• Мое избранное

Отправить по почте

Қызметi қайырымдылық және (немесе) халықаралық сипатқа ие және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, шетелдiк және қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тiзбесiн бекiту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 қазандағы № 857 қаулысы

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 9-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қызметі қайырымдылық және (немесе) халықаралық сипатқа ие және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
1
Қызметi қайырымдылық және (немесе) халықаралық сипатқата ие және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, шетелдiк және қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тiзбесi
13. Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА/ІАЕА)
15. Инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көптарапты агенттік (ИККА/МIGА)
17. Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттердің ғалымдарымен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі халықаралық қауымдастық (INТАS)
26. Қызыл Крест және Қызыл Жартыай қоғамдастығының халықаралық федерациясы (ІFRС)
29. Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО/UNESСО)
31. Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО/FАО)
32. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ/OSСЕ)
33. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ/ОЕСD)
35. Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымы (ЮНИДО/UNIDO)
36. Біріккен Ұлттар Ұйымының Еріктілер бағдарламасы (БҰҰЕБ/UNV)
37. Біріккен Ұлттар Ұйымының АИВ/ЖИТС жөніндегі бірлескен бағдарламасы (БҰҰ/ЖИТС/UNAIDS)
38. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ/UNDP)
39. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП/UNEP)
40. Орталық Азия экономикасы үшін арнайы бағдарлама (ОАЭАБ/SРЕСА)
41. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Басқармасы (БҰҰ ЖКББ/UNHCR)
42. Біріккен Ұлттар Ұйымының Есiрткi және қылмыс жөнiндегi басқармасы (БҰҰ ЕҚБ/UNODC)
43. Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтың қоныстануы саласындағы қызметке арналған қоры (ЮНФПА/UNFPA)
44. Азия және Тынық мұхиты өңірі елдеріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссия (АТӨЕАЭК/ЕSСАР)
46. Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы (ЯСЖТШҰ)
47. ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі жаһандық қоры
50. Футбол қауымдастықтарының халықаралық федерациясы (FIFA)
56. Орман секторындағы ынтымақтастық жөніндегі азиялық ұйым (AFoCO)
60. Ұлыбританияның Сыртқы істер, Достастық және Даму министрлігі (Foreign, Commonwealth&Development Office)
67. Малайзия техникалық ынтымақтастық бағдарламасы (МТСР)
68. Нидерландтың Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі бағдарламасы – РSO Бағдарламасы
69. Үндістан Сыртқы істер министрлігінің Экономикалық және техникалық ынтымақтастық жөніндегі бағдарламасы (ІТЕС)
71. Израиль Сыртқы істер министрлігі жанындағы Халықаралық ынтымақтастық орталығы (МАШАВ Бағдарламасы)
Шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар
81. Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ислам ұйымы (ИСЕСКО)
82. Канада жергілікті бастамалар бағдарламасы (Lосаl Іnіtіаtіvе Рrоgrаm)
83. «Аралды құтқарудың халықаралық қоры» қоғамдық қоры (ІFАS)
84. Түрік мәдениеті мен өнері мәселелері жөніндегі біріккен комитет (ТЮРКСОЙ)
85. Саскачеван сауда және экспорт серіктестігі (SТЕР, Канада)
90. Заид бен Сұлтан Әл Нахаян атындағы қайырымдылық-ізгілік ұйымы
92. «International Fund for Houbara Conservation – Kazakhstan» (Интернешнл Фанд Фо Хубара Консервейшн – Казахстан)" корпоративтік қоры
96. «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» қоғамдық қоры
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 177 қаулысы.
2. «Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 177 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 187 қаулысы.
3. «Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 177 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 652 қаулысы.
4. «Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 177 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 202 қаулысы.
5. «Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 177 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 8 шілдедегі № 520 қаулысы.