• Менің таңдаулыларым
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда № 35900 болып тіркелді

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 79) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары бекітілсін.
2. Осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылсын деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Жакупова
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Г. Бейсембаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
  • 1
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі 2025 жылғы
31 наурыздағы № 96 мен
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі
2025 жылғы 31 наурыздағы
№ 57 Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5–тармағының 79) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді, мемлекеттік білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарынан босату тәртібін айқындайды.
2. Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы лауазымына орналасу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 139-бабының 1-тармағына сәйкес тағайындау тәртібімен немесе конкурс бойынша жұмыс берушінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын жұмысқа қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушінің актісін шығару арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын конкурс бойынша қабылдауға конкурстық комиссияның оң қорытындысы негіз болып табылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысын лауазымға тағайындау үшін кандидат ұйымға Кодекстің 32-бабының 1, 2, 3-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
4. Азаматтық қызметке конкурстық негізде кіру бос немесе уақытша бос лауазымдарға «Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20400 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы білім беру ұйымының бірінші басшысын лауазымға тағайындау ол тиісті бос лауазымға қойылатын «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік сипаттамалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату тәртібі
5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысының (бұдан әрі – бірінші басшы) бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Білім басқармасына конкурс өткізу туралы жазбаша өтініш хат жібереді.
6. Жергілікті атқарушы органның орта білім беру ұйымын құру туралы актісінің негізінде конкурс қорытындылары бойынша бірінші басшыны тағайындауға жол беріледі.
  • 1
7. Бірінші басшының бос немесе уақытша бос лауазымының міндеттерін орындау осы білім беру ұйымындағы басшы орынбасарына немесе педагогке конкурстық рәсімдер аяқталғанға дейін алты айдан аспайтын мерзімге осы Қағидалардың 71-тармағының талабы негізінде жүктеледі.
1-параграф. Бiрiншi басшының лауазымына конкурс өткiзу тәртiбi
8. Бірінші басшының лауазымына арналған конкурсты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) жеке құрылымдық бөлімшесі немесе ведомстволық бағыныстылығына қарай облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармасы жариялайды.
  • 1
9. Конкурс бірқатар кезеңдерді қамтиды:
1) бірінші басшының бос немесе уақытша бос лауазымы пайда болған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей, конкурс өткізу туралы хабарландыруды конкурсты жариялаған мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жариялау;
2) конкурсқа қатысуға кандидаттардан құжаттарды қабылдау;
3) кандидаттар құжаттарының Үлгілік біліктілік сипаттамаларының біліктілік талаптарына (бұдан әрі – Үлгілік біліктілік сипаттамалары) сәйкестігін қарау;
4) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы өткізетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу.
10. Президенттік кадр резервіндегі адамдар, Назарбаев университетінің түлектері, Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқудан өткен шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері немесе Quacquarelli Symonds World University Rankings, Times Higher Education (THE) университеттерінің әлемдік рейтингтері, әлемдік университеттердің Academic Ranking of World universities Шанхай рейтингі бойынша әлемнің үздік 100 университетінде оқыған түлектер сертификаттаудан босатылады, кандидат тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжаты, сондай-ақ осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағының 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттары болған, Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келген жағдайда әңгімелесуге жіберіледі.
11. Конкурсты өткізу туралы хабарландырудың мәтіні мынадай ақпаратты қамтиды:
1) ведомствосында және қарамағында мемлекеттік білім беру ұйымы бар мемлекеттік органның атауы;
2) конкурс жарияланған лауазымның атауы;
3) орналасқан жері, қызметінің қысқаша сипаттамасы көрсетілген мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы;
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген бірінші басшының лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;
5) бірінші басшының лауазымдық міндеттері;
6) лауазымдық жалақының мөлшері;
7) конкурсты өткізу мерзімі мен орны;
8) конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны;
9) осы Қағидалардың 1-қосымшасының 8-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі;
10) конкурстық комиссияның отырысына байқаушының қатысуы туралы ақпарат;
11) ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары, электрондық мекенжайлары;
12) уақытша бос лауазымға конкурс өткізген жағдайда, бірінші басшының уақытша бос лауазымының мерзімі.
12. Бірінші басшы лауазымына кандидат құжаттарды конкурсқа қатысуға жібергенге дейін заңнаманы білуге арналған сертификаттаудан және мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде білуге арналған тестілеуден (ҚАЗТЕСТ, QAZAQ RESMI TEST) өз бетінше өтеді.
13. Конкурс жариялаған мемлекеттік орган бос лауазымға орналасуға кандидаттарды іріктеу үшін конкурстық комиссия құру туралы бұйрық шығарады.
14. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім басқармаларының конкурстық комиссиясының құрамы 7 (жеті) адамнан кем емес, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланған төрағадан тұрады. Конкурстық комиссияның құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларының, аудандық/қалалық білім бөлімдерінің өкілдері, мемлекеттік білім беру ұйымдарынының және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылар, басшылардың орынбасарлары, «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаты бар әдіскерлері, үкіметтік емес ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақтар, ардагерлер кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасынан азаматтық қоғамның өкілі мен тәуелсіз сарапшы енгізіледі.