) бекiткен актiлерге сәйкес белгіленеді.»;
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47. Ақша қаражаты мен олардың баламаларының есеп шоттарындағы қозғалыстар мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтерлiк қызметтерiнiң деректерi бойынша тиiстi шоттарда есепте тұрған сомалардың қалдықтарын қазынашылықтың құрылымдық бөлімшелердің есептi нысандары бойынша деректермен және қызмет көрсететiн екiншi деңгейлi банктердiң үзiндi жазбаларымен салыстыру жолымен – 31 наурыздағы, 30 маусымдағы, 30 қыркүйектегі және 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тоқсан сайын жүргiзiледi.»;
көрсетілген Қағидаларға 1,2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12,13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 23 және 24-қосымшалар осы бұйрыққа 22 және 23-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;