• Мое избранное
«Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» салық есептілігіне (328.00-нысан) байланысты кейбір мәселелер туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш» салық есептілігіне (328.00-нысан) байланысты кейбір мәселелер туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 628 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қазанда № 37237 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 49-бабы 4-тармағының төртінші бөлігіне, 115-бабы 3-тармағының үшінші бөлігіне, 530-бабының 7-тармағына, 532-бабының 6-тармағына және 549-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес оны жасау бойынша түсіндірмесі бар «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысаны)» салық есептілігінің нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысаны)» салық есептілігін ұсыну қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті кері қайтарып алу қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысаны)» салық есептілігін кері қайтарып алу туралы өтініштің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын және импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акцизді төлеу фактісін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште тиісті белгі қою не растаудан дәлелді бас тарту жолымен, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растау не растаудан дәлелді бас тарту жағдайын растау қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан дәлелді бас тарту нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес жанама салықтарды төлеу фактісін растау туралы хабарлама нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республиксы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республиксының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Жасанды
интеллект және цифрлық
даму министрлігі
  • 1
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 28 қазандағы
№ 628 бұйрығына
1-қосымша
328.00 нысан
Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш
Бет   -ден   
Нөмірі Күн Айы Жылы
  1-бөлім

Сатушы

Сатып алушы

Салық төлеушінің сәйкестіндіру коды (нөмірі)

Салық төлеушінің сәйкестіндіру коды (нөмірі)

01 ____________________________________

02 ____________________________________

(ұйымның атауы, дара кәсіпкердің немесе дара

кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

(ұйымның атауы, дара кәсіпкердің Т.А.Ә.)

03 ____________________________________

04 ____________________________________

(елдің коды, орналасқан жері (тұрғылықты жері)

(елдің коды, орналасқан жері (тұрғылықты жері)

  05 шарттың (келісімшарттың) № ______шарттың (келісімшарттың) күні 20___ж. «__»________ ерекшеліктерінің № _______, _______ ерекшеліктерінің күні ____, __
  06 _________________________________________________________________
  (ұйымның атауы (дара кәсіпкердің Т.А.Ә.) елдің коды, орналасқан жері (тұрғылықты жері)
  07 шарттың (келісімшарттың) № ______ шарттың (келісімшарттың) күні 20___ж. « __»________ ерекшеліктерінің № _______ , _______ ерекшеліктерінің күні ____ , ____
  (лизинг шарты жасалған жағдайда тиісті торкөзде ☐ Х белгісі қойылады,
алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу шарты жасалған жағдайда тиісті торкөзде ☐ Х белгісі қойылады,
дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғадан тауарды сатып алу туралы шарт жасалған жағдайда тиісті торкөзде ☐ Х белгісі қойылады)

р/с №

Тауардың атауы

СЭҚ ТН тауар код

Тауардың өлшем бірлігі

Тауар мөлшері

Тауар (жұмыс) құны

Валюта

Көлік (тауарға ілеспе) құжаты

Коды

Бағамы

Сериясы, нөмірі

Күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

ЖИЫНЫ:

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

продолжение таблицы

Шот-фактура

Тауарды есепке қабылдаған күні

Салықтық база

Салық мөлшерлемесі

Салық сомасы

Акциздер

ҚҚС

Акциздер

ҚҚС

Акциздер

ҚҚС

Нөмірі

Күні

негізгі (ерекшеліктер)

адвалорлы

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Х

Х

Х


 


 

Х

Х

Х


 


 

Осы өтініште келтірілген мәлiметтердiң дұрыстығын және толықтығын растаймын
  _____________________________________ ________________ ______________
Сатып алушы (сатып алушы-дара кәсіпкер) - қолы күні М.О.
ұйым басшысының (уәкілетті тұлға) Т.А.Ә.
  ____________________________________________________________________
  ____________________________________________________________________
  Түзетілген жағдайда __________________________________________________
  Бет    -ден   
Нөмірі Күні Айы Жылы
  2-бөлім

Салық органына табыс ету кезінде өтінішті тіркеу туралы белгі

Нөмірі Күні Айы Жылы

Сатып алушының есепке қою орны бойынша жанама салықтарды төлеу (ҚҚС және (немесе) акцизден босатылғаны) туралы салық органының белгісі өтінішті тіркеу туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

ҚҚС ____________ сомасында төленді

Акциздер ____________ сомасында төленді

__________________ ____________ ________ ____________

инспектордың Т.А.Ә. (болған кезде) лауазымы қолы күні

____________________________ ________ ____________

Басшы (басшының орынбасары) қолы күні

Мөр орны (болған кезде)

________________________________

Салық органының атауы

Мемлекеттік кірістер органы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың талаптарына салық төлеуші толтырған өтініш деректемелерінің сәйкессіздігін анықтаған жағдайда салық органы салық төлеуші анықтаған сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін жанама салықтарды төлеу туралы белгі қояды.
  Бет    -ден   
Нөмірі Күні Айы Жылы