Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 77 бұйрығымен бекітілген Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Құрылыс ресурстары классификаторын бекіту туралы (Ред. 19) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2025 жылғы 13 мамырдағы № 72-НҚ бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 21.05.2025 жылғы № 75-НҚ Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 77 бұйрығымен бекітілген Ұлттық анықтамалық ақпараттың элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс ресурстары Классификаторы бекітілсін (Ред. 19).
2. «Қүрылыс ресурстары жіктеушін бекіту туралы (Ред.18)» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және қүрылыс министрлігінің Қүрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 61-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Комитеттің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға Б. Жүнісбеков
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2025 жылғы «13» мамыр № 72-НҚ бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН
ВЖ-001 РЕД.19 ҚҰРЫЛЫС РЕСУРСТАРЫ ЖІКТЕУІШІ
Алғы сөз
1. «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ ӘЗІРЛЕДІ
2. Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық істері комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасымен ҰСЫНЫЛДЫ
3. Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2025 ж. «13» мамыр № 72-НҚ бұйрығымен БЕКІТІЛІП КОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ
4. ВЖ-001 РЕД.18 Құрылыс ресурстары жіктеуіші ОРНЫНА ЕНГІЗІЛДІ
Осы жіктеуіш көбейтуге (көшіруге) жатпайды, жіктеуішті өз жарияланымдарында (басылымдарында) пайдаланған жағдайда Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне сілтеме жасау міндетті
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС
МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ
ШАРУАШЫЛЫҚ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ЖІКТЕУІШІ
ҚҰРЫЛЫС РЕСУРСТАРЫ ЖІКТЕУІШІ
Енгізілген күні 13.05.2025 ж.
1 Қолданылу саласы
1.1 Осы құрылыс ресурстары жіктеуіші (бұдан әрі - жіктеуіш) құрылыс материалдарының, бұйымдардың, конструкциялардың және инженерлік жабдықтарының босатылым бағасына ведомстволық статистикалық байқау жүргізуге және құрылыстағы материалдық ресурстардың сметалық бағалар жинақтарын қалыптастыруға арналған.
2 Нормативтік сілтемелер
2.1 Осы жіктеуішті қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжат қажет: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі №77 бұйрығымен бекітілген Ұлттық анықтамалық ақпараттың
элементтерін әзірлеу және бекіту қағидаларына сәйкес.
3 Терминдер және анықтамалар
3.1 Осы жіктеуіште тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:
1) жіктелім – қабылданған әдістерге сәйкес ұқсастықтары немесе өзгешеліктері бойынша объектілер жиынын жиындарға бөлу;
2) код – жіктелім топтамасын және (немесе) жіктелім объектісін белгілеу үшін қабылданған белгі немесе белгілер жиынтығы;
3) кодтау – жіктелімдер топтамаларына және (немесе) жіктелім объектілеріне код түзу және беру;
4) материалдық ресурстар - құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары және инженерлік жабдық.
4 Негізгі нормативтік ережелер
4.1 Осы жіктеуіштің объектілері құрылыстағы материалдық ресурстары болып табылады.
5 Жіктеуіш құрылымы
5.1 Жіктеуіштің құрылымы үш блоктан тұрады:
1) код;
2) атау;
3) өлшем бірлігі.
Код блогы цифрлық кодты пайдалана отырып, кодтаудың тізбектелген жүйесі бар сыныптаудың фасетті-иерархиялық жүйесіне ие.
5.2 Кодтау үшін үшінші мен төртінші, алтыншы мен жетінші, оныншы мен он бірінші белгілердің арасында сызықшалары болатын он төрт цифрлық ондық таңба қолданылады.
Жіктеуіште көрсетілген объектілер мынадай топтарға бөлінеді:
1) жіктеу затының типіне қарай - тарауларға (бір таңба);
2) технологиялық сипатына қарай - бөліктерге (бір таңба);
3) мақсатына қарай (түріне қарай) - бөлімдерге (бір таңба);
4) материалдың түріне қарай – кіші бөлімдерге (бір таңба);
5) ірілендірілген класстар - топтарға (екі таңба);
6) ірілендірілген түрлер – кіші топтарға (екі таңба);
7) кіші топтағы позиция (екі таңба);
8) позиция (жобалау номенклатурасы) (төрт таңба).
Ресурс кодын құру мысалы:
222-203-0301-0001 Көп қуысты темірбетон аражабын тақта ПК, 4 кПа есептік жүктемеге арналған ҚР СТ 949-92, маркасы ПК 10.12-4.
2 – Тарау: Материалдар, бұйымдар және конструкциялар
2 – Бөлік: Жалпы құрылыс жұмыстарына арналған материалдар мен конструкциялар
2 – Бөлім: Ғимараттар мен құрылыстардың қабырғалары, төбелері мен жабындарының бұйымдары
2 – Кіші бөлім: Жабу, жабындау темірбетон бұйымдарының құрылымы
03 – Топ: Тақта
03 – Кіші топ: Көп қуысты темірбетон аражабын тақта ҚР СТ 949-92
01 – Позиция: Көп қуысты темірбетон аражабын тақта ПК, 4 кПа есептік жүктемеге арналған ҚР СТ 949-92 0001 – Позиция (жобалау номенклатурасы): Көп қуысты темірбетон аражабын тақта ПК, 4 кПа есептік жүктемеге арналған ҚР СТ 949-92, маркасы ПК 10.12-4..
5.3 Атау блогы мемлекеттік және орыс тіліндегі позициялардан тұрады.
6 Жіктеуішті басып шығару
6.1 Осы жіктеуішті басып шығару және таратуды Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен белгіленген әзірлеуші қамтамасыз етеді.
7 Жіктеуішті жүргізу
7.1 Жіктеуішті жүргізу жіктелім жасауды, онда қамтылған ақпараттың нақтылығы мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында оларға өзгерістер енгізуді көздейді.
7.2 Жіктеуіштің түпнұсқасын жүргізуді Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен белгіленген әзірлеуші жүзеге асырады.
7.3 Осы жіктеуішке өзгерістер енгізу үшін құрылыс материалдарына, бұйымдарына, конструкцияларына және жабдықтарына техникалық шарттар стандарттарының өзгерістері (өзектендіру, жою), өнімнің өндірістен шығарылуы, материалдардың түрлері тізбесін одан әрі кеңейту қажеттілігі негіздеме болып табылады.
8 Жіктеуіштің күшін жою
8.1 Осы жіктеуіштің күшін жою Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |