• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 210-VIII

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 17-баптың 2-тармағы 4) тармақшасындағы «соттаса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.» деген сөздер «соттаса;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысын сот санкциялаған күннен бастап үш жылдан астам халықаралық іздестіруде болса, неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балаларының болуына қарамастан, ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша тіркеуші органдарда бұзылады.»;
2) 238-баптың 4-тармағы 3) тармақшасындағы «сот үкімінің негізінде тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде бұзылады.» деген сөздер «сот үкімінің;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) сот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысының негізінде тіркеуші органдарда, Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемелерінде бұзылады.»;
3) 241-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «сот үкімінің» деген сөздерден кейін «; сот санкциялаған күнінен бастап үш жыл өткен соң қылмыстық қудалау органының халықаралық іздестіру жариялау туралы қаулысының» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мынадай:
1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілетін өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға байланысты;
2) қылмыстық жауаптылықты болғызбайтын;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу көзделмейтін заңмен жүзеге асырылады.»;
2) 2-баптың екінші бөлігіндегі «негіздері» деген сөз «негізі» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақта:
«217-1-бапта – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал;» деген сөздерден кейін «232-1-бапта – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын материалдық сыйақының және (немесе) мүліктік сипаттағы пайданың мөлшері;» деген сөздермен толықтырылсын;
«233-бапта – айлық есептік көрсеткіштен бір мың есе асатын сомада келтірілген залал;» деген сөздерден кейін «233-1-бапта – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын мұнай немесе мұнай өнімдерінің құны;» деген сөздермен толықтырылсын;
«269-1-бапта – айлық есептік көрсеткіштен екі жүз есе асатын сомадағы залал;» деген сөздерден кейін «301-1-бапта – құны айлық есептік көрсеткіштен елу есе асатын тауарлар саны;» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақта:
«197,» деген цифрлар алып тасталсын;
«204» деген цифрлардан кейін «, 233-1» деген цифрлармен толықтырылсын;
«214» деген цифрлардан кейін «, 214-1 және 214-2» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақтың екінші абзацындағы «жауынгерлік техниканың» деген сөздер «әскери немесе жауынгерлік техниканың» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақтың екінші абзацы «әуе немесе теңіз» деген сөздерден кейін «, әскери немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
18-1) тармақ:
«125-бабы екінші бөлігінің 5) тармағында және үшінші бөлігінде (қылмыс кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда)» деген сөздерден кейін «, 125-1-бабы екінші бөлігінің 2) тармағында және үшінші бөлігінде (қылмыс кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын:
«135» деген цифрлардан кейін «, 140» деген цифрлармен толықтырылсын;
38) тармақта:
«197,» деген цифрлар алып тасталсын;
«204,» деген цифрлардан кейін «233-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«214-бапта» деген сөздер «214, 214-1, 214-2-баптарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«214,» деген цифрлардан кейін «214-1, 214-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«231-бапта – қолдан жасалған банкноттардың, монеталардың, бағалы қағаздардың, шетел валютасының айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын құны;» деген сөздерден кейін «232-1-бапта – айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын материалдық сыйақының және (немесе) мүліктік сипаттағы пайданың мөлшері;» деген сөздермен толықтырылсын;
«344-бапта» деген сөздер «344 және 352-1-баптарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-баптың екінші бөлігі «сәйкес» деген сөзден кейін «не өзара түсіністік қағидатында» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 15-баптың екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының» деген сөздер «Қазақстан Республикасы экс-Президентінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 31-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«6. Заңды тұлға ретінде тіркелген ұйымдардың құрылтайшылары қатысушылары, басшылары, басқару органдарының мүшелері және жұмыскерлері және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, жұмыскерлері, бұл ұйымдар және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін көрінеу құрылған жағдайды қоспағанда, ұйымның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің ұйымдық-штаттық құрылымына және олардың ұйымды басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруына байланысты не ұйымның кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызметті жүзеге асыруына байланысты қандай да бір қылмыс жасауына орай ғана қылмыстық топ болып танылмайды.»;
7) 43-баптың үшінші бөлігіндегі «жас балалары бар әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас балаларын» деген сөздер «жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдерге, үш жасқа дейiнгi жас баласын» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
«жас балалары бар» деген сөздер «жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«жас балаларын» деген сөздер «жас баласын» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік «емделу курсынан өту;» деген сөздерден кейін «психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта қолданбау; тұрақты жұмысы немесе оқуы болмаған кезде бір ай ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда жұмыссыз ретінде тіркелу; сот айқындаған уақытта тұрғынжайдан кетпеу;» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік «әйелдерге,» деген сөзден кейін «бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
«4-1. Егер осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаның өзге түрі көзделмесе, онда он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалады, ал әйелдерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге жиырма жылдан жиырма бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалады.»;