«Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
| Продукты: |
|
Отправить по почте

«Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысы
«Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі осы қаулыға 1-қосымшаның 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган;
2) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті осы қаулыға 1-қосымшаның 4 және 5-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне берсін.
5. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 15-тармағының 281), 282), 283), 284), 285) және 286) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы « » № қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп, елдің ғылыми-техникалық дамуы, геодезия, картография және кеңістіктік деректер, ақпараттандыру, «электрондық үкімет», дербес деректер және оларды қорғау, цифрлық активтер, жобалық басқару салаларындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында, сондай-ақ байланыс, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту салаларында және деректерді басқару бойынша (бұдан әрі – реттелетін салалар) басшылық жасауды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) «Аэроғарыш комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Ақпараттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) «Телекоммуникациялар комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) «Жасанды интеллект және деректерді басқару комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ тілінде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
6. Егер Министрлікке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуына құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 55/5-ғимарат.
10. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Министрліктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Министрлікке кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ бәсекеге қабілетті аэроғарыш өнеркәсібін дамыту және ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғарыш қызметі саласында, дербес деректер мен оларды қорғау саласында, байланыс саласында ұлттық ресурстарды бөлу мен пайдалануды қоса алғанда, байланыс саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, сондай-ақ өз құзыреті шегінде техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласына және байланыс саласындағы стандарттау саласына қатысу және оны іске асыруды қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, геодезияны, картографияны және кеңістіктік деректерді, елдің ғылыми-техникалық дамуы саласын қалыптастыру және дамуын қамтамасыз ету, байланыс қызметтері нарығының тиімді дамуы мен жұмыс істеуі;
2) Министрліктің құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты жүзеге асыру және мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiру;
3) реттелетiн салалардағы мемлекеттiк басқару және мемлекеттік бақылау;
4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту;
6) ғарыштық технологиялар мен көрсетілетін қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;
7) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық және шарттық-құқықтық базасын құру;
8) өз құзыреті шегінде «Байқоңыр» кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
9) пошта және байланыс саласындағы үйлестіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметті және байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін реттеу;
10) ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
11) деректерді басқару бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
12) деректерді басқару мемлекеттік саясатын іске асыруды қамтамасыз ету;
13) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
14) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;