• Мое избранное
«Құрылыс ресурстары класснфикаторын бекіту туралы (Ред. 15)» Қазақстан Республикасы Өнсркәсіп және құрылыс министрлігі Қурылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері коміггеті төрағасынын 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №169-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Құрылыс ресурстары класснфикаторын бекіту туралы (Ред. 15)» Қазақстан Республикасы Өнсркәсіп және құрылыс министрлігі Қурылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері коміггеті төрағасынын 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №169-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2025 жылғы 6 ақпандағы № 19-НҚ бұйрығы

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құрылыс ресурстары классификаторын бекіту туралы (Ред. 15)» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрагасының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 169-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 77 бұйрығымен бекітілген Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
2. Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (бұдан әрі - Комитет) ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға Б. Жүнісбеков