Toggle Dropdown
34
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ КОДЕКСІ
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII Кодексі
Toggle Dropdown
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
ЖАЛПЫ БӨЛІК
Toggle Dropdown
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
1-бап. Осы Кодекспен реттелетін сала
Toggle Dropdown
Осы Кодекс салық салудың негіз құраушы қағидаттарын белгілейді, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу, өзгерту, олардың күшін жою, есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Toggle Dropdown
1-параграф. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Toggle Dropdown
2-бап. Салық салу мақсаттары үшін пайдаланылатын негізгі ұғымдар жөніндегі жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Кодексте салық салу мақсаттары үшін негізгі ұғымдар осы параграфта айқындалатын мағыналарында пайдаланылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы салық заңнамасының басқа да арнаулы ұғымдары мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағыналарында пайдаланылады.
Toggle Dropdown
1
2. Осы Кодекстің мақсаттарында екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері үшін көзделген ережелер Қазақстан Республикасының аумағында ашылған және қызметін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда немесе оның аумақтық бөлімшелерінде ашылған шот банктік шотқа теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға теңестіріледі.
Toggle Dropdown
4. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңнамасы салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының сол салаларында пайдаланылатын мағыналарында қолданылады.
Toggle Dropdown
5. Нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі)» деген атау «Қазақстан Республикасының Салық кодексі» деген атаумен бірдей болады.
Toggle Dropdown
3-бап. Салықтық құқықтық қатынастар субъектілеріне байланысты ұғымдар
Toggle Dropdown
Салықтық құқықтық қатынастар субъектілеріне байланысты ұғымдар:
Toggle Dropdown
1) «Астана» халықаралық қаржы орталығы органының ұйымы – «Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі – АХҚО) қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, қатысу үлестерінің (дауыс беретін акцияларының) 50 және одан көп пайызы АХҚО органына тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын заңды тұлға.
Toggle Dropdown
Жанама иелену АХҚО органына тікелей тиесілі басқа заңды тұлға арқылы АХҚО органының иеленуін білдіреді;
Toggle Dropdown
2) банк ұйымы – Қазақстан Республикасында құрылған екінші деңгейдегі банк, Қазақстанның Даму Банкі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
Toggle Dropdown
3) бейрезидент-заңды тұлға – тиімді басқару орны (нақты басқару органы тұрған жер) Қазақстан Республикасында орналасқан ұйымды қоспағанда, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым.
Toggle Dropdown
Бейрезидент-заңды тұлға деп шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, әріптестік, ұйым немесе басқа корпоративтік құрылым да түсініледі, олар өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие не ие емес екендігіне қарамастан, дербес заңды тұлғалар ретінде қаралады;
Toggle Dropdown
4) билік ету шектелген (кепілге салынған) мүлікті өткізу жөніндегі функциялары бар ұйым – уәкілетті орган айқындаған, салық төлеушінің (салық агентінің) және (немесе) үшінші тұлғаның осы Кодекске сәйкес билік етуі шектелген және (немесе) кепілге салынған мүлкін өткізу саласындағы заңды тұлға;
Toggle Dropdown
5) бұрын банк болған заңды тұлға – сот актісі бойынша өзіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанда дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болған, бұрын банк болып табылған заңды тұлға;
Toggle Dropdown
6) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор;
Toggle Dropdown
7) жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, шетел азаматы, қандас немесе азаматтығы жоқ адам;
Toggle Dropdown
8) жұмыскер:
Toggle Dropdown
жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты (келісімшарт) бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға;
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызметші;
Toggle Dropdown
мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, директорлар кеңесінің немесе салық төлеушінің жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органының мүшесі;
Toggle Dropdown
қызметі тұрақты мекеме құрмайтын бейрезиденттің резидентке немесе қызметін Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын өзге бейрезидентке персоналды беруіне арналған келісімшарт бойынша жұмыс істеу үшін ұсынылған шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам;
Toggle Dropdown
9) заңды тұлға – резидент-заңды тұлға, бейрезидент-заңды тұлға;
Toggle Dropdown
10) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі – филиал, өкілдік;
Toggle Dropdown
11) қызметін Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы жүзеге асыратын шетелдік компания – Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы тауарларды өткізуді жүзеге асыратын және (немесе) қызметтерді көрсететін бейрезидент-заңды тұлға;
Toggle Dropdown
12) резидент-заңды тұлға – мыналардың:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының;
Toggle Dropdown
тиімді басқару орны (нақты басқару органы орналасқан жер) Қазақстан Республикасында орналасқан шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым;
Toggle Dropdown
1
13) салық агенті – осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен салық агенті деп танылатын жеке тұлға, дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам, заңды тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі, интернет-платформа операторы;
Toggle Dropdown
14) салық төлеуші – салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
Toggle Dropdown
15) салықтық мониторингте тұрған салық төлеуші – деңгейлес мониторингке қатысушы, ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушы;
Toggle Dropdown
16) тұлға – жеке тұлға, заңды тұлға;
Toggle Dropdown
17) тіркеуші орган – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін және (немесе) салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді, оның ішінде:
Toggle Dropdown
жылжымайтын мүлікке құқықтарды;
Toggle Dropdown
жылжымалы мүлік кепілі мен кеме ипотекасын;
Toggle Dropdown
радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды;
Toggle Dropdown
ғарыш объектілері мен оларға құқықтарды;
Toggle Dropdown
көлік құралдарын;
Toggle Dropdown
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды;
Toggle Dropdown
туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды;
Toggle Dropdown
сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюды есептік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);