«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 432 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 46 бұйрығы;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 46 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 12 тамыздағы № 274 бұйрығы.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереженің 15-тармағының 115) және 116) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Сапаров
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы ___ қарашадағы № ______ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын, қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ аквашаруашылық, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлері (каспий итбалығы) бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында басшылықты жүзеге асырады.
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Комитет егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, онда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 13-кіреберіс.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің міндеттері, құқықтары мен міндеттемелері
13. Міндеттері:
1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану, сондай-ақ аквашаруашылық саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
2) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлері (каспий итбалығы) бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
3) инвестициялық ахуалды жетілдіру және аквашаруашылық объектілері мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық әлеуетін дамыту;
4) аквашаруашылық субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру үшін аквашаруашылық саласында инновациялық және (немесе) индустриялық технологиялар мен процестердің енгізілуін қолдау;
5) аквашаруашылық саласында ғылымды дамыту, жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
6) ішкі нарықты отандық аквашаруашылық өнімімен молықтыру;
7) аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік ынталандыру;
8) «Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аквашаруашылықтың органикалық өнімі өндірісін дамытуды қамтамасыз ету.
14. Құқықтары мен міндеттемелері:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
2) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тарту;
4) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
5) Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талапарыздар беру;
7) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі – ӘРПК) көзделген жағдайларда өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсету;
8) ӘРПК-да белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту;
9) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
10) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |