• Менің таңдаулыларым

Отправить по почте

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 896 қаулысы

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:
«104) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшыларды, мамандарды, жұмыскерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың білімін тексеру (емтихандар өткізу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
«175-19) ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекітеді;»;
«190) өрттердің алдын алуды және оларды сөндіруді жүзеге асырады;»;
«206) мұнай өнімдерін өндіруді мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған мұнай өнімдерін беру жөніндегі бірыңғай оператордан мұнай өнімдерін сатып алады;»;
«268) қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарына, технологиялық құрылысжайларына зерттеп-қарау, диагностикалау, қауіпті техникалық құрылғыларға техникалық куәландыру жүргізудің уақтылығына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;»;
«269-19) қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын әзірлеу және келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-2-жолмен толықтырылсын:
«3-2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 55209 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О. Бектенов