Toggle Dropdown
Бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 қазанда № 37238 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 111-бабы 2 және 5 тармақтары, 113-бабының 2-тармағы және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесінің қағидасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес фискалдық деректер операторын тізбеге енгізу және тізбеден шығару қағидасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарының қағидасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою туралы нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы нысаны;
6) осы бұйырыққа 6-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелердің орындалуы нысаны;
7) осы бұйырыққа 7-қосымшаға бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы нысаны бекітілсін.
2. осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі министрлігі
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 24 қазандағы
№ 626
бұйрығына 1 қосымша
Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар
1. Осы Бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексі (бұдан әрі – Салық кодексі) 111-бабы 2 және 5 тармақтары және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бақылау-касса машинасын қолдану тәртібін және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптарды айқындайды.
2. Осы Ережелерде мынадай ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) бақылау-касса машинасын фискалдық деректер операторының бағдарламалық-аппараттық кешеніне VPN арқылы қосу – бақылау-касса машиналарын рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз ететін клиент пен сервер дұрыс сәйкестендірулері бар арнайы қорғалған байланыс арнасы бойынша фискалдық деректер операторының серверіне қосу;
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көліктік ортасы (бұдан әрі – МО БКО) – «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің ақпараттық қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, жергілікті (интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;
3) Қызметті көрсетуші – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы экономикалық аймақтар аумағындағы аудандық, қалалық және қалалардағы аудандық аумақтық органдары;
4) Қызметті алушы – салық төлеуші немесе қызмет алушымен еңбек қатынастарында тұрған не оның атынан сенімхат, шарт немесе өзге де заңды негізде әрекет ететін, сатып алушымен (клиентпен) бақылау-кассалық машина қолдану арқылы қолма-қол ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыратын және оның жұмысын қамтамасыз ететін тұлға;
5) қызметтерді көрсету шарты – салық төлеушіге фискалдық деректер операторының қызмет көрсету талаптарын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіпте салық төлеуші мен фискалдық деректер операторы арасында келісім жасалғанын растайтын қағаз және/немесе электронды түрдегі құжат;
6) «Салықтық әкімшілендіруді интеграцияланған жүйесі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «СӘИЖ» АЖ) – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын есепке қоюды, тіркеу карточкасында көрсетілген мәліметтерді өзгертуді және есептен шығаруды қамтамасыз ететін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі;
7) токен – фискалдық деректер операторының серверіне ақшалай есеп айырысулар туралы деркетерді беру кезінде бақылау-касса машиналарын сәйкестендіру және рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғау үшін фискалдық деректер операторының сервері генерациялаған сандық код;
8) уәкілетті орган – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
9) фискалдық деректер операторы – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша салық органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін, фискалдық деректер операторларының тізбесіне енгізілген заңды тұлға;
10) фискалдық деректер операторының порталы – мынадай міндеттерді шешу үшін қажетті фискалдық деректер операторының интернет-ресурсы, фискалдық деректер операторының бағдарламалық-аппараттық кіші жүйесі: ұйымды тіркеу, уәкілетті органда бақылау-касса машиналарын тіркеу, ұйымның пайдаланушыларын басқару, бақылау-касса машиналарымен жұмыс істеу үшін токен беру, фискалдық операцияларды, ұйымның кассалары бойынша Х және Z есептерді қарау, фискалдық белгіні немесе бақылау чегінің дербес кодын тексеру;
11) фискалдық белгі – бақылау-касса машинасының фискалдық режимде жұмыс істейтінін растау ретінде бақылау-касса машинасының чектерінде көрсетілетін айрықша символ;
12) хабарлама – ХML форматындағы хабарламаның тақырыбы мен денесінен тұратын және фискалдық деректер операторының ақпараттық жүйесінен ақпаратты Комитеттің ақпараттық жүйесіне және керісінше беру үшін қызмет ететін құрылым;
13) «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) – «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін «электрондық үкіметтің» өзге де ақпараттандыру объектілерімен интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;
14) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі (бұдан әрі – ЭҮСШ) – мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасында тұрған ақпараттық жүйелердің мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасынан тыс тұрған ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге арналған «электрондық үкімет» шлюзінің кіші жүйесі;
15) «SDF» ақпараттық жүйесі – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдауды, сақтауды қаматамасыз ететін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесі;
16) Virtual Private Network (бұдан әрі – VPN) – екі тораптың ақпаратпен алмасуға арналған виртуалды жеке желі;
17) VLAN (ағыл.VirtualLocalAreaNetwork) – бұл виртуалды жергілікті желі (физикалық тұрғыда түрлі сегменттерде орналасқан, бірақ логикалық тұрғыда бір-бірімен байланысты және бір кеңтаралымды доменге біріктірілген желілік ресурстар тобы).
3. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде көрсетілген қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына жібереді.
4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтерден тұратын ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелерде іркіліс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші техникалық ақауларды жоюды қамтамасыз етеді және тиісті уәкілетті тұлғаларды 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
5. Бақылау-касса машиналарын қолдану:
1) бақылау-касса машинасын есепке қоюды;
2) тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді;
3) бақылау-касса машинасын есептен шығаруды;
4) бақылау-касса машинасын пайдалануды қамтиды;
5) бақылау-касса машинасын чегінің мазмұнына қойылатын талаптардың;