Toggle Dropdown
Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 141-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 7 сәуірде № 35952 болып тіркелді
Toggle Dropdown
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қауылысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы Ережесінің 15-тармағының 333) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Осы бұйрыққа1-қосымшаға сәйкес Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы К. Искаков
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 4 сәуірдегі
№ 141-НҚ бұйрыққа
1-қосымша
Toggle Dropdown
1
Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қауылысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi туралы Ережесінің 15-тармағының 333) тармақшасына сәйкес Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік тізілім ұлттық мәдени игілік объектілерін (бұдан әрі – ҰМИО) сақтау және оларға ерекше мән беру мақсатында жүргізіледі.
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік тізілімге ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәні бар ҰМИО туралы мәліметтер (бұдан әрі – ҰМИО туралы мәліметтер) енгізіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Ұлттық тізбені қалыптастыру және жүргізу тәртібі
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік тізілімді мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүргізеді.
Toggle Dropdown
5. Мемлекеттік тізілімге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ҰМИО туралы мәліметтер енгізіледі.
Toggle Dropdown
6. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар жаңа объектілер мен ҰМИО заттарының анықталуына қарай қажетті мәліметтері бар ақпаратты уәкілетті органға береді.
Toggle Dropdown
7. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру үшін уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын өзінің Интернет-ресурсында тиісті ақпаратты жариялайды.
Toggle Dropdown
8. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар беретін ҰМИО туралы мәліметтер:
Toggle Dropdown
1) ҰМИО-ның толық атауын;
Toggle Dropdown
2) ҰМИО-ның сипаттамасын;
Toggle Dropdown
3) ҰМИО-ның жасалған күнін;
Toggle Dropdown
4) ҰМИО деректерін;
Toggle Dropdown
5) ҰМИО-ның шыққан жерін;
Toggle Dropdown
6) ҰМИО-ның орналасқан жерін;
Toggle Dropdown
7) ҰМИО-ның фотосуретін қамтиды.
Toggle Dropdown
9. ҰМИО туралы мәліметтерді уәкілетті орган келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде қарайды.
Toggle Dropdown
10. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ҰМИО туралы құжаттар топтамасы не (немесе) мәліметтер толық келіп түспеген жағдайда, уәкілетті орган талаптарға сәйкессіздікті анықтаған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.
Toggle Dropdown
Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар бас тарту туралы ақпаратты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде талаптарға сәйкес келетін құжаттарды уәкілетті органға қайта жолдайды.
Toggle Dropdown
11. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган талаптарға сәйкестігін айқындаған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҰМИО туралы құжаттар топтамасын не (немесе) мәліметтерді ұсынымдар алу үшін уәкілетті орган жанынан құрылған тұрақты жұмыс істейтін Мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияның мүшелеріне (бұдан әрі – Комиссия) жібереді.
Toggle Dropdown
12. Комиссия ҰМИО-де ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәнінің болуы немесе болмауы туралы ұсынымдық сипатта шешімдер қабылдайды, оны хаттамамен ресімдейді.
Toggle Dropdown
13. Комиссия хаттамасының негізінде уәкілетті орган осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзім iшiнде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Toggle Dropdown
1) ҰМИО туралы мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізу;
Toggle Dropdown
2) ҰМИО туралы мәліметтер ел тарихы және мәдениеті үшін ерекше мәні болмағандықтан, Мемлекеттік тізілімге енгізуге жатпайды.
Toggle Dropdown
14. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға қабылданған шешім туралы хабарлайды.
Toggle Dropdown
Ұлттық мәдени игілік объектілерінің
мемлекеттік тізілімін қалыптастыру
және жүргізу қағидаларына
қосымша
Toggle Dropdown
Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттiк тiзiлімі
Toggle Dropdown
|
Р/с №
|
ҰМИО-ның атауы
|
ҰМИО-ның сипаттамасы (қысқаша сипаттамасы, шыққан жері)
|
ҰМИО-ның жасалған күні
|
ҰМИО-ның деректері (материалдың атауы, мөлшері, салмағы, саны)
|
ҰМИО-ның орналасқан жерi
|
ҰМИО-ның фотосуреті
|
Тiзiлiм нөмірі
|
Өзге де мәлiме-ттер
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
Toggle Dropdown
Ескертпе: ҰМИО – ұлттық мәдени игілік объектілері
Toggle Dropdown
1
Бұйрыққа 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 4 сәуірдегі
№ 141-НҚ
Toggle Dropdown
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізімі
Toggle Dropdown
1. «Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10967 болып тіркелген).
Toggle Dropdown
2. «Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 300 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16041 болып тіркелген).
Toggle Dropdown
3. «Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 369 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31201 болып тіркелген).
Toggle Dropdown
4. «Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 265-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34586 болып тіркелген).