• Менің таңдаулыларым
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 1

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 маусымда № 36281

Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - осы Бұйрықтың 5-тармағына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 17.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1 және 2-тармақтарына, 20-бабының 5), 6), 11), 11-1), 11-2), 11-4), 11-6) тармақшаларына, 26-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына және 27-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы жүзеге асыратын мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы ақпараттық қамтамасыз ету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Мемлекет кепілгерліктерін беру немесе олардың көлемін ұлғайту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іріктеу қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына жатқызу өлшемшарттары;
6-тармақша осы Бұйрықтың 5-тармағына сәйкес 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі
  • 1
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді, сондай-ақ олардың сараптамасын жүзеге асыратын тұлғаларды аккредиттеу қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тәуекелдерін бөлу және бағалау әдістемесі;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әртүрлі кезеңдерінде туындайтын тәуекелдердің болжамды тізбесі;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын айқындау әдістемесі;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану қағидалары;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес Халықаралық қаржы институттарының қатысуымен ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді үйлестіру және қорытындылар беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
  • 1
5. Осы бұйрықтың 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының 6) тармақшасын қоспағанда, осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С. Жумангарин
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
  • 1
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Ұлттық экономика министрі
2025 жылғы 16 маусымдағы
№ 52 Бұйрыққа
1-қосымша
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс (аукцион) және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) алдын ала есептеулер – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің келулер және кетулер бөлігі бойынша есептеулер, сондай-ақ кіріс деректері мен жол берулер көздерін көрсете отырып, тиісті нысандағы пайда мен залалдарды есептеу;
2) жеке бастамашы – Заңда және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашы болған әлеуетті жекеше әріптес;
3) жергілікті салалық мемлекеттік органдар – өзінің құзыреті шегінде тиісті салады (аяда) жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті мемлекеттік органдар;
4) жоспарлау кезеңіндегі уәкілетті тұлға (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға мүдделі мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме, мемлекеттік кәсіпорын немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестік, акционерлік қоғам;
5) коммерциялық жабу – Заңның 45-бабына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу;
6) қаржылық жабу – әлеуетті жекеше әріптестің немесе жекеше әріптестің жеке немесе заңды тұлғалармен, олардың бірлестіктерімен инвестициялық кезеңде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін қажетті қарыз қаражатын тартуға келісімдер, шарттар жасасуы және олар бойынша қаржыландыруды алудың қолжетімділігі;
7) салалық мемлекеттік органдар – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
8) тізілім – жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімі.
3. Бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға қажетті сараптамаларды жүргізуді, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыруға бөлу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Жоспарланатын және іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз ету Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес бекітілетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесін қалыптастыру және жариялау қағидаларын қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің веб-порталын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше белгіленбесе, осы Қағидалар концессия мен сервистік келісімшарттарды қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының барлық түрлеріне қолданылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына, мемлекеттік әріптеске, жекеше әріптеске қатысты көзделген нормалар тиісінше сервистік келісімшартқа, концессияға, концессия шартына, концедентке, концессионерге бірдей дәрежеде қолданылады.
6. Осы Қағидалар Бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жекеше әріптесті айқындаудың тиісті тәртібімен реттелмеген бөлігінде не егер ол өзгеше белгілемесе, Бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру кезінде қолданылады.
2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау тәртібі
1-параграф. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың жалпы ережелері
7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына орталық мемлекеттік органдар және (немесе) жергілікті атқарушы органдар (мемлекеттік бастама) немесе әлеуетті жекеше әріптес (жеке бастама) бастамашылық жасайды.
8. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау кезінде бір мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының кезеңдерін бірнеше мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бөлуге жол берілмейді.
Уәкілетті тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша техникалық, қаржылық, заңдық шешімдерді қалыптастыруға кешенді тәсілді қамтамасыз етеді.
9. Мемлекеттік бастама бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру конкурс негізінде жекеше әріптесті айқындау жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жеке бастама бойынша іске асыру конкурс негізінде жекеше әріптесті айқындау не тікелей келіссөздер жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей өзгеше белгіленбесе, осы Қағидалардың конкурстарды және (немесе) конкурстық құжаттаманы реттеу бөлігіндегі ережелері аукциондарға және (немесе) аукциондық құжаттамаға қолданылады.
10. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау сатысында уәкілетті тұлғалар жобаны басқару сапасын қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайда ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, тәуелсіз сарапшыларды, жобалау, инжинирингтік және басқа да компанияларды, мүдделі және уәкілетті мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерін тарту арқылы Ведомствоаралық жобалау тобын құрады.