• Менің таңдаулыларым

Отправить по почте

1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 15 наурыздағы № 172-VIII

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім):
«6. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде мүліктік жалдауға тапсыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамалық актіcінде белгіленеді.»;
«738-2-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру кезінде ақшалай талапты өзгеге беру
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын ақшалай талапты өзгеге беріп қаржыландыру ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасында белгiленедi.
Егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасында өзгеше белгiленбесе, осы тараудың ережелерi мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру мәмілелеріне қолданылады.»;
5) тармақшадағы «нысаналы жарна қаражатына» деген сөздер «трансферттерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
«7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;
5) тармақшадағы «нысаналы жарна қаражатына» деген сөздер «трансферттерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
«6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;
«4. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару ерекшеліктері Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамалық актілерінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленеді.».
«2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген шектеулер жер пайдаланушылардың орман және су қорлары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер құрамындағы, иеліктен шығарылатын ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) орналасқан және оларды пайдалануға арналған жер учаскесіне жер пайдалану құқығына қатысты жасасатын мәмілелеріне, оның ішінде кепілге салуға, сондай-ақ жер учаскелерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін уақытша өтеусіз пайдалануға беруге қолданылмайды.»;
1-тармақтың сегізінші абзацындағы «, оның ішінде концессия шартының» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «, оның ішінде концессиялық жобаларды» деген сөздер алып тасталсын;
«5. Жер учаскесі қызметтік жер телімі тәртібімен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша қорғаныс объектілерін салу, реконструкциялау және пайдалану үшін берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беруіне жол берілмейді.»;
«17) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін жекеше әріптестерге;»;
«5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржолдар мен теміржол көлігі объектілеріне бөліп берілген жер жатады.».
1) 37-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 28-6) және 28-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«28-6) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің каналдар арқылы су беру және тежеуіш гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен жер үстіндегі ағынды суды реттеу жөнінде қызметтер көрсету бөлігіндегі қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырады;
28-7) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекет кепілдігімен тартылған қарыздар бойынша өтеу, оларға қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидия беру және субсидия төлеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 135-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын қағидаларға сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының су қоймаларын, каналдары мен гидротехникалық құрылысжайларын дамытуға мемлекет кепілдігімен тартылған қарыздар бойынша өтеу, оларға қызмет көрсету және қоса қаржыландыру жөніндегі шығыстарды жабуға бюджеттен субсидия беру және субсидия төлеу;».
4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне:
161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацындағы «нысаналы жарна қаражатына» деген сөздер «трансферттерге» деген сөзбен ауыстырылсын.
5. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
«4. Өзге жағдайларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік тәсілі бойынша жүзеге асырылады.
Келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу және іске асыру арқылы, оның ішінде:
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жекелеген түрлері (концессиялық шарт, сервистік келісімшарт) бойынша жекеше әріптеспен, мемлекеттік әріптеспен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартымен байланысты қатынастарды реттейтін құқық нормалары, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей өзгеше көзделмесе, тиісінше концессионерге, концедентке және концессиялық шартқа немесе сервистік келісімшартқа қолданылады.»;
«5. Келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары міндеттемелердің жекелеген түрлерін, оның ішінде мүлікті сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу), мердігерлік, өтеулі қызметтер көрсету міндеттемелерін қамтуы мүмкін.»;