• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 148-VIII

Редакция 26.02.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі: 
11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1) баланы қабылдайтын кәсіби отбасы – ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) қоспағанда, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж төртеуден аспайтын баланы алдын ала таңдамай тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына уақытша орналастыру нысаны;»;
мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
«11-2) баланы қабылдайтын отбасы – ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілерді (қарындастарды) қоспағанда, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына орналастыру нысаны;»;
12) тармақша «(баланы қабылдайтын ата-аналар),» деген сөздерден кейін «баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші (баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер),» деген сөздермен толықтырылсын;
18) тармақша «Үкіметі айқындайтын» деген сөздерден кейін «, балалардың құқықтарын қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 22-бапта:
1-тармақтың екінші сөйлемі «тектері» деген сөзден кейін «, сондай-ақ қол жеткізілген келісімнің шарттары» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Ата-ананың баламен араласу тәртібін айқындау кезінде сот ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігін, сондай-ақ баланың заңды мүдделерін ескереді.»;
3) 48-бап «айғақтарды» деген сөзден кейін «, оның ішінде молекулалық-генетикалық сараптама қорытындысын» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 66-баптың 2-1-тармағындағы «алименттерді алушының немесе оның өкілінің талабы бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
5) 11-тараудың тақырыбы «Ата-аналардың» деген сөзден кейін «, аталардың, әжелердің, аға-iнiлер мен апа-сiңлiлердің (қарындастардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 73-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер ата-аналар келісімге келе алмаса, дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған тәртіппен шешеді, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда – дау қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешеді.»;
7) мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын:
«73-1-бап. Аталарының, әжелерінің, аға-iнiлері мен апа-сiңлiлерінің (қарындастарының) баламен араласуға құқығы
1. Аталарының, әжелерінің, аға-iнiлері мен апа-сiңлiлерінің (қарындастарының) баламен араласуға құқығы бар.
2. Ата-аналар (олардың біреуі) баланың аталарына, әжелеріне, аға-iнiлері мен апа-сiңлiлеріне (қарындастарына) онымен араласуға мүмкіндік беруден бас тартқан жағдайда, дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен шешеді.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның шешімімен келіспеген жағдайда, дау қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешеді.»;
8) 85-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өтініш берушінің жұбайы балаға қатысты әке болуды анықтаған баланы асырап алу кезінде баланы асырап алуға ниет білдіргені туралы өтінішке асырап алынатын балаға қатысты әке болуды растайтын молекулалық-генетикалық сараптама қорытындысы қоса беріледі.»;
9) 89-баптың 1-тармағындағы «5 және 6-тармақтарында» деген сөздер «5-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі: 
10) 114-1-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «қабылдаушы отбасыға» деген сөздер «баланы қабылдайтын отбасына, баланы қабылдайтын кәсіби отбасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 4-бөлімнің тақырыбы «қабылдайтын» деген сөзден кейін «, баланы қабылдайтын кәсіби» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 116-баптың 1-тармағы:
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі: 
«қабылдайтын отбасына» деген сөздерден кейін «, баланы қабылдайтын кәсіби отбасына» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың туыстары оларды тәрбиелеуге басым құқықты иеленеді.»;
13) 117-бапта:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің тарапынан қамқорлықтың болмау фактісі анықталған кезде мәліметтер келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде баланың тұрмыс жағдайын зерттеп-қарауды жүргізуге және баланы орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
5. Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкіне (бастапқы, орталықтандырылған есепке алу) енгізеді және оларды отбасына (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы) орналастыруды қамтамасыз етеді.
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу тәртібін Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.»;
6-тармақ алып тасталсын;
2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі: 
14) 118-баптың 1-тармағы «баланы қабылдайтын» деген сөздерден кейін «, баланы қабылдайтын кәсіби» деген сөздермен толықтырылсын;
15) 120-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мамандарының штат санының нормативі аудандағы, облыстық маңызы бар қаладағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы балалар саны негізге алына отырып, бес мың балаға кемінде бір маман арақатынасында айқындалады.»;
16) 123-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) тұрғынжайға және өзге де мүлікке меншік құқығын және (немесе) тұрғынжайды және өзге де мүлікті пайдалану құқығын сақтауға;»;
17) 124-баптың 1-тармағында: