• Менің таңдаулыларым
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025 жылғы 20 наурыздағы № 116-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 наурызда № 35847 болып тіркелді

БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Электрондық және биржалық сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы А. Нусупов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 20 наурыздағы
№ 116-НҚ
Бұйрықпен бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарда:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) пайдаланушының есептік жазбасы – тауар биржасының электрондық сауда жүйесінде сақталатын тауар биржасының мүшесі туралы оны тану (аутентификаттау) және биржалық сауда-саттыққа қатысу және мәмілелер жасасу үшін қол жеткізуді ұсыну үшін қажетті деректер жиынтығы;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын уәкілетті органға нақты уақыт режимінде тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне қашықтан қол жеткізу;»;
мынадай мазмұндағы 9-4 тармақпен толықтырылсын:
«9-4. Пайдаланушының есептік жазбасын бұғаттау және биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) өтінім беруді шектеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларында көзделген негіздер бойынша тауар биржасының мүшесін аккредиттеу тоқтатыла тұрған жағдайда тауар биржасы жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген).».
2. «Биржалық тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржалық тауарлардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1-жолмен толықтырылсын:
«

4-1

Көміртек бірліктері

Көміртек бірліктері

көміртегі квотасының бірлігі****

2811 21 000 0


 


 

офсетінің бірлігі*****

2811 21 000 0


 


 

»;
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
«Ескертпе:
**** - тауар биржалары арқылы өткізілуге жататын көміртегі квоталарының көлемін Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 289-бабының 9-тармағына сәйкес квоталау субъектісі айқындайды.
***** - тауар биржалары арқылы өткізілуге жататын офсеттік бірліктердің көлемін жобаның өтініш берушісі Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 298-бабының 7-тармағына сәйкес айқындайды.».
3. «Биржалық сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10993 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Биржалық сауда қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
1) ашылу бағасы – белгілі бір биржалық сауда-саттықта белгілі бір биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша жасалған алғашқы биржалық мәміленің бағасы;
2) базалық баға – биржалық сауда-саттық барысында биржалық тауарға белгіленетін, сауда сессиясы ішінде баға өзгерісінің ең төмен және ең жоғары деңгейін есептеу үшін қабылданатын баға;
3) биржалық сауда - биржалық сауда-саттықты электрондық нысанда жүргізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы тауар биржасында жүзеге асырылатын биржалық тауарлар мен мерзімді келісімшарттарды сату (сатып алу) жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
4) биржалық брокер (бұдан әрі брокер) өз қызметін тауар биржасында жүзеге асыратын және клиенттің тапсырмасы бойынша, оның есебінен және мүддесі үшін биржалық тауармен мәмілелер жасайтын заңды тұлға;
5) биржалық дилер (бұдан әрі – дилер) - тауар биржасында өз қызметін жүзеге асыратын және биржалық тауармен өз мүдделері үшін және өз есебінен мәмілелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі;
6) биржалық қамтамасыз ету биржалық саудаға қатысушылар жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету ретінде биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін тауар биржасының клирингтік орталығына қайтарымды негізде енгізетін ақшалай қамтамасыз ету;
7) биржалық сауда – саттықтар-биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін тауар биржасының электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған, биржалық сауда қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;
8) биржалық саудаға қатысушылар – тауар биржасында биржалық сауданың белгіленген қағидалары бойынша өзара іс-қимыл жасайтын клиенттер, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;
9) биржалық тауар – бірліктері барлық жағынан бірдей, ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас компоненттерден тұратын биржалық тауарлардың тізбесіне және (немесе) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген стандартталған біртекті тауар, бұл оларға әртүрлі өндірушілерден партиялардың толық бірін-бірі алмастыру қасиетіне ие функцияларды орындауға мүмкіндік береді;
10) биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) өтінім – биржалық сауда-саттыққа қатысушының биржалық тауарды сату (сатып алу) туралы ұсынысы (офертасы) немесе осы қағидаларға сәйкес биржалық мәміле жасасу үшін қажетті барлық шарттарды қамтитын биржалық тауарды сатып алу (сату) туралы ұсынысты қабылдау туралы биржалық сауда-саттыққа қатысушының хабарламасы (акцепті);
11) биржалық алым – тауар биржасы биржалық саудаға қатысушылардан биржалық мәмілені тіркегені үшін алатын комиссия;
12) есеп айырысу ұйымы – екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, тауар биржасының клиринг орталығы биржалық сауда-саттықты жүргізу және (немесе) биржалық сауда-саттықта жасалған мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы шарт жасасқан ұйым;
13) жеткiзу базисi – тауарды жеткiзу, тиiстi құжаттарды ресiмдеу, көлiк шығыстарын төлеу жөнiндегi мiндеттердi сатушы мен сатып алушы арасында бөлудi көздейтiн, сондай-ақ тауарға меншiк құқығының сатушыдан сатып алушыға ауысу сәтiн және тауардың кездейсоқ бүлiну немесе жоғалу тәуекелiн айқындайтын биржалық сауда құралының шарттары;
14) жабылу бағасы – белгілі бір биржалық сауда-саттықта белгілі бір биржалық тауар (тауарлар тобы) бойынша жасалған соңғы биржалық мәміленің бағасы;
15) клиент – биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға;
16) кросс-мәміле – брокер екі түрлі клиенттің тапсырмасы бойынша әрекет ете отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;