Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 320 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының сегізінші, он үшінші, он жетінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма үшінші, жиырма алтыншы, жиырма сегізінші, отыз екінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз жетінші, отыз сегізінші абзацтарын, 4-тармағының отыз сегізінші, елу алтыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы және елуінші абзацтарының қолданылуы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, осы абзацтар тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
1) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«191) мынадай:
бастауыш білім беру;
негізгі орта білім беру;
жалпы орта білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;
рухани білім беру үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру;»;
2) 2026 жылғы 1 қаңтардан 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін:
«191) мынадай:
бастауыш білім беру;
негізгі орта білім беру;
жалпы орта білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;
білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскерилер, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;
рухани білім беру;
кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсыну үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру;».
5. Өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының елу бірінші, елу екінші, елу төртінші абзацтарының қолданылуы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, осы абзацтар тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«192) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыруды бастау немесе тоқтату туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;
193) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда білім беру ұйымын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру саласындағы рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алып тастау;
195) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша білім беру бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;».
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы « » № қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге арналған қаражатты қалыптастыру, бағыттау және бөлу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидалары осы өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 84-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 84-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және:
1) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды (бұдан әрі – балалар) азаматтығы мен тұратын жеріне қарамастан туыстарына асырап алуға беру;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға беру;
3) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкінде (бұдан әрі — Республикалық деректер банкі) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған (бұдан әрі — орталықтандырылған есепке алу) балаларды Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге асырап алуға беру тәртібін айқындайды.
2. Тууы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген кәмелетке толмаған балаларға қатысты олардың толық тән саулығын, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын, тәрбиеленуі мен білім алуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріліп, баланың мүддесінде ғана асырап алуға жол беріледі.
Бұл ретте баланың жасы, естиярлық дәрежесі және өзін асырап алуға келісімі ескеріледі, сондай-ақ оның ұлты, белгілі бір дін мен мәдениетті ұстанатыны, ана тілі, тәрбиелеу мен оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету мүмкіндігі ескерілуі мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге олардың туыстарының басым құқығы болады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші бөліктермен толықтырылсын:

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |