Toggle Dropdown
Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 177-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 22 сәуірде № 36008 болып тіркелді
Toggle Dropdown
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2 бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 496-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса берілген Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Мыналардың:
Toggle Dropdown
1) «Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 606-НҚ бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 33860 болып тіркелген);
Toggle Dropdown
2) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 3 маусымдағы № 221-НҚ бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 34467 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы К. Искаков
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғарғы білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы аудиторлық палатасы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет)
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 18 сәуірдегі
№ 177-НҚ
бұйрығымен бекітілген
Toggle Dropdown
Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Ақпарат иеленушілердің ашықтық стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 496-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және ақпарат иеленушілердің ақпаратқа қол жеткізуді және қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған қоғамдық қатынастардың оқшауланған саласы үшін белгіленген ең төменгі талаптар жүйесін анықтайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Стандартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган – ақпаратқа қол жеткізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
2) ақпарат иеленушілер – мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелері; мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер; квазимемлекеттік сектор субъектілері; мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты ақпарат бөлігінде – бюджет қаражатын алушылар болып табылатын заңды тұлғалар; өздері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты ақпарат бөлігінде – мемлекеттік монополия, арнайы құқық субъектілері; экологиялық ақпаратқа, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдарлары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және азаматтардың денсаулығына, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін басқа да факторлар туралы ақпарат бөлігінде – заңды тұлғалар; орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар;
Toggle Dropdown
3) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
4) ақпаратты проактивті тарату – қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, ақпарат пайдаланушының сұрау салуынсыз және ақпарат иеленушінің бастамасы бойынша өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және (немесе) адамдардың шектеусіз тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын актілер мен шешімдерді қабылдауға жұртшылықтың қатысуы мүддесінде ақпаратты тарату;
Toggle Dropdown
5) ашық бюджеттердің интернет-порталы – бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жариялануға жататын өзге де материалдарды, ақпарат пен құжаттарды орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
Toggle Dropdown
6) ашық деректердің интернет-порталы – ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
Toggle Dropdown
7) ашық диалогтың интернет-порталы – мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
Toggle Dropdown
8) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы – қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және Заңға сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
Toggle Dropdown
9) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ таратылуы шектелген қызметтік ақпарат;
Toggle Dropdown
10) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық платформа (бұдан әрі – МО ИРБП);
Toggle Dropdown
11) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әзірленетін мемлекеттік органдардың даму жоспарларының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
Toggle Dropdown
12) мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы – азаматтардың сұрау салуды жіберу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларынан оларға жауап алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі (бұдан әрі – бірінші басшыларының блог-платформасы).
Toggle Dropdown
3. Стандарттың міндеттері:
Toggle Dropdown
1) ақпарат иеленушілердің қызметі туралы халықтың хабардар болуын күшейту;
Toggle Dropdown
2) ақпарат иеленушілердің ашықтығы мен айқындығын арттыру;
Toggle Dropdown
3) ақпарат иеленушілердің проактивтілігін дамыту болып табылады.
Toggle Dropdown
2-тарау. Ақпарат иеленушілердің сақтауы үшін ең төменгі талаптар
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін- өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелері (бұдан әрі – мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары) иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін ең төменгі мынадай:
Toggle Dropdown
1) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Заңда және ішкі құжаттарда көзделген толық, өзекті және анық ақпаратты уақтылы ашу;
Toggle Dropdown
2) ашық отырыс басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің ресми интернет-ресурсында және (немесе) өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында отырыстың анонсы мен күн тәртібін (ол болған кезде) орналастыра отырып, орталық атқарушы органдардың алқалы органдарының және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ашық отырыстарын онлайн-трансляциялау өткізу;
Toggle Dropdown
3) келіп түскен ақпарат сұрау салуларына Заңда белгіленген мерзімдерде толық және анық ақпарат беру және олардың есебін жүргізу. Сұратылатын ақпарат бірнеше ақпарат иеленушілердің құзыретіне кіретін және жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде өзге де ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, ақпарат иеленушінің басшысы қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартады, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде ақпарат пайдаланушыға хабар беріледі;
Toggle Dropdown
4) Заңның 16-бабының 3 және 6-тармақтарында көзделген ақпаратты МО ИРБП-ға орналастыру. Интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілген. Қажет болған жағдайда интернет-ресурстың басқа тілдердегі нұсқалары да бар;
Toggle Dropdown
5) МО ИРБП-да жаңалықтар легін күн сайын, өзге де бөлімдерді – ақпаратты алған немесе жасаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өзектендіру;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 40-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 849 бұйрығымен бекітілген Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24634 болып тіркелген) сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылау жүргізу, сондай-ақ келіп түскен ескертулерге және (немесе) ұсыныстарға жауап беру;
Toggle Dropdown
7) әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, бюджеттік бағдарламалардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерге олардың жария талқылауларын өткізу мерзімдері туралы халықты хабардар етуге бағытталған баспасөз релиздерін (анонстарды), ақпараттық хабарларды МО ИРБП-да орналастыру;
Toggle Dropdown
8) ашық диалогтың интернет-порталында интернет-конференциялар және сауалнамалар өткізу. Интернет-конференциялар және сауалнамалар тақырыбын айқындау кезінде ашық диалогтың интернет-порталына келіп түскен ақпарат пайдаланушылардың өтінімдерін қоса алғанда, тақырыптың өзектілігі мен қоғамның сұраныстарын негізге алу;
Toggle Dropdown
9) ашық диалогтың интернет-порталында интернет-конференциялар мен сауалнамалар өткізу кезінде МО ИРБП-да хабарландырулар орналастыру. Ашық диалогтың интернет-порталында интернет-конференцияны өткізу кезінде – оны өткізу күніне дейін кемінде бір жұмыс күні бұрын, сауалнаманы өткізу кезінде – іске қосылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;
Toggle Dropdown
10) ашық диалогтың интернет-порталында бірінші басшының блогында аптасына кемінде бір жазба орналастыру. Жазбалардың тақырыптарын айқындау кезінде қоғамның сұраныстары мен тақырыптың өзектілігін негізге алу;
Toggle Dropdown
11) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығымен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32813 болып тіркелген) көзделген ашық деректерді орналастыру, сондай-ақ ашық деректердің орналастыру және өзектендіру мерзімдерін сақтау;
Toggle Dropdown
12) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 118-НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, аумақтарды дамыту жоспарлары мен бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруға, сонымен қатар мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35899 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік органдардың қызметін жария талқылауды жүргізу.
Toggle Dropdown
13) орналасқан үй-жайларда ақпараттық стендті және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарды оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етіп, келесі ақпаратты (бірақ онымен шектелмей) көрсете отырып орналастыру: өз қызметі; жұмыс режимі; азаматтарды қабылдау кестесі; жолданымдарды беру, қарау және шешімдерге (әрекеттерге) шағымдану тәртібі; кеңсе мен персоналды басқару қызметі телефондарын қоса алғанда, байланыс деректері; әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар және ресми интернет-ресурсқа сілтеме;
Toggle Dropdown
14) ұлттық стандарт талаптарына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың ақпараттық стендтерге, сондай-ақ ресми интернет-ресурсқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ақпаратқа деген қажеттіліктерін айқындау үшін мүгедектігі бар адамдардың өкілдерімен жарты жылда бір реттен кем емес кездесулер өткізу;
Toggle Dropdown
15) қоғамның ашық деректерге қажеттілігін анықтауға бағытталған әр тоқсанда бір реттен кем емес іс-шараларды өткізу;
Toggle Dropdown
16) бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, халық бірнеше рет сұрататын ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;
Toggle Dropdown
17) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органы қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтитын жыл сайын ведомстволық ашықтық жоспарын әзірлеу;
Toggle Dropdown
18) ақпаратты пайдаланушылармен проактивті түрде өзара іс-қимыл жасау талаптарын сақтайды.
Toggle Dropdown
5. Иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін квазимемлекеттік сектор субъектілері ең төменгі мынадай:
Toggle Dropdown
1) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген толық, өзекті және анық ақпаратты уақтылы ашу;
Toggle Dropdown
2) келіп түскен ақпарат сұрау салуларына Заңда белгіленген мерзімде толық және анық ақпарат беру және олардың есебін жүргізу;
Toggle Dropdown
3) құрылымдалған, пайдалану және навигация үшін ыңғайлы болатын ресми интернет-ресурстың болуы;
Toggle Dropdown
4) Заңның 16-бабының 8-тармағында, сондай-ақ «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінде көзделген ақпаратты интернет-ресурста орналастыру;
Toggle Dropdown
5) интернет-ресурсты аптасына бір реттен кем емес, жаңалықтар легін күн сайын өзектендіруді жүзеге асыру. Тұрақты негізде интернет-ресурста орналастырылған ақпараттың толықтығы мен өзектілігін бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ осы ақпараттың интернет-ресурста орналастырылған қазақша, орысша және өзге де (болған жағдайда) нұсқаларына сәйкестігін айқындау;
Toggle Dropdown
6) ашық диалогтың интернет-порталында бірінші басшының блогын құруды және келіп түскен сұрау салуларға Заңда белгіленген мерзімде жауап беруді қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
7) ашық диалогтың интернет-порталында тұрақты негізде интернет-конференциялар және сауалнамалар өткізу. Интернет-конференциялар және сауалнамалар тақырыбын айқындау кезінде ашық диалогтың интернет-порталына келіп түскен ақпарат пайдаланушылардың өтінімдерін қоса алғанда, тақырыптың өзектілігі мен қоғамның сұраныстарын негізге алу;
Toggle Dropdown
8) ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталына орналастыру және кейіннен олардың уақтылы өзектендірілуін қамтамасыз ету. Қоғам қажеттіліктерін негізге ала отырып, ашық деректердің тізбесін (орналастыруға жауапты тұлғалармен және өзектендіру мерзімдерімен) айқындау және оны тиісті актімен (шешімімен) бекіту;
Toggle Dropdown
9) орналасқан үй-жайларда ақпараттық стендті және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарды оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етіп, келесі ақпаратты (бірақ онымен шектелмей) көрсете отырып орналастыру: өз қызметі; жұмыс режимі; азаматтарды қабылдау кестесі; жолданымдарды беру, қарау және шешімдерге (әрекеттерге) шағымдану тәртібі; кеңсе мен персоналды басқару қызметі телефондарын қоса алғанда, байланыс деректері; әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар және ресми интернет-ресурсқа сілтеме;
Toggle Dropdown
10) ұлттық стандарт талаптарына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың ақпараттық стендтерге, сондай-ақ ресми интернет-ресурсқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ақпаратқа деген қажеттіліктерін айқындау үшін мүгедектігі бар адамдардың өкілдерімен жарты жылда бір реттен кем емес кездесулер өткізу;
Toggle Dropdown
11) ашық отырыс басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің ресми интернет-ресурсында және (немесе) өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында отырыстың анонсы мен күн тәртібін (ол болған кезде) орналастыра отырып, онлайн-трансляциялау өткізу;
Toggle Dropdown
12) бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, халық бірнеше рет сұрататын ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;
Toggle Dropdown
13) квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін қамтитын жыл сайын ведомстволық ашықтық жоспарын әзірлеу;
Toggle Dropdown
14) ақпаратты пайдаланушылармен проактивті түрде өзара іс-қимыл жасау талаптарын сақтайды.
Toggle Dropdown
6. Иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер ең төменгі мынадай:
Toggle Dropdown
1) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген толық, өзекті және анық ақпаратты уақтылы ашу;
Toggle Dropdown
2) ашық отырыс басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей, өзінің ресми интернет-ресурсында және (немесе) өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында отырыстың анонсы мен күн тәртібін (ол болған кезде) орналастыра отырып, онлайн-трансляциялау өткізу;
Toggle Dropdown
3) келіп түскен ақпарат сұрау салуларына Заңда белгіленген мерзімде толық және анық ақпарат беру және олардың есебін жүргізу;
Toggle Dropdown
4) құрылымдалған, пайдалану және навигация үшін ыңғайлы болып табылатын интернет-ресурс құру, және Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген ақпаратты орналастыру. Интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілген. Қажет болған жағдайда интернет-ресурстың басқа тілдердегі нұсқалары да бар;
Toggle Dropdown
5) интернет-ресурсты аптасына бір реттен кем емес, жаңалықтар легін күн сайын өзектендіруді жүзеге асыру. Тұрақты негізде интернет-ресурста орналастырылған ақпараттың толықтығы мен өзектілігін бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ осы ақпараттың интернет-ресурста орналастырылған қазақша, орысша және өзге де (болған жағдайда) нұсқаларына сәйкестігін айқындау;
Toggle Dropdown
6) ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталына орналастыру және кейіннен олардың уақтылы өзектендірілуін қамтамасыз ету. Қоғам қажеттіліктерін негізге ала отырып, ашық деректердің тізбесін (орналастыруға жауапты тұлғалармен және өзектендіру мерзімдерімен) айқындау және оны тиісті актімен (шешімімен) бекіту;
Toggle Dropdown
7) орналасқан үй-жайларда ақпараттық стендті және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарды оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етіп, келесі ақпаратты (бірақ онымен шектелмей) көрсете отырып орналастыру: өз қызметі; жұмыс режимі; азаматтарды қабылдау кестесі; жолданымдарды беру, қарау және шешімдерге (әрекеттерге) шағымдану тәртібі; кеңсе мен персоналды басқару қызметі телефондарын қоса алғанда, байланыс деректері; әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар және ресми интернет-ресурсқа сілтеме;
Toggle Dropdown
8) ұлттық стандарт талаптарына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың ақпараттық стендтерге, сондай-ақ ресми интернет-ресурсқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету. Ақпаратқа деген қажеттіліктерін айқындау үшін мүгедектігі бар адамдардың өкілдерімен жарты жылда бір реттен кем емес кездесулер өткізу;
Toggle Dropdown
9) бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, халық бірнеше рет сұрататын ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;
Toggle Dropdown
10) ақпаратты пайдаланушылармен проактивті түрде өзара іс-қимыл жасау талаптарын сақтайды.
Toggle Dropdown
7. Иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін бюджет қаражатын алушылар болып табылатын заңды тұлғалар ең төменгі мынадай:
Toggle Dropdown
1) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген толық, өзекті және анық ақпаратты уақтылы ашу;
Toggle Dropdown
2) келіп түскен ақпарат сұрау салуларына Заңда белгіленген мерзімде толық және анық ақпарат беру және олардың есебін жүргізу;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік құпияларды қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты және бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, халық бірнеше рет сұрататын ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;
Toggle Dropdown
4) Заңның 16-бабының 9-тармағында көзделген ақпаратты интернет-ресурста орналастыру талаптарын сақтайды.
Toggle Dropdown
8. Иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік монополия субъектілері ең төменгі мынадай:
Toggle Dropdown
1) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген толық, өзекті және анық ақпаратты уақтылы ашу;
Toggle Dropdown
2) келіп түскен ақпарат сұрау салуларына Заңда белгіленген мерзімде толық және анық ақпарат беру және олардың есебін жүргізу;
Toggle Dropdown
3) өздері өндіретін (өткізетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына қатысты ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;
Toggle Dropdown
4) Заңның 16-бабының 10-тармағында көзделген ақпаратты интернет-ресурста орналастыру талаптарын сақтайды.
Toggle Dropdown
9. Иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін экологиялық ақпараты, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және азаматтардың денсаулығына, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін басқа да факторлар туралы ақпараты бар заңды тұлғалар ең төменгі мынадай:
Toggle Dropdown
1) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген толық, өзекті және анық ақпаратты уақтылы ашу;
Toggle Dropdown
2) келіп түскен ақпарат сұрау салуларына Заңда белгіленген мерзімде толық және анық ақпарат беру және олардың есебін жүргізу;
Toggle Dropdown
3) экологиялық ақпаратты, төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және азаматтардың денсаулығына, елді мекендердің және өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін басқа да факторлар туралы ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру талаптарын сақтайды.
Toggle Dropdown
10. Иеленетін ақпаратқа қол жеткізуді және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушылар ең төменгі мынадай:
Toggle Dropdown
1) қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында және ішкі құжаттарда көзделген толық, өзекті және анық ақпаратты уақтылы ашу;
Toggle Dropdown
2) келіп түскен ақпарат сұрау салуларына Заңда белгіленген мерзімде толық және анық ақпарат беру және олардың есебін жүргізу;
Toggle Dropdown
3) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын жүзеге асыруға қатысты ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру;
Toggle Dropdown
4) ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталына орналастыру және кейіннен олардың уақтылы өзектендірілуін қамтамасыз ету. Қоғам қажеттіліктерін негізге ала отырып, ашық деректердің тізбесін (орналастыруға жауапты адамдармен және өзектендіру мерзімдерімен) айқындау және оны тиісті актімен (шешімімен) бекіту;
Toggle Dropdown
5) Заңның 16-бабының 11-тармағында көзделген ақпаратты интернет-ресурста орналастыру талаптарын сақтайды.