Toggle Dropdown
1-тармақ осы Заңның 2-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2025 жылғы 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
Отправить по почте

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 14 шiлдедегi № 206-VIII
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ осы Заңның 2-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2025 жылғы 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
«Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтер келіп түскен кезде оларды анықталған жері бойынша стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына үш тәулікке дейінгі мерзімге орналастыруды қамтамасыз етеді.».
2-тармақ осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2025 жылғы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
«10-2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында;»;
2) 144-баптың 5-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің не зиян келтіру қатерінің нақты фактілері бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының тапсырмасы;
5-2) медициналық қызметті жүзеге асыру салдарынан адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің нақты фактілері бойынша олардың жасалған уақыты мен орны көрсетілген сенімді негіздер мен растайтын дәлелдемелер болған кезде масс-медиадағы жарияланымдар мен хабарлар;».
3. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағында:
«1) адам ағзасы – организмнің тіршілік етуін қолдау үшін қажетті белгілі бір физиологиялық функцияны атқаратын адам денесінің бір бөлігі;
2) адам жасушалары – адам организмінің биологиялық бірліктері, олардың әрқайсысы генетикалық ақпаратты қамтиды және организмнің тіршілік етуін қолдау үшін ерекше функцияны атқарады;»;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) адамның мекендеу ортасы (бұдан әрі – мекендеу ортасы) – адамның тiршiлiк ету жағдайын айқындайтын, ортаның (табиғи және жасанды) табиғи, антропогендiк және әлеуметтiк факторларының жиынтығы;
2-2) АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру;»;
«5-1) әлеуметтік мәні бар аурулар – қоғамдық денсаулыққа, халықтың өмір сүру сапасына және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына елеулі әсер ететін, оның ішінде сырқаттанушылықтың немесе адам өлімінің жоғары деңгейі болатын аурулар;»;
158) тармақшадағы «тізбесін уәкілетті орган айқындайтын» деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақшасының оныншы абзацы осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2025 жылғы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
185) тармақшадағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«63-2) халықтың қажеттілігі негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық көмектің және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің көлемдерін жоспарлау әдістемесін бекітеді;»;
3-тармақтың 3)-11) тармақшалары осы Заңның 2-бабының 2) тармақшасына сәйкес 2025 жылғы 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі
3) тармақшадағы «бақылауды» деген сөз «бақылау мен қадағалауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындайды, сондай-ақ талаптарды нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, оның қолданылу шарттарын және осы шараның қолданылу мерзімін айқындайды (қажет болған кезде).
Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесіне Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабына сәйкес мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылатын талаптар енгізіледі;»;
6) және 8) тармақшалар «бақылау» деген сөзден кейiн «мен қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктегі «медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында және» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік «сәйкес» деген сөзден кейін «медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласында және» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 5-тараудың 1-параграфының тақырыбы «бақылау» деген сөзден кейін «мен қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
тақырып «бақылау» деген сөзден кейін «мен қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
«бақылау» деген сөзден кейін «мен қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«денсаулық сақтау субъектілерінің» деген сөздер «бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ «бақылау» деген сөзден кейін «мен қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацы «бақылау» деген сөзден кейін «мен қадағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі «бақылауға» деген сөз «бақылау мен қадағалауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«4. Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.