• Мое избранное

Отправить по почте

Стандарттаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Төрағасының 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 29-НҚ бұйрығы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 1-тармағына және «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің Автоматтандырылған ақпараттық жүйесі «Соңғы редакция» сатысына ГОСТ 1467-93 «Кадмий. Техникалық талаптар»  №2 Өзгеріс мемлекетаралық стандарт орналастырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.