• Менің таңдаулыларым
Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Назар аударыңыз! Құжат 14.12.2025 бастап күшіне енеді

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 81 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 желтоқсанда № 37507 болып тіркелді

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19682 болып тіркелген);
2) «Кредиттік бюро есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 225 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 99 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30932 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығының статистикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Т. Сулейменов
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 24 қарашадағы
№ 81 қаулысымен
бекітілді
Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағы екінші бөлігі екінші абзацының 48) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын, тізбесін, кезеңділігін және ұсыну мерзімін қоса алғанда, кредиттік бюроның есептілікті ұсыну тәртібі айқындалады.
2. Есептілік «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Веб-порталы» ақпараттық жүйесін пайдалану арқылы электрондық түрде ұсынылады.
3. Кредиттік бюроның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.
4. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін кредиттік бюроның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
5. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.
2-тарау. Кредиттік бюроның есептілікті ұсыну тәртібі
6. Кредиттік бюро Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бөлігінде қарыздар беру, қызметтерді және шартты міндеттемелерді ұсыну туралы шарттардың саны туралы есепті;
2) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есепті ұсынады.
  • 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 24 қарашадағы
№ 81
Кредиттік бюроның
есептілікті ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бөлігінде қарыздар беру, қызметтерді және шартты міндеттемелерді ұсыну туралы шарттардың саны туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: Pril_2
Кезеңділігі: тоқсан сайын
  Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: кредиттік бюро
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын
  БСН: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
1-кесте. Кредиттік тарихтың дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы есеп

Көрсеткіштің атауы

Есепті кезеңдегі кредиттік тарихтың саны

Дерекқор жасалған кезден бастап кредиттік тарихтың өспелі жиынымен саны

1

2

3

4

1

Кредиттік тарихтың жалпы саны, оның ішінде

 

 

1.1

жеке тұлғалар бойынша

 

 

1.2

заңды тұлғалар бойынша


 


 

2-кесте. Ақпарат берушілер бөлігінде қарыздар беру, көрсетілетін қызметтерді және шартты міндеттемелерді ұсыну туралы шарттардың саны туралы есеп

Ақпарат берушінің атауы

Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін, оның ішінде жеке кәсіпкер үшін)

Есепті кезеңдегі қарыздар беру, қызметтерді ұсыну туралы шарттардың саны

барлығы

оның ішінде

жеке тұлғалар бойынша

дара кәсіпкерлер бойынша

заңды тұлғалар бойынша

1

2

3

4

5

6

7

1

Екінші деңгейдегі банктер


 

 

 

 


 

1.1

 


 

 

 

 


 

1…

 


 

 

 

 


 

2

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар


 

 

 

 


 

2.1

 


 

 

 

 


 

2…

 


 

 

 

 


 

3

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар


 

 

 

 


 

3.1

 


 

 

 

 


 

3…

 


 

 

 

 


 

4

Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар


 

 

 

 


 

4.1

 


 

 

 

 


 

4…

 


 

 

 

 


 

5

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы


 

 

 

 


 

6

Коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополия субъектілері


 

 

 

 


 

6.1

 


 

 

 

 


 

6…

 


 

 

 

 


 

7

Коллекторлық агенттіктер


 

 

 

 


 

7.1

 


 

 

 

 


 

7…

 


 

 

 

 


 

8

Ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге тұлғалар


 


 


 


 


 

8.1


 


 


 


 


 


 

8…


 


 


 


 


 


 

 

Барлығы


 

 

 

 


 

кестенің жалғасы:

Есепті кезеңдегі шартты міндеттемелер бойынша шарттардың саны

Дерекқор жасалған кезден бастап қарыздар беру туралы шарттардың өспелі жиынымен саны

барлығы

оның ішінде

барлығы

оның ішінде

жеке тұлғалар бойынша

дара кәсіпкерлер бойынша

заңды тұлғалар бойынша

жеке тұлғалар бойынша

дара кәсіпкерлер бойынша

заңды тұлғалар бойынша

8

9

10

11

12

13

14

15

кестенің жалғасы:

Дерекқор жасалған кезден бастап шартты міндеттемелер бойынша шарттардың өспелі жиынымен саны

Ақпарат берушінің дерекқордағы ақпаратты соңғы жаңартқан күні

барлығы

оның ішінде

жеке тұлғалар бойынша

дара кәсіпкерлер бойынша

заңды тұлғалар бойынша

16

17

18

19

20

  Атауы ______________________________________
  Мекенжайы __________________________________________________
  Телефоны ________________________________________
  Электрондық пошта мекенжайы _________________________
  Орындаушы ________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
  _______________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
  Күні 20__ жылғы «____» ______________
Ескертпе: нысан «Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бөлігінде қарыздар беру, қызметтерді және шартты міндеттемелерді ұсыну туралы шарттардың саны туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
«Кредиттік тарих дерекқорындағы
кредиттік тарихтың саны туралы және
ақпарат берушілер бөлігінде
қарыздар беру, қызметтерді және
шартты міндеттемелерді ұсыну туралы
шарттардың саны туралы есеп»
әкімшілік деректерді өтеусіз негізде
жинауға арналған нысанына
қосымша
«Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бөлігінде қарыздар беру, қызметтерді және шартты міндеттемелерді ұсыну туралы шарттардың саны туралы есеп» (индексі Pril_2, кезеңділігі – тоқсан сайын)
 әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде «Кредиттік тарих дерекқорындағы кредиттік тарихтың саны туралы және ақпарат берушілер бөлігінде қарыздар беру, қызметтерді және шартты міндеттемелерді ұсыну туралы шарттардың саны туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысан тоқсан сайын жасалады және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырылады.
3. Нысанға орындаушы және басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. 1-кестенің 3-бағанында есепті кезеңде кредиттік тарихтың дерекқорына енгізілген кредиттік тарихтың саны көрсетіледі.
5. 1-кестенің 4-бағанында дерекқор жасалған кезден бастап кредиттік тарихтың дерекқорына енгізілген кредиттік тарих саны өспелі жиынымен көрсетіледі.
6. 2-кестенің 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-бағандарында есепті тоқсан ішінде кредиттік бюроның дерекқорына келіп түскен қарыздар беру, қызметтерді және шартты міндеттемелерді ұсыну туралы шарттардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
7. 2-кестенің 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-бағандарында дерекқор жасалған кезден бастап кредиттік бюроның дерекқорына келіп түскен қарыздар беру, қызметтерді және шартты міндеттемелерді ұсыну туралы шарттардың өспелі жиынымен саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
8. 2-кестенің 20-бағанында ақпарат берушінің дерекқордағы ақпаратты соңғы жаңартқан күні көрсетіледі.
9. 2-кестенің 3-жолында «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар бойынша мәліметтер көрсетіледі.
10. 2-кестенің 4-жолында жүйелендiрiлген белгiлерi «Тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын жеке кәсiпкерлердiң немесе заңды тұлғалардың жүйелендiрiлген белгiлерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қаңтардағы № 25 қаулысында айқындалатын тауарларды және көрсетiлетiн қызметтердi кредитке өткiзетiн не төлемдердiң мерзiмiн ұзартатын дара кәсiпкерлер немесе заңды тұлғалар бойынша мәліметтер көрсетіледі.
  • 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2025 жылғы 24 қарашадағы
№ 81
Кредиттік бюроның есептілікті
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: Pril_3
Кезеңділігі: тоқсан сайын
  Есепті кезеңі: 20___жылғы «__» ________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: кредиттік бюро
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын
  БСН: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде

Клиенттің атауы

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін, оның ішінде дара кәсіпкер үшін)

Негіз

Қызметтің атауы

Қызмет құны, мың теңге

Қызмет көрсету күні

1

2

3

4

5

6

7

1.

1-қызмет түрі


 

 

 

 

 

1.1

 


 

 

 

 

 

1…

 


 

 

 

 

 

2.

2-қызмет түрі


 

 

 

 

 

2.1

 


 

 

 

 

 

2.2

 


 

 

 

 

 

2…

 


 

 

 

 

 

Қызмет түрі …


 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

Барлығы


 

 

 

 

 

  Атауы ______________________________________
  Мекенжайы __________________________________________________
  Телефоны ________________________________________
  Электрондық пошта мекенжайы _________________________
  Орындаушы ________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
  _______________________________________ _____________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
  Күні 20__ жылғы «____» ______________
Ескертпе: нысан «Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады.
«Есепті тоқсан ішінде қызметтің
қосымша түрлерін жүзеге асыру
нәтижелері туралы есеп»
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде жинауға
арналған нысанына
қосымша
«Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп» (индексі Pril_3, кезеңділігі – тоқсан сайын)
 әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірмеде «Есепті тоқсан ішінде қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыру нәтижелері туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
2. Нысан тоқсан сайын жасалады және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырылады.
3. Нысанға орындаушы және басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. 2-бағанның 1 және 2-жолдарында «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағында көзделген, соның шеңберінде есепті тоқсан ішінде қызметтер көрсетілген қызметтің қосымша түрлерінің атаулары көрсетіледі.