Toggle Dropdown
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 143-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 8 сәуірде № 35957 болып тіркелді
Toggle Dropdown
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 44) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мына бұйрықтардың:
Toggle Dropdown
1) «Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 144 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22651 болып тіркелген);
Toggle Dropdown
2) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 33 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі 4-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31773 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасныңы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары
білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жоғары аудиторлық палатасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі 2025 жылғы
7 сәуірдегі № 143-НҚ
бұйрығына қосымша
Toggle Dropdown
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 44) тармақшасына сәйкес әзірленді және ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) – мемлекеттік органның ашық деректерін орналастыру үшін интернет-порталдағы жұмыс орны;
Toggle Dropdown
2) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
3) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпаратқа қол жеткізу саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
4) бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, интернет-басылым;
Toggle Dropdown
5) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға, өзгертілмеген түрде қайта жариялауға арналған деректер;
Toggle Dropdown
6) ашық деректердің интернет-порталы (бұдан әрі – Портал) – ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
Toggle Dropdown
7) әкімші – мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелерінің (бұдан әрі – мемлекеттік орган), мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушыларының жұмысын ұйымдастыратын мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, функцияларды орындаушының ашық деректердің интернет-порталындағы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар өкілі;
Toggle Dropdown
8) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар – «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексімен белгіленген тәртіппен орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері және олардың бірлестіктері, өзін-өзі реттейтін және үкіметтік емес ұйымдар;
Toggle Dropdown
9) «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор) – «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де функциялар жүктелген Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.
Toggle Dropdown
2-тарау. Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібі
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орындаушылар ақпаратты Порталда орналастыру тәртібі ашық деректерді орналастыруды және өзекті етуді қамтиды.
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларын орындаушылар қазақ және орыс тілдеріндегі ашық деректерді Порталда орналастырады және өзектендіреді.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік органдар Заңның 6-2-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес ашық деректерді орналастырады және өзектендіреді.
Toggle Dropdown
5. Порталда мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың ашық деректерін орналастыруы Excel шаблонына сәйкес жүзеге асырылады және конвертер деректерді Осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес ашық деректерді беру форматына сәйкес JSON (Java Script Object Notation) немесе XML (Java Script Object Notation) форматтарында аударады.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, функцияларды орындаушылардың ашық деректерді JSON немесе XML форматына аударуы АЖО-да орналастырылған құралды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
Құралды пайдалану үшін мемлекеттік органдар, мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген ашық деректерді JSON немесе XML форматына аудару жөніндегі құралды пайдалануға арналған сипаттамаға сәйкес ашық деректерді қалыптастырады.
Toggle Dropdown
6. Порталда орналастырылатын ашық деректер ашық деректердің сипаттамасын, ашық деректер өрістерінің сипаттамасын және машинада оқылатын түрдегі ашық деректерді қамтиды.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылардың АРІ (Application Programming Interface) қолдана отырып, ашық деректерді орналастыру егер ұсынылатын ақпарат мемлекеттік органның, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушының ақпараттық жүйесінде қамтылған жағдайда жүргізіледі.
Toggle Dropdown
7. Ашық деректерді алу қажет болған жағдайда, ақпарат пайдаланушы еркін нысанда ашық деректерді орналастыруға өтінімді Портал арқылы тиісті мемлекеттік органға, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемеге, квазимемлекеттік сектор субъектісіне, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушыға жібереді.
Toggle Dropdown
8. Сервистік интегратор ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, ақпарат пайдаланушылардан келіп түскен өтінімдерді өңдеуді жүргізеді. Өңдеуден өткен өтінімдерді үш жұмыс күні ішінде сервистік интегратор АЖО арқылы әкімшіге жібереді.
Toggle Dropdown
9. Егер ақпарат пайдаланушы сұратқан ашық деректер Заңға қайшы келмесе, мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде АЖО арқылы Порталда ашық деректерді орналастырады.
Toggle Dropdown
Кері жағдайда мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы өтінім алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде АЖО арқылы ашық деректерді орналастырудан бас тартады.
Toggle Dropdown
10. Ақпарат пайдаланушыға мемлекеттік орган, мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік сектор субъектісі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушы тиісті шешім қабылдаған кезден бастап өтінімді қарау мәртебесі туралы хабарлама автоматты түрде жіберіледі.
Toggle Dropdown
1
Ашық деректердің
интернет-порталында
ақпаратты орналастыру
қағидаларына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Ашық деректерді ұсыну форматы
Toggle Dropdown
1. Ашық деректерді жариялау форматы
Toggle Dropdown
«meta»: {
Toggle Dropdown
«apiUri»: «»,
Toggle Dropdown
«nameKk»: «»,
Toggle Dropdown
«nameRu»: «»,
Toggle Dropdown
«nameEn»: «»,
Toggle Dropdown
«descriptionKk»: «»,
Toggle Dropdown
«descriptionRu»: «»,
Toggle Dropdown
«descriptionEn»: «»,
Toggle Dropdown
«keywords»: [],
Toggle Dropdown
«responsible»: {
Toggle Dropdown
«fullnameKk»: «»,
Toggle Dropdown
«fullnameEn»: «»,
Toggle Dropdown
«fullnameRu»: «»,
Toggle Dropdown
«phone»: «»,
Toggle Dropdown
«email»: «»,
Toggle Dropdown
«owner»: {
Toggle Dropdown
«fullnameKk»: «»,
Toggle Dropdown
«fullnameEn»: «»,
Toggle Dropdown
«fullnameRu»: «»,
Toggle Dropdown
«phone»: «»,
Toggle Dropdown
«email»: «»
Toggle Dropdown
«fields»: {
Toggle Dropdown
«<fieldName>»: { «type»: «Int | String | Double | Boolean
Toggle Dropdown
|Date | Geoposition», «labelKk»: «», «labelRu»: «», «labelEn»: «»,
Toggle Dropdown
«datapath»: «.», «pkey»: true},
Toggle Dropdown
«<fieldName>»: { «type»: «Object», «labelKk»: «»,
Toggle Dropdown
«labelRu»: «», «labelEn»: «»,
Toggle Dropdown
«fields»: {}
Toggle Dropdown
«<fieldName>»: { «type»: «List», «labelKk»: «»,
Toggle Dropdown
«labelRu»: «», «labelEn»: «», «elementType»: «Int | String | Double
Toggle Dropdown
|Boolean | Date | Geoposition | Object | List»
Toggle Dropdown
«fields»: {}
Toggle Dropdown
«data»: [{}..{}]
Toggle Dropdown
2. Формат бойынша ашық деректер жолдарының сипаттамасы
Toggle Dropdown
р/с №
|
Жолдың атауы
|
Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі
|
Жолдың типі
|
Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар
|
1.
|
apiUri
|
Ашық деректердің сәйкестендіргіші
|
Жол (100)
|
Ашық деректердің бірегей сәйкестендіргіші
|
2.
|
NameKk/NameRu
|
Ашық деректердің атауы
|
Жол (255)
|
Ашық деректердің толық атауы
|
3.
|
DescriptionKk/descriptionRu
|
Ашық деректердің сипаттамасы
|
Мәтін
|
Ашық деректердің толық сипаттамасы
|
4.
|
Keywords
|
Ашық деректердің түйінді сөздері
|
Массив/ Тізім
|
Түйінді сөздер
|
5.
|
Responsible.fullnameKk/ Responsible.fullnameRu
|
Ашық деректерге жауапты адам
|
Жол (100)
|
Ашық деректерге жауапты тұлғаның ТАӘ
|
6.
|
Responsible.phone
|
Телефон нөмірі
|
Жол (50)
|
жауапты тұлғаның телефон нөмірі
|
7.
|
Responsible.email
|
Электрондық поштаның мекенжайы
|
Жол (50)
|
Жауапты тұлғаның электрондық поштасының мекенжайы
|
Toggle Dropdown
3. Ашық деректер жолдарының сипаттамасы
Toggle Dropdown
р/с №
|
Жолдың атауы
|
Қазақ/орыс тіліндегі жолдың типі
|
Жолдың типі
|
Атрибуттар мәніне қойылатын қосымша (арнайы) талаптар
|
Ашық деректері мысал
|
1.
|
Жолдардың атауы
|
Бүтін сандар
|
Int
|
Атрибут сандық мәнді қамтиды
|
id: { type: «Int», labelKk: « ИД», labelRu: « ИД», labelEn: «ID», pkey: true},
|
2.
|
Бүтін емес сандар
|
Double
|
Атрибут сандық емес мәнді қамтиды
|
|
3.
|
Жол
|
String
|
Атрибуттың мәні тек мынадай символдарды қамтиды:
Қазақ және орыс әліпбиінің бас (жазылған) және кіші әріптерін қамтиды – [A, Я] және [а, я].
"Нөмір" белгісі
"Дефис" белгісі
"Дөңгелек" жақшалар
Сөз бөлгіш – "аралық" дара нышан
"Үтір" белгісі
"Нүкте" белгісі
|
title: { type: «String», labelKk: « Атауы», labelRu: « Атауы», labelEn: «Title»}
|
4.
|
Логикалық мәні
|
Boolean
|
true/false
|
published: {type: «Boolean», labelKk: « Жарияланған», labelRu: « Жарияланған», labelEn: «Published»},
|
5.
|
Күні
|
Date
|
Атрибут күнін қамтиды. Мәні мынадай түрде: КК-АА-ЖЖЖЖ сс:мм
|
date: {type: «Date», labelKk: « Күні», labelRu: « Күні», labelEn: «Date»},
|
6.
|
Геопозиция
|
Geoposition
|
Атрибут жер бетіндегі нүктенің орналасуы туралы ақпаратты қамтиды–
Х координатары: У координаттары
|
|
7.
|
Парақ
|
List
|
List атрибуты деректердің кеңейтілетін массивін қамтиды
|
|
8.
|
Объект
|
Object
|
Атрибут басқа немесе салынған объектілердің сипаттамасы үшін пайдаланылады
|
|
Toggle Dropdown
4. Ашық деректер жолдары атрибуттарының сипаттамасы
Toggle Dropdown
р/с №
|
Атрибуттың атауы
|
Атрибуттың сипаттамасы
|
Болжамды мәні
|
1.
|
type
|
Атрибут жол типін көрсетеді
|
Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List
|
2.
|
labelKk
|
Қазақ тілдегі атрибуттың атауы
|
|
3.
|
labelRu
|
Орыс тіліндегі атрибуттың атауы
|
|
4.
|
elementType
|
Атрибут массив ішіндегі объектінің типін көрсетеді
|
Int, String, Double, Boolean, Date, Geoposition, Object, List
|
5.
|
pkey
|
Атрибут жол бірегей сәйкестендіргіш болып табылатын белгіні көрсетеді
|
true, false
|
6.
|
fields
|
Атрибут объектінің ішкі жолын сипаттайды
|
|
7.
|
datapath
|
Атрибут бірегей сәйкестендіргіші бар деректердің басқа да ашық деректерінің сілтемесіне арналған
|
«<ашық дерек сәйкестендіргіші>.< объектінің сәйкестендіргіші>»
|
Toggle Dropdown
1
Ашық деректердің
интернет-порталында ақпаратты
орналастыру қағидаларына
2-қосымша
Toggle Dropdown
Ашық деректерді JSON, ХМL форматына көшіру құралын пайдалану сипаттамасы
Toggle Dropdown
Жолдың атауы
|
Мәні
|
Мысалы
|
Ашық деректердің сәйкестендіргіші
|
|
р/с №
|
Қазақ тілдегі ашық деректердің атауы*
|
|
Астана қаласының дәріханалары
|
Орыс тіліндегі ашық деректердің атауы*
|
|
Аптеки города Астана
|
Қазақ тілдегі ашық деректердің сипаттамасы*
|
|
Көрсетілген ашық деректер Астана қаласының дәріханалар ақпаратын қамтиды
|
Орыс тіліндегі ашық деректердің сипаттамасы*
|
|
Указанные открытые данные содержат информацию об аптеках города Астана
|
Қазақ және орыс тілдеріндегі түйінді сөздер*
|
|
Дәріхана, аптека
|
Жауапты адамның қазақ тілдегі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)*
|
|
Ақышев Жеңіс Бекенұлы
|
Жауапты адамның орыс тіліндегі тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)*
|
|
Акишев Женис Бекенович
|
Жауапты адамның телефон нөмірі*
|
|
+7(7172)740479
|
Жауапты адамның электрондық поштасы*
|
|
zh.akishev@mki.gov.kz
|
Toggle Dropdown
Ескертпе: * міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар
Toggle Dropdown
2. Ашық деректер жолдарының сипаттамасы
Toggle Dropdown
Жол
|
Қазақ тілдегі жолдың атауы*
|
Орыс тіліндегі жолдың атауы*
|
Жолдың типі*
|
Күнінің форматы (жолдың типі күні болса)*
|
Ашық деректердің ішіндегі нақты объектіге сілтеме
|
Жол бірегей сәйкестендіргіш болып табылатын белгіні көрсету
|
Массив ішіндегі объектінің типін көрсету
|
Үлгі
|
id
|
р/с №
|
№ п/п
|
string
|
|
|
true
|
|
name
|
Атауы
|
Название
|
string
|
|
|
false
|
|
region
|
Өңір
|
Регион
|
string
|
|
|
false
|
|
geoposition
|
Геонүкте
|
Геопозиция
|
geoposi-tion
|
|
|
false
|
|
address
|
Мекенжайы
|
Адрес
|
address
|
|
|
false
|
|
schedule
|
Жұмыс істеу кестесі
|
График работы
|
text
|
|
|
false
|
|
expireDate
|
Лицензияның аяқталу мерзімі
|
Срок истечения лицензии
|
date
|
|
|
false
|
|
Toggle Dropdown
Ескертпе: 1. * Міндетті түрде толтырылуы тиіс жолдар; 2. Ашық деректер жолының сипаттамасы, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген.
Toggle Dropdown
3. Ашық деректерді қалыптастыру шаблоны
Toggle Dropdown
id
|
name
|
region
|
geoposition
|
address
|
1.
|
Гиппократ
|
Астана
|
51.117469,71.428171
|
Астана қаласы, «Ильинка» Т.А. Есет батыр көшесі 18-үй
|
2.
|
Зеленая аптека
|
Астана
|
51.121077,71.419938
|
Астана қаласы, Достық шағын ауданы, Сауран көшесі 5-үй
|