• Менің таңдаулыларым
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 03.07.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 13 мамырдағы № 91-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 15 мамырда № 36112 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылдың 3 шілдеден бастап күшін жойды ҚР ПСу ресурстары және ирригация министрінің 24.06.2025 жылғы № 147-НҚ Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 37-бабы 1 тармағының 28-7) тармақшасының екінші абзацына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Суды үнемдеу технологияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. Е. Ибрайханов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің м.а.
2025 жылғы 13 мамырдағы
№ 91-НҚ
бұйрығымен бекітілген
  • 1
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің бұйрығына
1 қосымша
  • 1
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 37-бабы 1 тармағының 28-7) тармақшасының екінші абзацына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар)) су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеке шот – тізілімде қамтылған, субсидиялауға арналған ұсыныстар мен өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалар жиынтығы;
2) өтпелі өтінім (бұдан әрі – өтінім) – су беруші АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) жеткізген суару суы үшін субсидиялар алуға арналған электрондық өтінім;
3) суаратын су беру бойынша көрсетілетін қызметтер – су көздерінен (өзен, бұлақ, суландыру жүйесі, сутаратқыш, субөлгіш) су алу, сутартқыштар (каналдар, құбыр жолдар) арқылы тасымалдау мен бөлу жолымен су беру және су бөлу нүктелеріне және АШТӨ-лердің көлтабанды танаптарына су беру;
4) су беруші – АШТӨ-ге су беруді жүзеге асыратын және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету бойынша табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
5) субсидиялау – бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, нақты субсидия алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
6) ақпараттандыру объектісі – субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ), субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
7) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб–портал) – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
8) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – электрондық үкіметтің порталы) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
9) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялауға арналған өтінімдер, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
10) суармалы танаптың кадастрлық нөмірі – жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, танаптың орналасқан жерін анықтауға (сәйкестендіруге) арналған суармалы танапқа берілетін бірегей код;
11) су пайдаланушы – өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
3. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада жазылған.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
4. АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) жеткізілген су көлемі су бөлу нүктесінде су берушінің немесе су пайдаланушының есепке алу аспаптарының не бірыңғай өлшемдерді қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген өлшеу құралдары мен құрылғыларының көрсеткіштері бойынша анықталады.
5. Жеткізілген судың 1 (бір) текше метріне (бұдан әрі – м3  ) бөлінетін субсидиялар мөлшері су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган тарапынан (бұдан әрі - уәкілетті орган) АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Табиғи монополиялар туралы заң) сәйкес бекітілген тарифтерге пайыздық қатынаста, осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген сатып алынған суаратын судың 1 (бір) м3   арналған субсидиялар мөлшеріне сәйкес сараланып белгіленеді.
Осы Қағидалар шеңберінде субсидиялау кезінде АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) су берушіге қолданыстағы тариф пен тарифтің субсидияланатын бөлігі арасындағы айырманы төлейді, қалған бөлігі су берушіге субсидия түрінде төленеді. Бұл ретте субсидияларды төлеудің барлық шарттары су беруші мен АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) арасындағы шартта жазылады.
6. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті жылдың 10 қаңтарына дейінгі мерзімінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін облыс, республикалық маңызы бар қала, Астананың жетекшілік ететін әкімінің орынбасарының қолы қойылған, ол болмаған жағдайда – оның міндетін өзара алмастырушы тұлғаның қолы қойылған ілеспе хатпен уәкілетті органға мақұлдауға ұсынады.
Уәкілетті орган субсидиялардың мақұлданған көлемін тиісті ілеспе хатпен қайтарады не бюджет қаражатының көлемін тиісті жылдың 15 қаңтарынан кешіктірмей пысықтауға жібереді. Субсидиялар көлемін пысықтау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
7. Көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын 1 ақпанға дейінгі мерзімде уәкілетті органмен АШТӨ (көрсетілетін қызметті алушылар) үшін Табиғи монополиялар туралы Заңымен сәйкес бекітілген су беруге арналған тарифтерді веб-порталға орналастырады.
8. Көрсетілетін қызметті беруші АШТӨ-ге (көрсетілетін қызметті алушыларға) су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау жөніндегі ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны веб-порталға орналастырады.
9. Субсидиялар алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.
Электрондық шот-фактура электрондық шот-фактураларды қабылдау мен өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйеден (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) СМАЖ-ға өтінім бергенге дейін ЭШФ АЖ-да контрагентті растай отырып, «сұрақ-жауап» режимінде сұратылады (сұратылған электрондық шот-фактура субсидияларды алу үшін электрондық шот-фактураны пайдалануды растау кезінде ЭШФ АЖ-да автоматты түрде бұғатталады).
Субсидияларды алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактуралар қайтарып алынған, жойылған және түзетілген жағдайларда, су беруші алынған субсидияларды Көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.
10. Өтінім ауыл шаруашылығы кооперативінен немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бірлескен шаруашылық қызмет (бұдан әрі – бірлескен қызмет) туралы шарт негізінде әрекет ететін немесе бірлескен кәсіпкерлік нысанында ұйымдастырылған шаруа немесе фермер қожалығынан берілген жағдайда, ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелерінде немесе бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, бірлескен қызмет шартына қатысушыларда немесе шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінде тіркелген жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуын растай отырып, субсидия беруге рұқсат беріледі.
2-тарау. Субсидиялау төлеу тәртібі
1-параграф. Субсидиялар алу талаптары
11. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) көрсетілетін қызметті алушылардың осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық үкіметтік портал арқылы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидиялар алуға өтінім беруі;
2) өтінімді СМАЖ-да тіркеу.
Веб-порталда жеке шоттың болуы АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) СМАЖ-да өтінімді тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінімді беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәттен бастап берілген болып саналады;
3) СМАЖ-да АШТӨ-нің (көрсетілетін қызметті алушылардың) және су берушілердің жеке шотының болуы, оның деректері СМАЖ-дың «Заңды тұлғалар» немесе «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған;