2025 жылғы 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 18 наурыздағы № 175-VIII
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 12.06.2026 жылғы № 311-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 13.08.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2025 жылғы 30 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 21-3) тармақшамен толықтырылсын:
«21-3) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалау – суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалауға және оларды жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеуге бағытталған іздестіру жұмыстарының кешені;»;
2) 37-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 28-7), 28-8) және 28-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«28-7) мынадай:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;
суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28-8) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг жүргізу және оны бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28-9) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг жүргізуді және оны бағалауды ұйымдастырады;»;
3) 95-баптың 7-тармағындағы «жай-күйiнiң мониторингiн және оны бағалауды бюджет қаражаты есебiнен мамандандырылған мемлекеттiк мекемелер жүргiзедi» деген сөздер «жай-күйіне мониторинг және оны бағалау бюджет қаражаты есебiнен жүргiзіледi» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 135-баптың 1-тармағы 7) тармақшасындағы «қаржыландыру болып табылады.» деген сөздер «қаржыландыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау;
7-2) суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау болып табылады;».
3-баптың 6) тармағындағы «шақыру бойынша не келiсiмшарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ запастағы азаматтар жиындардан өтуi кезiнде» деген сөздер «әскери қызметшiлер» деген сөздермен ауыстырылсын.
5) тармақтың бірінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген әскери қызметшiлер, әскери жиындардан өту кезiнде запаста тұрған азаматтар» деген сөздер «әскери қызметшiлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақтағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген, өздерiне бағынысты әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери жиындардан өту кезiнде запаста тұрған азаматтар» деген сөздер «өздерiне бағынысты әскери қызметшiлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 143-баптың бірінші бөлігіндегі «немесе оқу жиынына шақырылған әскери мiндеттiлер» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар» деген сөздер «әскери қызметшiлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырмасыншы бөліктегі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар» деген сөздер «әскери қызметшiлер» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 309-баптың екінші бөлігінің 2) тармағындағы және үшінші бөлігінің 2) тармағындағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерде және әскери құралымдарда шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар» деген сөздер «әскери қызметшілер» деген сөздермен ауыстырылсын.
1) 22-баптың 2-тармағы 7) тармақшасындағы «өтеуге міндетті.» деген сөздер «өтеуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт жасасқаны жөнінде жұмыс берушіні үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.»;
2) 65-баптың 4-тармағы 5) тармақшасындағы «жүргізілген кезеңде шығарылмайды.» деген сөздер «жүргізілген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген жұмыскер жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде шығарылмайды.»;
3) 66-баптың 3-тармағы 8) тармақшасындағы «тану кезеңінде тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «тану;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген жұмыскер жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болу кезеңінде тоқтатыла тұрады.»;
4) 93-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарын берудің кезектілігі осы баптың 1-тармағы негізінде, сондай-ақ жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар өткізу графигіне (ол болған кезде) сәйкес айқындалады.»;
5) мынадай мазмұндағы 124-1-баппен толықтырылсын:
«124-1-бап. Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген жұмыскерлер үшін кепілдік
Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген жұмыскерлердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту кезеңдерінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.».
1) 1-баптың 1-тармағы 77) тармақшасының үшінші абзацындағы «әскери қызметшілерге» деген сөздер «резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 176-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары «әскери қызметшілерден» деген сөздерден кейін «және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерден» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 190-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы «бейбіт» деген сөз «резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, бейбіт» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 212-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша «кезде» деген сөзден кейін «, сондай-ақ келісімшарт мерзімі өткеннен кейін» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша «мерзімді қызметтегі» деген сөздерден кейін «, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
«отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар» деген сөздер «отырып, қызметтен босатылған күннен бастап бүкіл кезеңге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген жыл сайынғы арттыруларды қолдана отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |