• Мое избранное
Шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Шот-фактураны жазып беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 629 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қазанда № 37241 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 207-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Шот-фактураны жазып беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шот-фактура нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
  • 1
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 629
бұйрыққа 1-қосымша
Шот-фактураны жазып беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шот-фактураны жазып беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 207-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және салық төлеушілердің шот-фактураны жазып беру тәртібін айқындайды.
Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шот-фактураны (бұдан әрі – шот-фактура) салық төлеуші қағаз жеткізгіште шот-фактураны жазып беретін Салық кодексінің 209-бабының 1-тармағында және 492-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) қатысушысы ЭШФ АЖ-де электрондық нысанда жазып береді.
2. Электрондық шот-фактура (бұдан әрі – ЭШФ) «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.
3. Салық төлеуші Салық кодексінің 480-бабының 8-тармағына сәйкес электрондық нысанда алынған ЭШФ бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) сомасын таныған жағдайда, ЭШФ АЖ-де ҚҚС-ның осындай сомасы есепке жатқызылатын сома ретінде есепке алынған ҚҚС бойынша декларация ұсынылғанға дейін осындай тану туралы белгі жасайды.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті адам – заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын тұлғаның сенімхат негізінде осындай заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) немесе дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын тұлғаның атынан ЭШФ АЖ құжат айналымы процесінде операцияларды жүзеге асыру құқықтары берілген уәкілетті өкілі, қызметкері;
2) ЭШФ АЖ қатысушысы – Шот-фактураны жазып беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) қосымшасына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы Келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойған, биометриялық сәйкестендіруден өткен және ЭШФ АЖ-де тіркелген тұлға;
3) ЭШФ АЖ қатысушысының есепке алу жүйесі – салық міндеттемесін орындау мақсатында жүргізілетін бастапқы есепке алу құжаттардың деректерін, бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты қамтитын бухгалтерлік және салықтық есепке алу жүйесі;
4) ЭШФ АЖ операторы – ЭШФ АЖ әкімшісі болып табылатын уәкілетті орган;
5) ЭШФ тіркеу нөмірі – ЭШФ-ны тіркеген кезде берілетін және жеткізушінің сәйкестендіру нөмірінің, ЭШФ тіркелу күнінің және бірегей дәйексіз нөмірінің негізінде автоматты түрде ЭШФ АЖ қалыптастырылатын бірегей нөмірі.
Осы Қағидалардың шеңберінде пайдаланылатын өзгеде ұғымдар Салық кодексінің және Қазақстан Республикасының өзгеде заңнамалық актілеріне сәйкес қолданылады.
2-тарау. Электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактураны жазып беру тәртібі
1-параграф. Электрондық шот-фактураны жазып берудің жалпы ережелері
5. Салық төлеуші, Салық кодексінің 7-бөлімінде және осы Қағидаларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыруға қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіпте ЭШФ жазып беру жүзеге асырады.
6. Құжат айналымының шеңберінде ЭШФ АЖ-де ЭШФ жазып беру (жөнелту) және қарау ЭШФ АЖ қатысушылары немесе уәкілетті адам жүзеге асырады.
7. ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модулінде (бұдан әрі – Модуль) тауарлардың орнын ауыстыруын бақылау оны ЭШФ АЖ қатысушысы немесе берілген құқықтар шегінде уәкілетті адам мәлімделген (декларацияланған) тауарлармен толтыру және оларды есептен шығару арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.
8. ЭШФ АЖ-де тіркелген кезде ЭШФ АЖ қатысушысына мынадай мәртебелер беріледі:
1) жеке тұлға;
2) дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адам;
3) заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі).
Заңды тұлғаны (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін) ЭШФ АЖ қатысушысы ретінде тіркеуді заңды тұлға құрылтайшысының (құрылтайшыларының) шешімі бойынша немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысын тағайындау туралы заңды тұлға қабылдаған шешімнің негізінде тағайындалатын заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы ғана жүргізеді.
Берілген мәртебелер бойынша деректер салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан расталады.
Егер жеке тұлға заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы болып табылған жағдайда, бұл ақпарат салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан алынған мәліметтермен расталады.
9. «Жеке тұлға» мәртебесімен тіркелген ЭШФ АЖ қатысушысы, мұндай жеке тұлға ЭШФ АЖ қатысушысының – заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің), дара кәсіпкердің не жеке практикамен айналысатын адамның уәкілетті өкілі, қызметкері болып табылатын жағдайды қоспағанда, ЭШФ жазып бермейді.
10. ЭШФ АЖ қатысушысын әрбір мәртебе бойынша тіркеу биометриялық сәйкестендіру арқылы және жеке Келісімді ЭЦҚ-мен куәландырғаннан кейін жүргізіледі.
Бұл ретте заңды тұлға үшін биометриялық сәйкестендіру биометриялық сәйкестендіруден өтуге мүмкіндік бермейтін дене функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдарды, сондай-ақ Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде биометриялық деректері жоқ адамдарды қоспағанда, осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген тәртіппен жүргізіледі.
11. Заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) үшін Келісім бір мезгілде мыналар:
1) осы заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысына жеке тұлға ретінде берілген ЭЦҚ;
2) осы заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) басшысының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) қамтылған заңды тұлғаға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне) берілген ЭЦҚ;
3) осы заңды тұлға (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі) басшысының биометриялық сәйкестендіруден өтуі арқылы куәландырылады.
12. Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының ережелеріне сәйкес ЭШФ АЖ-де электрондық нысанда жасалатын сенімхат негізінде:
1) заңды тұлғаның (заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің) басшысы уәкілетті адамды және (немесе) сенім білдірілген өкілді (операторды) айқындайды;
2) дара кәсіпкер не жеке практикамен айналысатын адам уәкілетті адамды айқындайды.
Бұл ретте шот-фактуралар бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен реттелетін қатынастарға қатысатын осы Қағидалардың мақсатында сенім білдірілген өкіл деп серіктестік шарт негізінде әрекет ететін адвокаттық кеңсе немесе тапсырма шарты негізінде әрекет ететін заңды тұлға не өнімді бөлу туралы келісімге (келісімшартқа) немесе Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде әрекет ететін оператор түсініледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдар: