• Менің таңдаулыларым
«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 613 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік саясатты қалыптастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және жерүсті су ағынын тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады (бұдан әрі – реттелетін сала).»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) су қорын қорғау және пайдалану саласында ақпарат тарату және ағарту жүйесін дамыту;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) реттелетін салада мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылық ету және салааралық үйлестіру;»;
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес каналдар арқылы су беру, суару үшін су беру және жерүсті су ағынын тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен реттеу бойынша көрсетілетін қызметтер бөлігінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асыру;»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Функциялары:
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
2) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген негізгі бағыттары негізінде және оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
3) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдардың қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдау жүргізеді;
4) шағымдалатын мәселелер шегінде су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның тексеру нәтижелері туралы актісіне шағымдарды қарайды;
5) өтініш берушілер көтеретін жүйелі проблемаларды талдауды және анықтауды жүзеге асырады;
6) Қазақстан Республикасы Су кодексінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
7) нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындайды, реттелетін саладағы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізеді;
8) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобаларын оларға түсіндірме жазбалармен және салыстырма кестелермен бірге орналастырады (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) және мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді;
9) қоғамдық кеңестерді құрады және ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында консультациялық құжаттың немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасының жария талқылауға орналастырылуы туралы және хабардар етеді;
10) қоғамдық кеңестердің ұсынымдарын қарайды, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды және уәжді жауаптар береді;
11) қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
12) Министрлік құратын қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдаулар өткізу мерзімдерін келіседі;
13) Министрліктің қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған жұмысының нәтижелері туралы қоғамдық кеңеске есеп береді;
14) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттар мен ұлттық стандарттау жоспарының жобаларын қарауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау туралы және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
15) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
16) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында жұмылдыру дайындығына және жұмылдыруға жауаптылықты болады, сондай-ақ жұмылдыру органдарының қызметкерлеріне өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды;
17) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау іс-шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
18) төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және оларды жою, олар туындаған жағдайда залал мен шығын мөлшерін азайту, сондай-ақ төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдайды;
19) ведомстволық бағынысты ұйымдардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу жөніндегі қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
20) террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлейді және бекітеді;
21) реттелетін салада ғылыми-техникалық және кадр саясатын жүргізеді;
22) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
23) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жібереді;
24) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тануға сұранысын қалыптастырады;
25) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
26) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптік стандарттарды, салалық біліктілік шеңберлерін әзірлейді және (немесе) жаңартады;
27) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңеспен және кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кәсіптік стандарттарды бекітеді;
28) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
29) ғылыми-техникалық кеңесті құрады және оның ережесін бекітеді;
30) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңесті құрады;
31) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;