• Менің таңдаулыларым
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 197-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36628 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру Қағидалары бекітілсін.
2. «Су шаруашылығы құрылысжайларын жалға және сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 19-5/293 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 12235 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Н. Нуржигитов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрі
2025 жылғы 13 тамыздағы
№ 197-НҚ бұйрығымен
бекітілген
  • 1
Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Су кодексінің 23-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік меншікке жататын, су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жалдауға (жалға) алушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
2) жалдауға (жалға) беруші – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент әкімінің аппараты;
3) кепілдік жарна – конкурсқа қатысу қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар төлейтін ақша сомасы;
4) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құрылтайшысы (бұдан әрі – Құрылтайшы) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты;
5) сенімгерлік басқарушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құрылтайшымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
6) сыйақы – сенімгерлік басқаруға берілген кезде құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кіріс есебінен жүзеге асыратылатын сенімгерлік басқарушыға берілетін төлемдер;
7) су шаруашылығы құрылысжайлары – суды алуға, тазартуға, сақтауға, таратуға және дренаждық суларды бұруға арналған құрылысжайлар мен құрылғылар;
8) конкурс – мемлекеттік меншікке жататын су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттық нысаны – тізілімнің веб-порталы арқылы электрондық форматта өткізілетін конкурс, оның барысында жалдауға (жалға) беруші немесе құрылтайшы өзі ұсынған бастапқы талаптардың негізінде өзі үшін шарттың жақсы талаптарын ұсынатын конкурсқа қатысушылармен шарт жасасуға міндеттенеді;
9) конкурстық комиссия – конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін жалдауға (жалға) беруші немесе құрылтайшы құратын алқалы орган;
10) конкурсқа қатысушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
11) баланс ұстаушы – су шаруашылығы құрылысжайларын жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;
12) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - бірыңғай оператор) – «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысы бойынша айқындалған, өзіне мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің активтерін басқару мен пайдалану жөніндегі функциялар жүктелген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
14) тізілімнің веб-порталы - Интернет желісінде: www.e-qazyna.kz адресі бойынша орналастырылған, мемлекеттік меншікке жататын су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;
15) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
16) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы;
17) электрондық әмиян – бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына енгізілген қаражатты көрсету үшін тізілімнің веб-порталындағы қатысушының дербес шотындағы есеп.
3. Су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалану мерзiмдерiне қарай оларды амортизациялау нормаларын ескере отырып, келісім бойынша бес жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы Заңының 2-бабы 24-3) тармақшасына сәйкес беріледі.
4. Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) және сенімгерлік басқаруға беру конкурстар өткізу арқылы жүзеге асырылады.
5. Оларды әрі қарай нысаналы мақсаты бойынша пайдалану су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) және сенімгерлік басқаруға берудің шарты болып табылады.
Су шаруашылығы құрылысжайларын нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау жалдауға (жалға) берушінің немесе құрылтайшының шешімі бойынша мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқару шартын бұзу үшін негіз болып табылады.
Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру кезінде технологиялық циклдің сақталуын қамтамасыз ету талабы, сондай-ақ жалдауға (жалға) алушының немесе сенімгерлік басқарушының су шаруашылығы құрысжайларын ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғау жөнінде шаралар қабылдау жөніндегі міндеті белгіленеді.
2-тарау. Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру тәртібі
6. Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру өтеулi негiзде жүзеге асырылады.
Су шаруашылығы құрылысжайлары бойынша жалдау төлемінің есептік мөлшерлемелері олардың баланстық құнына, белгіленген су режиміне, гидротехникалық құрылысжайларын пайдалану қағидаларына және жерүсті су көздерін пайдалануға төлем мөлшеріне сәйкес баланс ұстаушы тарапынан айқындалып, бекітіледі.
7. Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайлары бойынша жалдауға (жалға) беруші ретінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган әрекет етеді.
Коммуналдық меншікке жататын, су шаруашылығы құрылысжайлары бойынша жалдауға (жалға) беруші ретінде жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімімен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты әрекет етеді.
8. Су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы шешімді жалдауға (жалға) беруші баланс ұстаушының ұсынысы негізі арқылы қабылдайды.
9. Конкурстың ұйымдастырушысы ретінде жалдауға (жалға) беруші әрекет етеді.
1-параграф. Конкурсты өткізуге дайындық
10. Конкурсты дайындау және өткізу кезінде жалдауға (жалға) беруші:
1) конкурстық комиссияны қалыптастырады;
2) конкурсты өткізу мерзімдерін айқындайды;
3) конкурстық құжаттаманы әзірлейді;