• Мое избранное
Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 62 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте № 36993 болып тіркелді

Қазақстан Республикасының  Салық Кодексі 323-бабының 2-тармағына, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы  М. Абылкасымова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
  • 1
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 62
қаулысына 1-қосымша
Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 323-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Салық кодексі), «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 5) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелерді сыныптауды жүзеге асыру, берілген микрокредиттер бойынша активтерді күмәнді және үмітсізге жатқызу, сондай-ақ оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібін және жүзеге асыру талаптарын айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақшаны толық алмау – микрокредит беру туралы шартқа сәйкес қаржы ұйымына тиесілі ақша ағындары және қаржы ұйымы алуды күтіп отырған ақша ағындары арасындағы айырма;
2) берешек – микрокредит беру туралы шарттың талаптарына сәйкес қарыз алушы өтемеген негізгі борыш, есептелген сыйақы және (немесе) өзге төлемдер түріндегі талаптың сомасы;
3) берілген микрокредиттер бойынша біртекті активтер мен шартты міндеттемелер – кредиттік тәуекелдің сипаттамаларына ұқсас сипаттамалары бар берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелер тобы;
4) берілген микрокредиттер бойынша жеке активтер мен шартты міндеттемелер – қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес есепті күнгі жалпы баланстық құны микроқаржы ұйымының активтерінен 5 (бес) пайызға асып кететін берілген микрокредиттер бойынша активтер мен шартты міндеттемелер немесе өзара байланысты тарапқа қойылатын талаптарды білдіретін берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме.
Микроқаржы ұйымына осы тармақшада көзделген өлшемшарттарға толықтыру ретінде берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттемені жеке кредитке жатқызу үшін қосымша өлшемшарттар белгілеуге рұқсат беріледі.
Микроқаржы ұйымына берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жалпы баланстық құнының активтерге, бірақ активтерден 5 (бес) пайыздан төмен емес өзге арақатынасын белгілеуге рұқсат беріледі;
5) берілген микрокредит бойынша кредиттік-құнсызданған актив – берілген микрокредит бойынша актив, ол бойынша 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептік стандарттың (бұдан әрі – 9 ХҚЕС) өлшемшарттарына сәйкес келетін құнсыздану белгілері анықталады;
6) берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің жиынтық баланстық құны – берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің зиянға арналған бағалау резервінің көлеміне түзетілгенге дейінгі амортизацияланған құны;
7) берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттемені қайта жіктеу – берілген микрокредит бойынша бұрын жіктелген актив пен шартты міндеттемені оған қарсы провизияларды (резервтерді) тиісті қосымша қалыптастыру және (немесе) тарату арқылы жіктеу;
8) берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттемені қайта құрылымдау – төменде аталған жағдайлардың кез келгеніне сәйкес берілген микрокредит беру туралы шарттың тәртібін және талаптарына кез келген өзгерту:
берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша төлемдер кестесін өзгерту, оның ішінде негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу үшін берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша төлемдер бойынша жеңілдік кезеңін беру не ұзарту, берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме мерзімін келесі ұзарту, берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша бір немесе одан көп төлемді кейінге қалдыру, берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша негізгі борышты және (немесе) сыйақыны есептен шығару немесе кешіру, сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдерді капиталдандыру, сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті капиталдандыра отырып берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің валютасын бір валютадан басқасына өзгерту (конвертациялау);
микроқаржы ұйымындағы, оның ішінде басқа микроқаржы ұйымдарындағы берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша мерзімі өткен берешекті төлеу үшін берілген микрокредит бойынша жаңа актив пен шартты міндеттеме беру;
берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша мерзімі өткен берешек болған жағдайда кредиттік лимитті ұлғайту;
берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
қарыз алушының микроқаржы ұйымына берілген кепіл мүлкі есебінен берешек сомасын өтеу нәтижесінде берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша берешекті төмендету;
9) берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеменің амортизациялық құны – минус борыштың негізгі сомасының есебіне төлемдер, плюс (минус) тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып есептелген дисконттың (сыйлықақының) жинақталған амортизациясының шамасы бастапқы тану кезінде берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бағаланатын және зиянға арналған бағалау резерві ескеріле отырып түзетілген сома;
10) берілген микрокредит бойынша сатып алынған немесе құрылған кредиттік-құнсызданған актив – бастапқы тану сәтінде құнсыздану туралы растау болған, берілген микрокредит бойынша сатып алынған немесе құрылған актив;
11) дефолт – төлеу мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен өтіп кеткен мерзімі өткен төлемнің (төлемдердің) болуы не осы тармақшада көзделген мынадай бір немесе бірнеше жағдайдың болуы:
қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша сыйақыны есептеуді тоқтата тұру;
берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме берілген сәттен бастап кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюынан қарыз алушы берешегінің бір бөлігін және (немесе) бүкіл сомасын есептен шығару;
берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша талап ету құқықтарын дисконтпен беру;
қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауына байланысты берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттемені қайта құрылымдау;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес қарыз алушыны банкрот деп тану туралы талап-арыз беру;
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес қарыз алушының өзін банкрот деп тану туралы сотқа өтініш жасауы;
микроқаржы ұйымының атқарушы органы бекіткен Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде (бұдан әрі – Әдістеме) көзделген ахуалдар.
Қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауы деп төменде көрсетілген жағдайлардың бірінің немесе бірнешеуінің туындауы түсініледі:
қарыз алушының микроқаржы ұйымының алдында күнтізбелік 30 (отыз) және одан көп мерзімдегі мерзімі өткен міндеттемелері бар;
қарыз алушыда мерзімі өткен міндеттемелер жоқ және микроқаржы ұйымында қарыз алушының оған берілген микрокредит бойынша актив пен шартты міндеттеме бойынша жеңілдік жағдайлары берілмей өз міндеттемелері бойынша ақы төлеу мерзімдерін бұзуға жол бергені туралы негізделген және растайтын ақпарат бар;
қарыз алушының қаржылық жай-күйін нақты көрсеткіштерін бағалау негізінде микроқаржы ұйымы қарыз алушының ақша ағындарының микроқаржы ұйымының алдындағы шарттық міндеттемелерін (негізгі борышты және сыйақыны қоса алғанда) өтеу үшін жеткіліксіз болатынын болжайды;
қаржы ұйымы микроқаржы ұйымы әзірлейтін және Әдістемеге қосымша болып табылатын ішкі рейтингтік модельге сәйкес қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлағанын бағалады;
12) кредиттік скоринг – сапалық және сандық сипаттамаларға негізделген математикалық және (немесе) статистикалық модельдің көмегімен есептелетін, қарыз алушының кредитке қабілеттілігін және қарыз шарттары бойынша міндеттемелерді орындау ықтималдығын, күтілетін кредиттік зиянды бағалау;
13) қамтамасыз ету құны – ағымдағы сәтке оны өткізу (сату) мүмкіндігін ескере отырып, нарықтық (әділ) құннан анықталатын кепілді қамтамасыз ету құны;
14) қарыз алушы – микроқаржы ұйымымен микрокредит беру туралы шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;