• Мое избранное

Отправить по почте

Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу әдістемесін бекiту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 116-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 маусымда № 36251 болып тіркелді

Ескерту. 10.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 5-тармағымен.  
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу әдістемесі бекiтілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1. «Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14827 болып тіркелген);
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 228 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21230 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі   Н. Нуржигитов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрі 2025 жылғы
9 маусымдағы № 116-НҚ
Бұйрығымен бекітілген
Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу әдістемесі
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын есептеу (бұдан әрі-үлестік нормалар) су ресурстарын үнемді және тиімді пайдалану мақсатында, су пайдаланушылар су ысырабын азайту және арнаулы су пайдалануға одан әрі рұқсат алу үшін бес жылдық мерзімге су тұтыну мен су бұру көлемін негіздеу үшін жүзеге асырылады.
2-бөлім. Су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу
1-параграф. Үлестік нормаларды есептеудің жалпы ережелері
3. Нормалауға жататындар:
1) сумен жабдықтау жүйесін және су сапасын ескере отырып, өнім бірлігін (орындалатын жұмыс немесе қызмет көрсету көлемі) өндіру үшін қажетті жалпы су көлемін тұтыну, оның ішінде технологиялық және шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына, қосалқы өндіріске арналған қажеттілік;
2) өндірістен бұрылатын сарқынды сулардың, орын алатын ысыраптардың, өтеусіз тұтынатын және басқа тұтынушыларға берілген су мөлшері.
4. Үлестік нормалар берілген сападағы өндірілетін өнім (орындалған жұмыс немесе қызмет көрсету көлемі) бірлігіне арналған текше метрлермен белгіленеді.
5. Өндірілетін өнімнің өлшем бірлігі ретінде сандық көрсеткіштер пайдаланылады.
6. Үлестік нормаларды әзірлеу мынадай бірізді өзара байланысқан іс-қимылдарды көздейді:
1) су тұтыну және сарқынды суларды жіберу талаптары, су шығысын айқындайтын факторлар және факторлардың әрқайсысының норма шамасына әсер ету дәрежесі, өндірісте орын алатын су ысыраптарының себептері қарастырылатын су шығысын, тасымалдаушы желілердегі, су тұтыну нүктелеріндегі су ысыраптарын есепке алуды ұйымдастыруға және су объектілерінен су алу көлемдерін қысқарту мүмкіндігіне жыл сайын талдау (бұдан әрі - талдау) жүргізу;
2) үлестік нормаларды есептеу.
7. Үлестік нормаларды есептеу мынадай бөлімдерден құралады:
1) жеке немесе заңды тұлғаның қызметі туралы жалпы мәліметтер, онда қызметтің бағыты, су пайдалану мақсаты, шығарылатын өнім көлемі, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің сипаттамасы, су өлшеу жүйелерінің немесе құрылғыларының сипаттамасы көрсетіледі;
2) су пайдалануды алғаш рет жүзеге асыруды жоспарлаушы жеке немесе заңды тұлғаларды қоспағанда, үлестік нормаларды есептеу жылының алдындағы бес жыл ішінде суды пайдалану туралы мәліметтерді, іске асырылған су ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар туралы ақпаратты көрсете отырып, жүргізілген талдау барысында алынған қорытындылар;
3) үлестік нормаларды есептеу алгоритмін қамтитын әдістемелік бөлім;
4) үлестік нормаларды есептеу нәтижелері:
осы әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптің түрлі салалары үшін өнім бірлігіне су тұтынудың үлестік нормалары;
осы әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес өнеркәсіптің түрлі салалары үшін өнім бірлігіне су бұрудың үлестік нормалары;
осы әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес тұрақты суармалау кезінде су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормалары;
осы әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес лиманды суару кезінде су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормалары;
осы әдістемеге 5-қосымшаға сәйкес жайылымдарды суландыру кезінде малды суару үшін су тұтынудың үлестік нормалары;
5) болашақ бес жылдық кезеңге арналған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың тізбесін қамтитын, су ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі жоспар.
8. Нормаларды әзірлеу үшін теориялық және есептік-талдамалық әдістер пайдаланылады.
9. Өртке қарсы мұқтаждықтар үшін су қажеттіліктері нормаларды есептеу кезінде ескерілмейді.
2-параграф. Өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін су тұтынудың үлестік нормаларын есептеу
10. Су тұтынудың үлестік нормалары судың сапасы (ауыз су, техникалық) және сумен жабдықтау жүйелері (айналмалы, бірізді пайдаланылатын) ескере отырып, сатылар бойынша есептеледі:
1) әртүрлі технологиялық процестерге су шығысының жобалық нормативтері негізінде технологиялық және шаруашылық-ауыз су мұқтаждары, сондай-ақ қосалқы өндіріс қажеттілігі үшін су тұтыну көлемдері анықталады;
2) технологиялық мұқтаждықтар үшін су тұтынудың үлестік нормасы, қосалқы өндірістің су тұтынуының үлестік нормасы және шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына су тұтынудың үлестік нормасы есептеледі;
3) технологиялық мұқтаждықтарға арналған су тұтынудың үлестік нормасының, қосалқы мұқтаждықтарға арналған су тұтынудың үлестік нормасының және шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарына арналған су тұтынудың үлестік нормасының жиынтығын құрайтын су тұтынудың жиынтық үлестік нормасы анықталады.
11. Бірізді пайдаланылатын су- бір технологиялық процесте пайдаланғаннан кейін, қажет болған жағдайда қосымша тазартудан кейін су сапасына қойылатын талаптар төмен болуы мүмкін басқа процесте пайдалануға жіберілетін жүйе. Негізгі ерекшелігі – суды бір реттік каскадтық қолдану, яғни таза пайдаланудан бастап, аз талап қоятын бағыттарға дейін қолданудан неғұрлым талап етушіге.
12. Технологиялық мұқтаждықтар үшін су тұтынудың үлестік нормаларын (бұдан әрі – технологиялық үлестік норма) анықтауға арналған негіз су шығысының жобалық нормативтері болып табылады.
Су шығысының жобалық нормативтері белгілі бір операцияны орындау кезінде өнім (орындалған жұмыс немесе қызмет көрсету көлемі) бірлігін өндіруге арналған суға қажеттілікті анықтайды және негізгі өнім (жұмыс) бірлігіне кететін технологиялық қажетті судың мөлшерінен және судың нормаланатын шығыстарынан құралады.
Технологиялық мұқтаждықтарға арналған су шығысының жобалық нормативтері: