Toggle Dropdown
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 61 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 30 қыркүйекте № 36994 болып тіркелді
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 323-бабының 1 және 3-тармақтарына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы М. Абылкасымова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 61 қаулысына 1-қосымша
Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидалары
1. Осы Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексі 323-бабының 1 және 3-тармақтарына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және банктер (ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары және банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – қаржы ұйымдары) үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақшаны толық алмау – қарыз шартына сәйкес қаржы ұйымына тиесілі ақша ағындары және қаржы ұйымы алуды күтіп отырған ақша ағындары арасындағы айырма;
2) берешек – қарыз алушы өтемеген, қарыз шартының талаптарына сәйкес негізгі борыш, есептелген сыйақы және (немесе) өзге төлемдер түріндегі талаптың сомасы;
3) біртекті қаржы активтері – кредиттік тәуекелдің сипаттамаларына ұқсас сипаттамалары бар қаржы активтерінің тобы;
4) дефолт – төлеу мерзімі күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен өтіп кеткен мерзімі өткен төлемнің (төлемдердің) болуы не осы тармақшада көзделген бір немесе одан көп жағдайдың болуы. Дефолтты айқындау мақсаттары үшін қаржы ұйымы мынадай ахуалдарды қабылдайды:
қарыз алушының банктегі басқа қарыздары бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі бар мерзімі өткен берешектің болуы;
қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлау көрсеткіші ретінде басқа банктердегі қарыздар бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі бар мерзімі өткен берешектің болуы;
қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты қарыз бойынша сыйақыны есептеуді тоқтата тұру;
қарыз берілген сәттен бастап кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюына байланысты қарыз алушы берешегінің бір бөлігін және (немесе) бүкіл сомасын есептен шығару;
қарыздарды айтарлықтай дисконтпен сату;
қарызды мәжбүрлеп қайта құрылымдау;
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Оңалту және банкроттық туралы заң) сәйкес қарыз алушыны банкрот деп тану туралы талап-арыз беру;
Оңалту және банкроттық туралы заңға сәйкес қарыз алушының өзін банкрот деп тану туралы сотқа өтініш жасауы;
«Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрі – 9-ХҚЕС) сәйкес келетін және Қағидаларға сәйкес бекітілген Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде көзделген өзге жағдайлар;
5) жеке қаржы активі – жалпы баланстық құны есепті күні қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес меншікті капиталдың 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан асатын, бірақ кемінде елу миллион теңге болатын қаржы активі немесе өзара байланысты тарапқа қойылатын талапты білдіретін қаржы активі.
Қаржы ұйымының осы тармақшада көзделген өлшемшарттарға қосымша қаржы активін жеке активтерге жатқызуға арналған қосымша өлшемшарттарды белгілеуіне жол беріледі.
Қаржы ұйымының қаржы активінің жалпы баланстық құнының меншікті капиталға өзге, бірақ меншікті капиталдың 0,2 (нөл бүтін оннан екі) пайызынан аспайтын арақатысын айқындауына жол беріледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары үшін меншікті капитал деп бас офис шотының, резервтердің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы қызметі нәтижелерінің сомасы түсініледі;
6) контрагент – шарт бойынша қаржы ұйымы болып табылмайтын, осы шарт бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастыратын тұлға;
7) кредиттік-құнсызданған қаржы активі – 9-ХҚЕС өлшемшарттарына сәйкес келетін құнсыздану белгілері анықталған қаржы активі;
8) кредиттік скоринг – сапалық және сандық сипаттамаларға негізделген математикалық және (немесе) статистикалық модельдің көмегімен есептелетін қарыз алушының кредит қабілеттілігін және қарыз шарттары бойынша міндеттемелерді орындау ықтималдығын, күтілетін кредиттік шығындарды бағалау;
9) қаржы активінің амортизациялық құны – бастапқыда тану кезінде қаржы активі бағаланатын сома, минус қарыздың негізгі сомасының есебінен төлемдер, плюс (минус) дисконттың (сыйлықақының) жинақталған амортизациясының тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып есептелген және зиянға арналған бағалау резерві ескеріле отырып түзетілген өлшемі;
10) қаржы активінің жиынтық баланстық құны – қаржы активінің зиянға арналған бағалау резервінің көлеміне түзетілгенге дейінгі амортизацияланған құны;
11) қарызды қайта құрылымдау – қарыз шартының тәртібін және талаптарын кез келген өзгертуі;
12) қарызды мәжбүрлеп қайта құрылымдау – қарызды қайта құрылымдау және төменде аталған мынадай жағдайлардың бірі:
негізгі борыш және (немесе) сыйақы төлемдері бойынша жеңілдікті кезең ұсыну не оны күнтізбелік 60 (алпыс) күннен астам мерзімге ұзарту болашақ ақша ағындарының таза келтірілген құнының 10 (он) пайыздан астам төмендеуіне әкеледі;
кредит мерзімін ұзарту - кредит бойынша бір немесе бірнеше төлемді күнтізбелік 60 (алпыс) күннен астам мерзімге кейінге қалдыру болашақ ақша ағындарының таза келтірілген құнының 10 (он) пайыздан астам төмендеуіне әкеледі;
қарыз бойынша негізгі борыштың және (немесе) сыйақының бір бөлігін есептен шығару немесе кешіру;
сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдерді капиталдандыру;
сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті капиталдандыра отырып, қарыз валютасын бір валютадан екінші валютаға өзгерту (айырбастау);
банкте қарыз бойынша мерзімі өткен және (немесе) мерзімі өтпеген берешекті төлеу үшін жаңа қарыз беру;
қарыз бойынша мерзімі өткен берешек болған жағдайда кредиттік лимитті ұлғайту;
қарыз алушының қаржы ұйымына берілетін кепіл мүлкі есебінен берешек сомасын өтеу нәтижесінде қарыз бойынша берешекті азайту;
ішкі рейтинг моделіне сәйкес қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауының болуы;