• Менің таңдаулыларым

Отправить по почте

Бюджеттік жоспарлаудың қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 сәуірде № 36034 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнің 70-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік жоспарлаудың қағидалары бекiтiлсiн (бұдан әрі – Қағидалар).
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 46-тармағының 3) тармақшасын, 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 93-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте Қағидалардың 2-тармағының 5) тармақшасы және 58-тармағы 2025 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 29 сәуірдегі
№ 208 Бұйрығымен
бекітілген
1. Осы Бюджеттік жоспарлаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 70-бабынының 7-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік жоспарлаудың процесін айқындайды.
1) дауыс беру – әкімдіктің (әкім аппаратының) интернет-ресурсында электронды түрде немесе жергілікті қоғамдастықтың жиындары арқылы дауыс беру жолымен жобалық ұсыныстар арасында жеңімпаздарды анықтау процесі;
2) жобалық ұсыныс – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Қазақстан Республикасы азаматы дайындаған және берген, іске асырылуы әкімдіктің (әкім аппаратының) құзыретіне жататын және осы Қағидалардың 7-тарауына сәйкес ресімделген құжат;
3) заттай нормалар – қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштері;
1
4) мемлекеттік тапсырма – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын квазимемлекеттік сектор субъектілеріне және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де заңды тұлғаларға жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге және басқа да міндеттерді орындауға тапсырыс беру;
5) нысаналы даму трансферттері – жоғары тұрған бюджеттер жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық, облыстық, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетте бекітілген сомалар шегінде төмен тұрған бюджеттерге беретін трансферттер;
Ескерту. 31.12.2025 дейін қолданылады – осы бұйрықтың 4-тармағымен. 
6) халық қатысатын бюджет – азаматтардың жергілікті бюджет қаражатын бөлуге қатысуы;
3. Бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтауға негізделген, бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, нақтылау, түзету, секвестрлеу жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджетті жоспарлау болып табылады.
4. Республикалық бюджет шығыстарын жоспарлау Қазақстан Республикасының тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлері, мемлекеттік органдардың даму жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған есептілігі, заттай нормалар, ең төмен әлеуметтік стандарттар негізінде, шығыстарды шолу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мониторингтеу және нәтижелерді бағалау қорытындылары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджет шығыстарын жоспарлау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму параметрлері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің болжамды шоғырландырылған есептілігі, заттай нормалар, ең төмен әлеуметтік стандарттар, инженерлік-коммуникациялық, көліктік және өзге де инфрақұрылым стандарттары, елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесі негізінде шығыстарды шолу, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мониторингтеу және нәтижелерді бағалау қорытындылары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау және оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу;
республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу;
бюджетті нақтылау, секвестрлеу және түзету бюджетті жоспарлаудың негізгі кезеңдері болып табылады.
6. Бюджетті нақтылау, секвестрлеу және түзету кезінде бюджетті әзірлеу және бекіту кезіндегі осы Қағидаларда белгіленген талаптар сақталады.
1
2-тарау. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау және жеткізу тәртібі
7. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстарының лимиттері Кодекстің 70-бабының 3-тармағында белгіленген талаптар сақтала отырып айқындалатын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі шығыстарының алдын ала шекті жылдық сомасын білдіреді.
8. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау кезінде:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.09.2025 жылғы № 470 Бұйрығына сәйкес (29.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бюджеттік параметрлері болжамдарының нұсқаларын қоса алғанда, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері болжамдарының нұсқалары;
2) мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары немесе даму жоспарларының жобалары;
3) ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының бекітілген (нақтыланған) көлемі;
4) алдыңғы және ағымдағы қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асыру қорытындылары;
5) бюджеттік инвестицияларды іске асыруды бағалау қорытындысы;
6) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепке Жоғары аудиторлық палатаның (жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ревизиялық комиссиясының) қорытындылары мен ұсынымдары;
7) қабылданған мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде лизинг шарттары бойынша және Кодекстің 30, 31, 32-баптарының 1-тармағының 13) тармақшасында және 33-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көзделген бағыттар бойынша қабылданған міндеттемелер.
9) мемлекеттік мекемелердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізуінен түсетін түсімдер және ақылы көрсетілетін қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан шығыстар;
9. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік органдардың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары немесе даму жоспарларының жобалары, мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер негізінде бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру үшін айқындалады.
10. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын және алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервін ескере отырып айқындайды.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 02.09.2025 жылғы № 470 Бұйрығына сәйкес (29.04.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Лимиттерді айқындау үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға:
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысын алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері;