• Мое избранное
«Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 11.01.2026 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 28 қарашадағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 қарашада № 35429 болып тіркелді

Осы Бұйрық күшін жойды 2026 жылғы 11 қаңтардан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 23.12.2025 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау мен бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 14 және 16-тармақтарына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына, 187-бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 151-бабының 14 және 16-тармақтарына, 152-бабының 6-тармағына, 153-бабының 5 және 21-тармақтарына, 154-бабының 13-тармағына, 157-бабының 10 және 11-тармақтарына, 159-бабының 3 және 4-тармақтарына, 187-бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларын жоспарлау және іске асыру тәртібін, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларын жоспарлау және іске асыру тәртібін қоспағанда, мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау тәртібін белгілейді.»;
184-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«184. БИЖ-ді іске асыру мониторингі нақты алынатын нәтижелерді БИЖ-ді тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында ықтимал ауытқуларды уақтылы анықтау үшін экономикалық қорытындыға/инвестициялық ұсынысқа/БИЖ ТЭН/ Инвестициялардың ҚЭН сәйкес есепті күнге жоспарланған нәтижелермен салыстыру жолымен жүргізіледі.
ББӘ БИЖ-дің іске асырылу мониторингінің қорытындылары бойынша жылдық есептің нәтижелерін қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға МЖАЖ арқылы ұсынады.»;
186-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«186. Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын республикалық БИЖ-ді және жергілікті БИЖ-ді іске асыру мониторингін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
Жергілікті БИЖ-ді іске асыру мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері негізінде жүзеге асырады.
Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері республикалық және жергілікті БИЖ-ді іске асыру мониторингі бойынша есептерді мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында тоқсан сайын жариялайды.»;
191-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«191. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қажетті ақпаратты тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оны) күніне дейін қазақ және орыс тілдерінде электрондық жеткізгіште дайындайды және мыналарды:
1) осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды дайындау және іске асыру жоспар-кестесін;
2) осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның паспортын қамтиды.»;
197-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«197. ББӘ республикалық БИЖ-ді, жергілікті БИЖ-ді, сондай-ақ тиісті бюджетті жоспарлау (нақтылау) кезінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын жобалардың іске асыру мониторингі нәтижелерін БИЖ-ді іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпаратты ескере отырып пайдаланады.
Бюджеттік бағдарлама басшысы республикалық және жергілікті БИЖ-ді іске асыру мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға осы Қағидалардың 189, 191, 193 және 194-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде жүргізуді және оның нәтижелерін уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.»;
199, 200 және 201-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«199. БИЖ және Инвестициялардың іске асырылуын бағалау объект пайдалануға енгізілгеннен және/немесе сәйкесінше ҚЭН-де көзделген іс-шаралар аяқталғаннан кейін келесі жылы жүргізіледі.
Егер БИЖ белгіленген мерзімдерде пайдалануға енгізілмеген жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері немесе жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері БИЖ-дің іске асырылуын бағалау бойынша ақпаратты кейінгі жылдары объекті пайдалануға берілгеннен соң мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынады.
Егер ҚЭН-де көзделген іс-шаралар белгіленген мерзімдерде аяқталмаған жағдайда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Инвестициялардың іске асырылуын бағалау жөніндегі ақпаратты кейінгі жылдары ҚЭН-де көзделген іс-шаралар аяқталғаннан соң ұсынады.
Бұл ретте республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері объектіні уақтылы пайдалануға бермеудің және ҚЭН-де көзделген іс-шаралардың уақтылы аяқталмауының себептері туралы ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға ұсынады.»;
200. БИЖ-дің және Инвестициялардың іске асырылуын бағалау мыналарды:
1) ББӘ-ден осы Қағидаларға 27 және 31-қосымшаларға сәйкес бюджеттік инвестицияларды дайындау мен іске асырудың жоспар-кестесін және жобаның паспортын қамтитын ақпарат жинауды;
2) БИЖ және Инвестициялардың қол жеткізілген тікелей нәтижелерін (өнім шығару, қызмет көрсету) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында және/немесе БИЖ ТЭН/Инвестициялардың ҚЭН/инвестициялық ұсыныста көзделген көрсеткіштермен салыстыру арқылы оларды талдауды;
3) БИЖ-дің және Инвестициялардың іске асырылуын бағалау бойынша жиынтық есепті дайындауды көздейді.
Нақты көрсеткіштердің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында және/немесе БИЖ ТЭН-інде және Инвестициялардың ҚЭН-інде бұдан бұрын жоспарланған көрсеткіштерден ауытқуы анықталған БИЖ бен Инвестицияларды тиімді басқару мақсатында жүйелі және жедел шаралар бойынша ұсынымдар қалыптастырылады.»;
201. БИЖ-дің іске асырылуына бағалау жүргізу үшін ақпарат қазақ және орыс тілдерінде мынадай есептілік құрамында ұсынылады:
1) осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік инвестицияларды дайындау және іске асыру жоспар-кестесі;
2) осы Қағидаларға 28-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар мен республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын жобалардың іске асырылу мониторингі бойынша есептер;
3) осы Қағидаларға 31-қосымшаға сәйкес жоба паспорты;
4) осы Қағидаларға 39-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараларды іске асыру мониторингі бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есептері.»;
214-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«214. Инвестициялар мониторингі мыналарды:
1) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен тартылған Инвестициялар есебінен іске асырылатын іс-шараның барысы туралы ақпарат жинауды;
2) заңды тұлға Инвестициялар есебінен іске асыратын іс-шаралар нәтижелерінің нақты қол жеткізілген көрсеткіштерін және Инвестициялар ҚЭН-інде және (немесе) мемлекеттік органдардың даму жоспарларында және (немесе) заңды тұлғалардың стратегиялық даму құжаттарында жоспарланған тиісті нәтижелерді салыстыру арқылы әрбір кезеңде қол жеткізілген өткізу көлемдері мен шығындарды, сондай-ақ оларға қол жеткізбеу себептерін талдауды;
3) есепті кезең ішінде орындалған жұмыстардың нақты және жоспарлы көлемдері мен қаржы қаражатын игеру сомасы туралы ақпаратты қамтитын Инвестициялардың іске асырылуын мониторингілеу нәтижелері туралы есеп дайындауды қамтиды.
ББӘ Инвестициялардың іске асырылу мониторингінің нәтижелерін қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға МЖАЖ арқылы ұсынады.»;
217-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«217. ББӘ-нің республикалық Инвестициялар және республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын Инвестициялар бойынша есебін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүргізеді.
ББӘ-нің жергілікті Инвестициялар бойынша есебін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүргізеді.
ББӘ республикалық және жергілікті Инвестициялардың іске асырылу мониторингі бойынша есептерді мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында тоқсан сайын жариялайды.»;
224-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«224. ББӘ Инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпаратты ескере отырып, республикалық Инвестициялардың, жергілікті Инвестициялардың және тиісті бюджетті жоспарлаған (нақтылаған) кезде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен іске асырылатын Инвестициялардың іске асырылу мониторингінің нәтижелерін қолданады.
Бюджеттік бағдарлама басшысы республикалық және жергілікті Инвестициялардың іске асырылу мониторингін уақтылы жүргізуді және оның нәтижелерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе тиісті орталық мемлекеттік органға осы Қағидалардың 220 және 221-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде ұсынуды қамтамасыз етеді.