Toggle Dropdown
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлар тізбесін, сондай-ақ нысандарын, Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 31 қазандағы № 657 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 қазанда № 37317 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 179-бабы 3-тармағына және «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндет қолданылатын тауарлардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Тауарларға ілеспе жүкқұжаттардың нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Автомобиль көлігімен транзиттік тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттың басып шығарылған нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланған бірінші күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы Д. Темирбеков
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 қазандағы
№ 657
бұйрыққа 1-қосымша
Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі міндеттеме қолданылатын тауарлардың тізбесі
|
№
|
Тауардың атауы
|
|
1
|
2
|
|
1.
|
Өндірілуі мен айналымы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін биоотын
|
|
2.
|
Өндірілуі мен айналымы «Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі
|
|
3.
|
Өндірілуі мен айналымы «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері
|
|
4.
|
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 536-бабының 5) тармақшасына сәйкес газохол, бензол, нефрас, жеңіл көмірсутектер қоспасы, экологиялық отын.
|
|
5.
|
Өндірілуі мен айналымы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін сұйытылған мұнай газы
|
|
6.
|
Айналымы «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттелетін есiрткi құралдары, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар
|
|
7.
|
Қадағалап отыру тетігі туралы келісімге сәйкес қадағалап отыруға жататын тауарлар
|
|
8.
|
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар
|
|
9.
|
Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына әкетілетін тауарлар
|
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 31 қазандағы
№ 657
бұйрыққа 2-қосымша
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы қағидалары
1. Осы Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары және олардың құжат айналымы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 179-бабы 3-тармағының «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тауарлардың қозғалысын бақылауға арналған тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (бұдан әрі – ТІЖ) ресімдеу тәртібін айқындайды.
2. Салық салу, сондай-ақ салықтық және кедендік әкімшілендіру мақсаттары үшін ТІЖ:
1) тауарға ілеспе, оның ішінде салық төлеушіге тауарларды тиеп жөнелтуді растайтын құжат;
2) бастапқы бухгалтерлік құжат болып табылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
1) бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үй iшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
2) виртуалды қойма – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін автоматты режимде қамтамасыз етуге арналған электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) модулі;
3) қойманың сәйкестендіру нөмірі (ІD) – салық төлеушінің ЭШФ АЖ-ғы виртуалды қоймасының тіркеу нөмірі;
4) тауар – кез келген жылжымалы мүлік, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің валюталары, бағалы қағаздар және (немесе) валюталық құндылықтар, жол чектері, электр энергиясы, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жылжымайтын мүлікке теңестірілген өзге де өткізілетін заттар;
5) тауардың ID – виртуалды қоймадағы тауарлар үшін автоматты түрде жинақталатын сәйкестендіргіш;
6) тауарларды өткізу – тауарларды бір тұлға шегінде Қазақстан Республикасының аумағында өткізу және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету.
4. Виртуалды қоймалардың түрлері:
1) «Қойма» – салық төлеушінің негізгі қоймасы (бірнеше қойманы құруға жол беріледі);
2) «Бөлінбеген қойма» – ЭШФ АЖ пайдаланушылары үшін және бөлшек саудада, оның ішінде ЭШФ АЖ тіркелмеген тауарды өткізуді жүзеге асыратын алушылар үшін автоматты түрде құрылатын қойма;
3) «Сату нүктесі» – дүкеннің сауда залында орналасқан тауарды сату орны, сату нүктесі;
4) «Архив» – ТІЖ ресімдеу кезінде «Шағын сауда нүктесі» белгісі берілген салық төлеушінің автоматты түрде есептен шығарылған тауарларын сақтау қоймасы.
5. Виртуалды қоймалардың белгілері:
1) «Басымдылық берілген қойма» – ЭШФ АЖ қатысушысы автоматты түрде кіріске алу және тауарларды виртуалды қоймадан есептен шығару үшін айқындаған қойма;
2) «Тауарларға арналған декларациялар бойынша тауарларды кіріске алу қоймасы» – тауарларға арналған декларациялар бойынша тауарларды автоматты түрде кіріске алуға арналған қойма;
3) «Жария қойма» – тауарларды өткізу және сату кезінде қойманы таңдау үшін жеткізушіге сатып алушы ұсынатын қойма;
4) «Бірлескен қызмет қатысушыларының қоймасы» – бірлескен қызмет қатысушылары пайдаланатын қойма (бұдан әрі – БҚҚ қоймасы);
5) «Лизингке арналған қойма» – белгілі бір уақыт ішінде әртүрлі контрагенттермен (жеткізуші немесе алушы) бірлесіп пайдалануға арналған қойма;
6) «Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу бойынша қойма» – шикізаттың алушы-берушілері және қайта өңдеушілері пайдаланатын қойма;
7) «Қайта ұйымдастырылатын тұлғаның қоймасы» – кәсіпорынды қайта ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын қойма.
6. Тауар қалдықтары бойынша қоймадағы тауар қалдықтарының нақты саны бойынша мәліметтерге сәйкес келуге тиіс «Қалдықтар» нысаны арқылы виртуалды қойма нысандары журналына енгізілетін мәліметтер.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар бойынша қоймадағы тауар қалдықтарының нақты саны бойынша мәліметтерге сәйкес келуге тиіс «Өндіріс» нысаны арқылы виртуалды қойма нысандары журналына енгізілетін мәліметтер.
2-тарау. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және олардың құжат айналымы тәртібі
7. Осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген, ТІЖ қағаз жеткізгіште рәсімдеуге жататын жағдайларды қоспағанда, ЭШФ АЖ электрондық нысанда рәсімделеді.
Өнім беруші (әкелу кезінде – алушы) ТІЖ нысанын толтыру тәртібіне сәйкес нысан бойынша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Виртуалды қойма» модулі арқылы мемлекеттік немесе орыс тілінде ТІЖ-ді рәсімдейді.
Тауарлар тізбесінің реттік нөмірлері 8 және 9-жолдарында көрсетілген тауарлар бойынша ТІЖ «Виртуалды қойма» модулін қолданбай рәсімделеді.