Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 7 сәуірдегі № 146-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 9 сәуірде № 35961 болып тіркелді
Toggle Dropdown
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 35-15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15- тармағының 345) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығы бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі 2025 жылғы
7 сәуірдегі № 146-НҚ
бұйрығына 1-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын бекіту туралы
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару бойынша нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 35-15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 345) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын (бұдан әрі – музей заттары) есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару тәртібін тиянақтайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) бейінді емес музей заттары – музейдің негізгі бейініне жатпайтын музей заттары;
Toggle Dropdown
2) ғылыми-көмекші қор – көшірілуі, сақталу жай-күйі, бастапқы фрагменттілігі, сақтау мерзімдерінің шектелуі және/немесе өзге де себептері бойынша шектеулі ақпараттылығы бар және музей заттарын зерттеу және пайдалану кезінде қосымша функцияны орындайтын мәдени құндылықтардың жиынтығы;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік музей қоры (бұдан әрі – музей қоры) – мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдар қорындағы және Қазақстан Республикасына тиесілі әрбір мәдени құндылықтардың жиынтығы;
Toggle Dropdown
4) музей заты – қолданыстағы ортадан алынып, музейге әкелінген мәдени құндылық;
Toggle Dropdown
5) музей заттарының атрибуциясы – музей затына тән барлық белгілерді: материалын, пішінін, құрылғысын, өлшемін, өндіріс әдісін, мақсатын, стилін, уақыты мен орнын, авторлық құқығын, әлеуметтік және этникалық өмір сүру ортасын, тарихи және мемориалдық маңызын анықтау;
Toggle Dropdown
6) музей коллекциясы – музей затының қасиетін тек шығу тегінің сипатына байланысты, түрлік туыстығы немесе басқа белгілері бойынша біріктіретін мәдени құндылықтар жиынтығы;
Toggle Dropdown
7) музейдің дерекқоры (бұдан әрі – ДҚ) – музей заттары мен музей коллекцияларының мемлекеттік есепке алынуын қамтамасыз ететін, музей жинағына кіретін және Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген музей заты мен музей коллекциясы туралы мәліметтердің жиынтығы;
Toggle Dropdown
8) негізгі қор – мемлекеттік музейлер, музей-қорықтар мен басқа да мемлекеттік ұйымдардың қорында тұрақты пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына тиесілі мәдени құндылықтардың жиынтығы;
Toggle Dropdown
9) уақытша сақтау қоры – музейлердің қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясының қарауы үшін оларды ғылыми зерделеу, қалпына келтіру, консервациялау, экспонаттау және мұражай жарғысында айқындалған өзге де мақсаттар үшін музей уақытша сақтауға қабылдаған заттардың жиынтығы;
Toggle Dropdown
10) цифрлық форматқа ауыстырылған музей заты – ақпараттық технологиялардың көмегімен цифрланған және электрондық тасығыштарда сақталатын мәдени құндылық;
Toggle Dropdown
11) эксперименттік қор – құрамына утилитарлық заттардан жасалған музей керек-жарақтары немесе ұзақ пайдалануға тұрақтылығы анықталмаған және уақытпен тексерілмеген қазіргі заманғы материалдардан жасалған заттар кіретін заттар жиынтығы.
Toggle Dropdown
2-тарау. Музей заттарын есепке алу
Toggle Dropdown
3. Музей заттарын есепке алу олардың саны мен құрамын анықтау, сәйкестендіру, оңтайлы сақтауды ұйымдастыру, орналасқан жерін жедел белгілеу, құрамы мен сақталу жағдайындағы өзгерістерді бақылау, ғылыми зерттеу және тиімді пайдалану мақсатында есепке алу құжаттамасында тіркеу болып табылады.
Toggle Dropdown
4. Музей тұрақты немесе уақытша пайдалануға қабылдаған барлық музей заттары осы Нұсқаулықтың 1, 2-параграфында айқындалған тәртіппен есепке алынуға жатады.
Toggle Dropdown
5. Музейдің ДҚ музей заттарын автоматты режимде есепке алуды ақпараттық қолдауды, осы музейде қандай да бір музей затының болуы туралы мәліметтерді іздеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
ДҚ деректемелерінің тізбесі осы Нұсқаулықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21-қосымшаларында белгіленген негізгі есепке алу құжаттарының көрсеткіштеріне сәйкес қалыптастырылады.
Toggle Dropdown
6. Музей заттарын есепке алу екі кезеңде қарастырылады:
Toggle Dropdown
1) музей заттарын алғашқы тіркеу;
Toggle Dropdown
2) музей заттарын түгендеу.
Toggle Dropdown
1
1-параграф. Музей заттарын алғашқы тіркеу
Toggle Dropdown
7. Бастапқы тіркеу кезінде музей заттарына тиісті акт жасалады.
Toggle Dropdown
Музей актілеуді музей заттарын қабылдаған күннен немесе берген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде және 3 (үш) данада жүргізеді:
Toggle Dropdown
1) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша музей заттарын тұрақты сақтауға қабылдау актісімен;
Toggle Dropdown
2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша сақтауға қабылдау актісімен;
Toggle Dropdown
3) осы Нұсқаулықтың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша музей заттарын тұрақты сақтауға беру актісімен;
Toggle Dropdown
4) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша музей заттарын уақытша сақтауға беру актісімен;
Toggle Dropdown
5) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уақытша сақтаудан музей заттарын қайтару актісімен (бұдан әрі – Актілер) ресімделеді.
Toggle Dropdown
8. Актілер:
Toggle Dropdown
1) осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Музей заттарын тұрақты сақтауға қабылдау актілерін тіркеу кітабында;
Toggle Dropdown
2) осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Музей заттарын уақытша сақтауға қабылдау актілерін тіркеу кітабында;
Toggle Dropdown
3) осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Музей заттарын тұрақты сақтауға беру актілерін тіркеу кітабында;
Toggle Dropdown
4) осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Музей заттарын уақытша сақтауға беру актілерін тіркеу кітабында;
Toggle Dropdown
5) осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Музей заттарын уақытша сақтаудан қайтару актілерін тіркеу кітабында (бұдан әрі – тіркеу кітаптары) тіркеледі.
Toggle Dropdown
9. Негізгі, ғылыми-қосалқы, уақытша және эксперименттік қорларға тұрақты сақтауға қабылданатын музей заттарын актілеу және салыстыру Қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясының (бұдан әрі – ҚСА (ҚІК) хаттамасы негізінде жүзеге асырылады.