• Менің таңдаулыларым
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 29 шiлдедегi № 571 қаулысы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 122-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1-тармақ осы Қаулының 3-тармағына сәйкес 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
  • 1
1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
  • 1
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 926 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 87 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 140 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 121 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 10-тармағы.
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 және «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 29 қаулысы.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
  • 1
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 122-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепте республикалық бюджеттің түсімдері және шығыстарын қаржыландыру бойынша есепті қаржы жылында жүргізілген барлық операция көрсетіледі.
Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған, түзетілген бюджеттердің көрсеткіштерін көрсетеді.
Түзетілген бюджетте бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджет көрсеткіштерінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде өзгеруі ескеріледі.
Есепті қаржы жылында бюджет түсімдерінің және (немесе) республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша ақы төленген міндеттемелердің атқарылу сомаларының ауытқуы, пайыздық қатынасы түзетілген бюджетке қатысты есептеледі және тиісті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп пен республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепте көрсетіледі.
3. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Бюджет кодексіне және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жасайды.
4. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қалыптастыру Бюджет кодексінде айқындалған бюджет құрылымы бойынша кассалық негізде мың теңгемен жүзеге асырылады.
2-тарау. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау тәртібі
1-параграф. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамы
5. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке мыналар кіреді:
1) түсіндірме жазба;
2) есепті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық есеп;
3) тиісті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп, бұл – республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер;
4) түсімдер бойынша, шығыстар бойынша республикалық бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есеп, ол мониторинг нәтижелері, нәтижелерді бағалау негізінде жасалады;
5) шоғырландырылған бюджет түсімдері бойынша талдамалық есеп;
6) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және бюджет қаражатын өзге де алушылардың жиынтық есептері;
7) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік;
8) орталық атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының жүзеге асырылуын мониторингтеу нәтижелері және қабылданған шешімдер мен шаралар туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептері;
9) республикалық бюджетке дивидендтер (таза кірістің бір бөлігін) төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есептері;
10) нәтижелерді бағалау қорытындылары;
11) Мемлекеттік активтерді және квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндама.
2-параграф. Түсіндірме жазбаны жасау
6. Түсіндірме жазбада мынадай талдамалық ақпарат қамтылады:
экономикалық жағдай туралы талдамалық ақпарат, оның ішінде қосылған құн түзетін экономика салаларының экономиканың дамуына әсерін талдау және экономика салаларының бюджет түсімдерінің жалпы көлеміне әсерін талдау;
елдегі салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы;
мемлекеттік сектор міндеттемелерінің ағымдағы жай-күйі туралы талдамалық ақпарат, оның ішінде үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен іске асырылатын әрбір жоба бөлінісінде қарыз талаптарына сәйкес негізгі борышты өтеу мен оған қызмет көрсетудің, сыйақылардың, комиссиялық және өзге де төлемдер сомаларының көлемі туралы деректер.
3-параграф. Есепті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық есепті жасау
7. Есепті қаржы жылында республикалық бюджет туралы заң баптарының орындалуы туралы талдамалық есепте тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы бекітілген заңның негізгі параметрлерінің іске асырылуы туралы талдамалық ақпарат, бекітілген көрсеткіштерге қатысты бюджеттің атқарылу пайызы, республикалық бюджеттің түсімдері, шығыстары мен тапшылығы бойынша баптардың атқарылуы, республикалық бюджет қаражатын бөлуді көздейтін нормативтік сипаттағы баптардың іске асырылуы көрсетіледі.
4-параграф. Республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің атқарылуы туралы деректер болып табылатын тиісті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау
8. Есепті қаржы жылында республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп республикалық бюджет туралы заңға қосымшаларға сәйкес республикалық бюджет көрсеткіштерінің орындалуы туралы деректерді білдіреді.
9. Есеп тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес жасалады және бюджет түсімдерінің сыныптамасы мен бірыңғай бюджеттік сыныптаманың бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының кодтары бойынша қалыптастырылып:
есепті қаржы жылына бекітілген, нақтыланған, түзетілген республикалық бюджеттің сомасы;