• Мое избранное
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 24 қарашадағы № 233-VIII

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық кодексіне (ерекше бөлім):
1-тармақтың 8) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) сәндік-қолданбалы өнер туындылары;»;
«12) компьютерлік бағдарламалар (бағдарламалық қамтылым);»;
2-тармақтағы «ЭЕМ-ге арналған бағдарламаларды», «кез келген тiлде және кез келген нысанда көрсетiле алатын, оларға негiзгi мәтiнді және объектiлiк кодты қоса алғанда, ЭЕМ (оның iшiнде операциялық жүйелер) бағдарламаларының барлық түрлерiне» деген сөздер тиісінше «Компьютерлік бағдарламаларды (бағдарламалық қамтылымды)», «бастапқы мәтін мен объектінің кодын қоса алғанда, кез келген тілде және кез келген нысанда көрсетілуі мүмкін компьютерлік бағдарламалардың (бағдарламалық қамтылымның) барлық түрлеріне (оның ішінде операциялық жүйелерге)» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
138-баптың 64) тармақшасындағы «тауар белгісін» деген сөздер «авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін, тауар белгісін» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
461-баптың 1-тармағы «қызмет көрсету белгілерін» деген сөздерден кейін «, географиялық нұсқамаларды» деген сөздермен толықтырылсын.
4. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын», «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын», «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын, авторлық және сабақтас құқықтардың иелері оның репертуарынан туындылар мен сабақтас құқықтардың объектілерін алып тастаған ұйым» деген сөздер тиісінше «құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі», «Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі», «Репертуарынан авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілер туындылар мен сабақтас құқықтардың объектілерін алып тастаған, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
«деректер базасы», «Деректер базасы», «деректер базасының» деген сөздер тиісінше «дерекқор», «Дерекқор», «дерекқордың» деген сөздермен ауыстырылып, «электрондық» деген сөз алып тасталсын;
«ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға» деген сөздер «компьютерлік бағдарламаға (бағдарламалық қамтылымға)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-1), 15-2), 15-3), 15-4), 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-1) компьютерлік бағдарлама (бағдарламалық қамтылым) – табиғатына орай компьютерлік бағдарлама (бағдарламалық қамтылым) дайындық материалдарының неғұрлым кейінірек кезеңдегі нәтижесі болып табылатын осындай материалдарды қоса алғанда, машина оқитын материалдық жеткізгішке жазу кезінде ЭЕМ-мен белгілі бір міндетті орындау немесе нәтижеге қол жеткізу қамтамасыз етілетін, сөздер, схемалар түрінде немесе бейнелеудің кез келген өзге де нысанында көрсетілген командалар жиынтығы;
15-2) компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) қайта құрастыру – компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) құрылымын зерделеу және оны кодтау мақсатында объектінің кодын бастапқы мәтінге өзгертуді қамтитын техникалық тәсіл;
15-3) компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) немесе дерекқорды бейімдеу – компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) немесе дерекқордың пайдаланушының нақты техникалық құралдарында немесе пайдаланушының нақты бағдарламаларының басқаруымен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ғана жүзеге асырылатын, компьютерлік бағдарламаларға (бағдарламалық қамтылымға) немесе дерекқорға өзгерістер енгізу;
15-4) компьютерлік бағдарламаны (бағдарламалық қамтылымды) немесе дерекқорды түрлендіру (өңдеу) – компьютерлік бағдарламаның (бағдарламалық қамтылымның) немесе дерекқордың бейімделуге жатпайтын кез келген өзгерістері;»;
2) тармақшасының оныншы абзацы Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін осы Заңның 2-бабының 3 тармағына сәйкес редакцияда қолданылады
2) тармақшасының оныншы абзацы осы Заңның 2-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі
«21-1) құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа (бұдан әрі – бірыңғай цифрлық платформа) – сараптама ұйымының құқықтарды ұжымдық басқару саласында оның пайдаланылуына бірыңғай қол жеткізу нүктесін осы Заңға сәйкес ұсынатын цифрлық жүйесі;
21-2) құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы бірыңғай цифрлық платформа субъектісі – құқық иеленуші, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым, пайдаланушы, сараптама ұйымы;»;
40), 41), 42) және 43) тармақшалар алып тасталсын;
45) тармақша «эфирге» деген сөзден кейін «(ретрансляциялауды қоса алғанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
45-1) тармақша «эфирге», «Эфирге» деген сөздерден кейін «(ретрансляциялауды қоса алғанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 8) және 12) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) сәндік-қолданбалы өнер туындылары;»;
«12) компьютерлік бағдарламалар (бағдарламалық қамтылым);»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Компьютерлік бағдарламаларды (бағдарламалық қамтылымды) қорғау бастапқы мәтін мен объектінің кодын қоса алғанда, кез келген тілде және кез келген нысанда көрсетілуі мүмкін компьютерлік бағдарламалардың (бағдарламалық қамтылымның) барлық түрлеріне, оның ішінде операциялық жүйелерге қолданылады.»;
4-тармағының 4) және 5) тармақшалары осы Заңның 2-бабының 1) тармақшасына сәйкес 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 9-баптың 1-тармағында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Автор жарияланбаған туындыға жеке мүліктік емес құқықтарын куәландыру үшін, сондай-ақ құқық иеленуші туындыға айрықша мүліктік құқықтарды иеленгенін растау үшін авторлық құқық қорғалатын не тиісті шарттар қолданылатын мерзім ішінде кез келген уақытта құқықтар туралы мәліметтерді Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне енгізуге құқылы. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізуді сараптама ұйымы жүзеге асырады. Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді енгізу тәртібін, сондай-ақ оған мәліметтер мен осы мәліметтерге өзгерістер енгізілгенін растайтын куәліктің нысанын уәкілетті орган бекітеді.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне бір жеке немесе заңды тұлғалардың тауарларын (көрсететін қызметтерін) басқа жеке немесе заңды тұлғалардың біртектес тауарларынан (көрсететін қызметтерінен) ажыратуға қызмет ететін (арналған) туындыларға құқықтар туралы мәліметтер енгізілмейді.»;
5) 9-1-бап алып тасталсын;
1), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді, өзгерістерді және күшін жоюды енгізеді;»;
«3) Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді және оған қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
4) осы Заңда көзделген құқықтарды ұжымдық басқару саласындағы тізілімдерді қалыптастырады және жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) бірыңғай цифрлық платформаны ендіруді жүзеге асырады, сондай-ақ осы Заңның 44, 46 және 47-баптарына сәйкес құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың және пайдаланушылардың мәліметтерді орналастыруын қамтамасыз етеді;