Toggle Dropdown
Банк ұйымдарының мемлекеттік кірістер органына жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осындай шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтерді ұсыну нысандарын, сондай-ақ Тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар жеке тұлғаның банктік шотына түскен ақшаның жиынтық сомасы бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары мен тізбесін және осындай операцияларға жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 698 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 12 қарашада № 37396 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 55-бабының 2-тармағы 17) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтарына, 18), 21) және 24) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 6-1, 6-2-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасынасәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, банктік шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сыйақыны қоса алғанда, өтеу сомаларын көрсете отырып, активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну міндеті туындаған жеке тұлғаға берілген кредиттер туралы мәліметтер нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органына тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыратын салық төлеушілерде банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның банктік шоттарында жүргізілетін операцияларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларға жатқызу өлшемшарттары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған кезеңде банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтер нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан кіріс алу белгілері бар операцияларды жүргізу анықталған банктік шотына өзге жеке тұлғалардан түскен ақшаның жиынтық сомасы жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидалары және тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банк
Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2025 жылғы 12 қарашадағы
№ 698 бұйрыққа
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан
Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер
20____ жылғы «___» ____бастап 20____ жылғы «___» _____ дейінгі кезең үшін
Ұсынылады: мемлекеттік кірістер органдарына.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан kgd.gov.kz. интернет–ресурста орналастырылған.
Әкімшілік нысанның атауы: Банктік шоттардың бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): БШБЖНАҚ – 1.
Есепті кезең: Салық кодексінде және осы бұйрықта белгіленген есепті кезең үшін;
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: банк ұйымдары.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды тапсыру мерзімі: мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
БСН
(банк ұйымдары БСН көрсетіледі)
Жинау әдісі: электрондық түрде және (немесе) қағаз жеткізгіште.
|
№
|
Салық төлеуші
|
Банк шоттары ашылған банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері
|
Банк шотының валютасы
|
Банк шотының нөмірі
|
Кезеңнің басындағы банк шотындағы ақша қалдығы
|
Кезеңнің соңындағы банк шотындағы ақша қалдығы
|
|
ЖСН/БСН
|
Т.А.Ә./ атауы
|
БСН
|
БСК
|
Атауы
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
|
Атауы ______________________
____________________________
|
Мекенжайы_______________________
_________________________________
|
Телефоны _________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________
Орындаушы _______________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе), қолы, телефоны
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта
Мөр орны ________________________________________________________
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСК – банктік сәйкестендіру коды;