Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 25-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
-
Өнімдер:
Консультации










Консультации
Отправить по почте

Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 3 қыркүйекте № 36780 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
2. «Қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 555 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12114 болып келген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е. Нагаспаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 335 бұйрығымен бекітілген
Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 25-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды және су бұруды қамтамасыз ететін коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тәртібін (бұдан әрі – мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілері) айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) басқару органы – акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығын және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;
2) жалдауға (жалға) алушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
3) жалдауға (жалға) беруші – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган;
4) жалдау (сенімгерлік басқару) шарты – жалға беруші (сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы) мен жалға алушы (сенімгерлік басқарушы) арасында жасалған объектіні жалдау (сенімгерлік басқару) шарты;
5) кепілдік жарна – конкурсқа қатысу үшін жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар төлейтін ақша сомасы;
6) конкурс – жалдауға беруші (жалға алушы) немесе құрылтайшы өзі ұсынған бастапқы талаптардың негізінде жалдауға беруші (жалға алушы) немесе құрылтайшы үшін шарттың жақсы талаптарын ұсынатын конкурсқа қатысушылармен шарт жасасуға міндеттенетін тізілімнің веб-порталын пайдала отырып, электрондық форматта өткізілетін мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттық нысаны;
7) конкурстық комиссия – конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін жалдауға беруші (жалға алушы) немесе құрылтайшы құратын алқалы орган;
8) конкурсқа қатысушы – конкурсқа қатысу үшін осы қағидаларда белгіленген тәртіпте тіркелген жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
9) мүліктік жалдау (жалға алу) объектісінің баланс ұстаушысы – объектіні жалдау жедел басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген мемлекеттік заңды тұлға;
10) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - бірыңғай оператор) – «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 802 қаулысына сәйкес айқындалған, мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру жөніндегі міндеттер жүктелген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға;
11) мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі – қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды және (немесе) су бұруды қамтамасыз ететін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері немесе олардың элементтері;
12) сенімгерлік басқару объектісі - қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды және (немесе) су бұруды қамтамасыз ететін су шаруашылығы ұйымдарының мүліктік кешені, акцияларының пакеттері (қатысу үлестері), сондай-ақ қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауды және су бұруды қамтамасыз ететін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелері немесе олардың элементтері;
13) сыйақы –құрылтайшының сенімгерлік басқаруынан түсетін таза кіріс есебінен жүзеге асырылатын сенімгерлік басқарушыға берілетін төлемдер;
14) сенімгерлік басқарушы – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, құрылтайшымен сенімгерлік басқару шартын жасасқан жеке тұлғалар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар;
15) сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы (бұдан әрі - құрылтайшы) - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган;
16) тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін (бұдан әрі – тізілім) ұсынатын интернет-ресурс;
17) электрондық әмиян – бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына енгізілген қаражатты көрсету үшін тізілімнің веб-порталындағы қатысушының дербес есеп-шоты.
3. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілері «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабының 24-3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органмен келісу бойынша оларды амортизациялау нормаларын ескере отырып, пайдалану мерзімдеріне қарай бір жылдан бастап қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге сатып алу құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беріледі.
4. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілерін беру конкурстық негізде жүзеге асырылады.
5. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға берудің міндетті шарты оларды нысаналы мақсатына сәйкес одан әрі пайдалану болып табылады.
Мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенiмгерлiк басқару объектiлерiн мақсатсыз пайдалану жалға берушiнiң (жалға алушының) немесе құрылтайшының шешiмi бойынша мүлiктiк жалдау (жалға алу) немесе сенiмгерлiк басқару шартын бұзу үшiн негiз болып табылады.
Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру кезінде технологиялық циклдің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талап, сондай-ақ жалдаушының (жалға алушының) немесе сенімгерлік басқарушының су объектілерін ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғау жөнінде шаралар қабылдау міндеті белгіленеді.
6. Конкурстың ұйымдастырушысы ретінде жалдауға беруші (жалға алушы) немесе сенімгерлік басқару құрылташысы әрекет етеді.
7. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілері қалалық және ауылдық елді мекендер шегінде мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беріледі.
2-тарау. Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілерін беру тәртібі
8. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді баланс ұстаушының өтінімі негізінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша жалға беруші (жалға алушы) немесе сенімгерлік басқарудың құрылтайшысы қабылдайды.
9. Мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру үшін баланс ұстаушының өтінімі мынадай ақпаратты қамтиды:
1) баланс ұстаушының атауы;
2) мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісінің қысқаша сипаттамасы (саны, өлшем бірлігі) және оның баланстық құны туралы мәліметтер;
3) мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісінің орналасқан жері;
4) мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға беру мерзімі;
5) мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісінің нысаналы мақсаты;
6) баланс ұстаушының құрылтай құжаттары;
7) мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе сенімгерлік басқаруға берудің орындылығын негіздеу;

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |