• Мое избранное
Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұны мен қорғау элементтерін және Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің акцизді төлеу туралы және (немесе) импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысандарын, мазмұны мен қорғау элементтерін және Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің акцизді төлеу туралы және (немесе) импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидаларын және қамтамасыз ету мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 7 қарашадағы № 682 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 10 қарашада № 37371 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 175-бабы 15-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес есепке алу-бақылау маркаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементтері;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің акцизді төлеу туралы және (немесе) импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну, сондай-ақ осындай міндеттемені есепке алу қағидалары және қамтамасыз ету мөлшері бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі  М. Такиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
  • 1
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 7 қарашадағы
№ 682 бұйрыққа
1-қосымша
Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары
1-тарау. Жалпы ереже
1. Осы Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 175-бабы 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін айқындайды.
2-тарау. Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау тәртібі
2. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тұтынушы ыдысына құйылған алкоголь өнімі есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауға жатады.
3. Есепке алу-бақылау маркасы тұтыну ыдысына төменгі бағытта голограммамен оны қайта пайдалануды болдырмау мақсатында тұтыну ыдысын ашқан кезде есепке алу-бақылау маркасының тұтастығы бұзылатындай етіп желімделеді (қаңылтыр ыдысты қоспағанда).
Есепке алу-бақылау маркасы тұтыну ыдысына тығыз желімделеді және сәйкестендіруді және штрих-кодтық ақпаратты оқитын құрылғымен оқуды қамтамасыз етеді.
4. Алкоголь өнімі өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге арналған дайын өнімге есепке алу-бақылау маркалары желімдеуді өндіріс мекенжайы бойынша жүргізеді.
5. Конкурстық және оңалтуды басқарушылар борышкердің мүліктерін (активтерін) өткізу кезінде алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауды олар сақталған мекенжай бойынша жүргізеді.
6. Қазақстан Республикасының аумағына импорталатын алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау Салық кодексінің 175-бабы 6-тармағында көрсетілген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жүзеге асырылады.
3-тарау. Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен қайта таңбалау тәртібі
7. Алкоголь өнімдерін жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен қайта таңбалау бұрын ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен таңбаланған алкоголь өнімдерін 5 (бес) жыл сайын 1 (бір) рет жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалауды қамтиды.
Бұл ретте қайта таңбалау қайта таңбалау басталған күннен бастап 20 (жиырма) ай ішінде жүргізіледі.
Көрсетілген кезеңде қайта таңбалау басталған күнге дейін енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларын пайдалануға жол беріледі.
Алкоголь өнімін жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау бір есепке алу-бақылау маркасын екіншісіне салмай, ескі үлгідегі қолданыстағы есепке алу-бақылау маркаларының жанында жүргізіледі.
8. Қайта таңбалау:
1) ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары желімделген алкоголь өнімдерін, сондай-ақ пайдаланылмаған ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын түгендеуді;
2) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен алкоголь өнімдерін таңбалауды;
3) пайдаланылмаған ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығаруды және жоюды қамтиды.
9. Түгендеу бір реттік сипатта болады және алкоголь өнімдерін өндіруді немесе импорттауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде борышкердің мүлкін (активтерін) өткізетін конкурстық және оңалтуды басқарушылары (бұдан әрі – субъектілер) жүргізеді.
10. Субъектілер түгендеу жүргізу тәртібінің сақталуын және уақытылығын, тиісті түгендеу тізімдемесіне еркін нысанда енгізілетін олардың нақты сандық қалдықтары бойынша түрлері мен атаулары бөлінісінде ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары жапсырылған алкоголь өнімі туралы деректердің толықтығын, анықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.
11. Түгендеу тізімдемесі ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары жапсырылған алкоголь өнімі бойынша және ескі үлгідегі пайдаланылмаған есепке алу-бақылау маркалары бойынша, әрбір бетте ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары мен пайдаланылмаған есепке алу-бақылау маркалары жапсырылған алкоголь өнімінің жалпы саны (сандары мен жазуы) көрсетіле отырып, бөлек жасалады. Түгендеу тізімдемесінің әр бетіне субъектінің басшысы қол қояды.
12. Түгендеу тізімдемесі 2 (екі) данада жасалады, оның бірі тиісті мемлекеттік кірістер органына жіберіледі, екіншісі субъектінің өзінде қалады.
13. Ескі үлгідегі пайдаланылмаған есепке алу-бақылау маркалары жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркалары енгізілген күннен бастап 3 (үш) ай ішінде ескі үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларын жою жөніндегі комиссияның қатысуымен субъекті мен мемлекеттік кірістер органдарының жоюына жатады.
14. Комиссияның құрамына мемлекеттік кірістер органдарының бірінші басшылары, мемлекеттік кірістер органының есепке алу-бақылау маркалар үшін материалдық-жауапты адамдары және субъектінің уәкілетті өкілдері кіреді.
15. Комиссияның құрамын және есепке алу-бақылау маркаларын жою орнын мемлекеттік кірістер органы бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
16. Есепке алу-бақылау маркалардың іс жүзінде жойылғаны туралы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау маркаларын жою актісі (бұдан әрі – акт) жасалады. Акт 2 (екі) данада жасалады, онда жойылған есепке алу-бақылау маркаларының сериясы, нөмірлерінің диапазоны, түрі мен саны көрсетіледі. Актінің әрбір данасына комиссия мүшелері қол қояды және мемлекеттік кірістер органының мөрімен куәландырылады.
Актінің бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, актінің екінші данасы субъектіге беріледі.
  • 1
Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен
 сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке
 алу-бақылау маркаларымен таңбалау
 (қайта таңбалау) қағидаларына
қосымша
нысан
Есепке алу-бақылау маркаларын жою актісі
           Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 175-бабының 1) тармағына  
сәйкес біз, мынадай құрамдағы комиссия:
 ____________________________________________________________ дана,  
              (сериясы және нөмірінің диапазондары, саны жазумен)