Bestprofi Logo

Бұйрық № 1 от 2025-01-05г./Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025 г.

Документ на казахском языке

«Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 қаңтарда № 35619 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес 

1. «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімнде № 6314 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

«2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарында:

«7. 1000 «Ақша қаражаты және олардың баламалары» кіші бөлімі – қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында және мемлекеттік мекемелердің шоттарында ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алуға арналған.

Бұл кіші бөлім мынадай шоттарды қамтиды:

1010 – «Кассадағы ақша қаражаты», мемлекеттік мекеме кассасындағы ақша қаражатының бар-жоғын және қозғалысын есепке алуға арналған;

1020 – «Мемлекеттік мекеменің ағымдағы шоты», мемлекеттік мекеме ағымдағы шотындағы ақша қаражатын есепке алуға арналған;

1030 – «Есеп айырысу шоты» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінен (бұдан әрі – СІМ) Қазақстан Республикасының елшіліктері және өзге де ұйымдар алған ақша қаражатын есепке алуға арналған;

1040 – «Түсімдер мен есеп айырысуларды есепке алу үшін қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі – ҚБШ)» мемлекеттік мекеменің, жергілікті өзін-өзі басқарудың қайырымдылық көмектен алынатын, ақылы қызметтер, ақшаны уақытша орналастыру ақшасы бойынша, жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша қаражатын, республикалық және жергілікті бюджеттерге, Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді есепке алуға арналған.

Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:

1041 – «Қайырымдылық көмек ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемелер алатын, олар үшін филантропиялық қызметтен және (немесе) демеушілік қызметтен және (немесе) меценаттық қызметтен және (немесе) кіші отанына қолдау көрсету жөніндегі қызметтен алынатын ақшаның түсімі мен оның жұмсалуы есепке алынады;

1042 – «Ақылы қызметтер ҚБШ», мұнда мемлекеттік мекемелер иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алған және Бюджет кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидасында белгіленген тәртіпте пайдаланылатын ақша кірістері мен шығыстары есепке алынады;

1043 – «Ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ», мұнда Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қайтарып алу шартымен мемлекеттік мекемелерге аударылған немесе белгілі бір жағдай туғанда сәйкесінше бюджетке немесе үшінші жаққа берілген ақша қаражат қозғалысы есепке алынады;

1044 – «Жергілікті өзін-өзі басқару ҚБШ», мұнда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі – Жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң) жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыру үшін ақшаның түсімі мен жұмсалуы есепке алынады;

1045 – «Нысаналы қаржыландыру ҚБШ», мұнда есептелген бюджет қаражаты және оларды ерекше шығыстарды жүргізуге пайдалану есепке алынады (нысаналы қаржыландыру шоты);

1046 – «Республикалық бюджеттің ҚБШ», мұнда бірыңғай қазынашылық шотынан республикалық бюджетке түсетін түсімдерді есепке жатқызу есепке алынады;

1047 – «Жергілікті бюджеттердің ҚБШ», мұнда бірыңғай қазынашылық шотынан жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді есепке жатқызу есепке алынады;

1048 – «Жәбірленушілерге өтемақы қоры ҚБШ», мұнда «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңыңда (бұдан әрі – Қор туралы заң) көзделген тәртіппен ақша түсімдерін есепке жатқызу және жәбірленушілерге өтемақы төлемдерін жүргізу есепке алынады;

1049 – «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ҚБШ», мұнда «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Білім туралы заң) сәйкес ақша түсімдерін есепке алу және оларды жұмсау ескеріледі;

1050 – «Шетелдік валютадағы шот», мемлекеттік мекеме жүргізетін есепті кезеңнің соңғы күніне қолданылатын және Жаңартылған «Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 Қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) бірлесіп белгілеген тәртіпте анықталатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютаны қайта есептеу жолымен алынған Қазақстан Республикасы валютасында валюталық операцияларды есепке алуға арналған;

1060 – «Арнайы шот», бюджеттік бағдарлама әкімшілігі қарызға алған (сыртқы қарыздар және байланысты гранттар) қаражаттың түсуі мен жұмсалуы бойынша қаржылық операцияларды есепке алуға арналған.

Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды;

1061 – «Байланысты гранттың арнайы шоты», мұнда байланысты гранттар бойынша қаражаттың түсуі мен жұмсалуы бойынша қаржылық операциялар есепке алынады;

1062 – «Сыртқы қарыздың арнайы шоты», мұнда сыртқы қарыздар (қарызға алынған қаражат) бойынша қаражаттың түсуі мен жұмсалуы бойынша қаржылық операциялар есепке алынады;

1070 – «Өзге де ақша қаражаты» алдыңғы қосалқы шоттарда көрсетілмеген басқа да ақша қаражаттарын есепке алуға арналған.

Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:

1071 – «Аккредитивтер», мұнда мемлекеттік мекемелердің жеткізуші алдында алынған активтер үшін пайда болған төлемдерге сәйкес міндеттемелер бойынша ашылған аккредитивтер сомасы есепке алынады;

1072 – «Ақша құжаттары», мұнда өзге ақша құжаттары есепке алынады;

1073 – «Жолдағы ақша қаражаты» мұнда шетел мекемелерінің шығындарын қаржыландыру СІМ–не аударылған, бірақ СІМ–нің шетел мекемелерінің есеп айырысу шотына түспеген ақша қаражат қозғалысын есепке алынады;

1074 – «Өзге де ақша қаражаты», мұнда алдыңғы қосалқы шоттарда көрсетілмеген өзге ақша қаражаты есепке алынады;

1075 – «Білім беру инфрақұрылымын қолдау жөніндегі жергілікті атқарушы органның ҚБШ», мұнда білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының ақша түсімдерін есепке алу және оларды Білім туралы заңға сәйкес жұмсау ескеріледі;

1076 – «Арнаулы мемлекеттік қордың ҚБШ», мұнда «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Активтерді қайтару туралы заң) сәйкес Арнаулы мемлекеттік қорға ақша түсімдерін есепке жатқызу ескеріледі;

1077 – «Тиісті саланың орталық уәкілетті органның Арнаулы мемлекеттік қорының ҚБШ», мұнда Активтерді қайтару туралы заңға сәйкес тиісті саланың орталық уәкілетті органның Арнаулы мемлекеттік қорына ақша түсімдерін есепке жатқызу ескеріледі;

1078 – «Тиісті саланың жергілікті уәкілетті органның Арнаулы мемлекеттік қорының ҚБШ», мұнда Активтерді қайтару туралы заңға сәйкес тиісті саланың жергілікті уәкілетті органның Арнаулы мемлекеттік қорына ақша түсімдерін есепке алу ескеріледі;

1080 – «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерін қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары бойынша қаражат қозғалысын есепке алуға арналған.

Бұл шот мынадай қосалқы шоттарды қамтиды:

1081 – «Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары», мұнда мемлекеттік мекемелердің қызметін қаржыландыру, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелерді қаржыландыруды қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады;

1082 – «Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда күрделі салымдарды қаржыландыру бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады;

1083 – «Басқа да бюджеттердің есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге олар жергілікті бюджет есебінен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар алу кезінде және керісінше жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге белгілі бір мақсаттарға республикалық бюджеттен міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар алу кезінде мемлекеттік мекеменің міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулардың қозғалысы есепке алынады;

1084 – «Трансферттер бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда трансферттер бойынша міндеттемелерді қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады, олар жалпы сипаттағы трансферттер, нысаналы ағымдағы трансферттер, нысаналы даму трансферттері, мемлекеттік мекеменің қызметкері болып табылмайтын жеке тұлғаларға берілетін трансферттер, Ұлттық қорға берілетін трансферттер болып бөлінеді;

1085 – «Субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет немесе жергілікті органдар, жеке және заңды тұлғалар арнайы қор қаражаттар есебінен ақшалай жәрдемақылар түріндегі субсидиялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады;

1086 – «Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдермен байланысты операциялар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетін түсімдер есебінен мемлекеттік мекемелердің шығыстары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады;

1087 – «Сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда сыртқы қарыздардың және байланысты гранттардың есебінен міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады;

1088 – «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар», мұнда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар есепке алынады;

1089 – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына нысаналы жарналар бойынша міндеттемелер қабылдауға жоспарлы тағайындаулар», мұнда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрі – ӘМСҚ) нысаналы жарналар бойынша міндеттемелер қабылдауға жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке алынады;

1090 – «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары» жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар сомасының қозғалысын есепке алу үшін арналған.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание